Жас болса да, бас болғандар

Жас болса да, бас болғандар

Биылғы 12 тамыздан бастап келесі жылдың 12 тамызына дейін БҰҰ-ның Халықаралық жастар жылы аталып өтпек. Бүгінде 25 жасқа дейінгі миллиардқа жуық әлем жастарының 500 миллионнан астамы кедейшілікте өмір сүріп жатыр. Дүниежүзі жастарының арасында 81,2 миллион адам, яғни 13,1 пайызы жұмыссыз. Дегенмен көптеген елде демократиялық сайлау жолымен билікке келген жас президенттер баршылық. Бағы жанған жас буын президенттері көбіне Африка, Латын Америкасы, Еуропа елдерінен, атап айтқанда, Конго, Того, Гамбия, Сальвадор, Панама, Эквадор, Мексика, Ресей, Гүржістан, Македония сияқты мемлекеттерден көзге шалынады.

   

 

«Қара құрлықтағы» «мұрагер» президенттер
Саяси билігі тұрақсыз Африка елде­рінде жас президенттер билікке алғаш әс­кери төңкеріс жолымен және әкесінен қал­ған билікті ұстап қалу арқылы келіп отырады. Мәселен, Конго Демократиялық Республикасының төртінші Президенті Жозеф Кабила (1971 жылы 4 маусым) дүниедегі ең жас президенттердің бірі бо­лып саналады. Жасынан Уганда мен Руан­да­да, кейіннен Пекиннен әскери білім ал­ған ол әкесі басқарған Конгоны азат ету кө­терілісіне, бірінші және екінші Конголез со­ғысына белсене қатысып, саяси өмірге әб­ден ысылып өседі. 2001 жылы әкесі Ло­ран Кабиланың өлімінен кейін билікке келген 30 жастағы Жозеф Кабила елден ше­телдік әскери күштерді түре қуып, Кон­гоның тәуелсіздігі жолындағы екінші Кон­го­лез соғысын аяқтау жөніндегі бітімге қол жеткізеді. Дегенмен көтерілісшілер то­бынан, азаматтық оппозиция және рес­ми үкімет өкілінен тұратын төрт вице-пре­зи­денттің оның билігінің шектеулі екенін көр­сетеді. Протестант Жозеф Кабила ка­то­лик дініндегі Олив Лембе ди Ситамен отау құрған.
38 жасында Того елінің Президенті атанған Фауре Гнассингбенің (1966 жылы 6 маусым) тағдыры Кабиламен ұқсас. Ол да әкесі қайтыс болған соң, қолда тұр­ған билікті заңдастыру үшін тез арада сай­лау өткізіп, жеңіске жетеді. АҚШ-та Джордж Вашингтон университетінен ме­неджмент мамандығы бойынша білім ал­ған Фау­ре Гнассингбе депутат, министр қыз­мет­те­рін атқара жүріп, әкесі құрған «То­голез хал­қының бірлігі» билеуші пар­тия­сын бас­қарады. Президент атануға жа­сы жет­пей­тіндіктен, ел конституциясы өз­гер­ті­ліп, үміткердің жасына қойылатын талап 45 жастан 35 жасқа дейін төмендетілген екен. Дегенмен сайлауда аты озған Гнас­синг­бенің билігі заңды. 1994 жылы әс­кери төңкеріспен Гамбияның билік ба­сы­на келген 29 жастағы Яхья Джамех (1965 жылы 25 мамыр) көп ұзамай өткі­зіл­г­ен сай­лауларда ел президенттігіне екі мәрте сай­ланған. Әскери салада шың­да­лып, жандармерияда білім алған Яхья ал­ға­шында жоғары лауазымды тұл­ға­лар­дың vip-күзетшісі болып істепті. Ке­йін­нен Гамбияның президенттерінің күзетін бас­қара жүріп, төңкеріспен билікті басып ал­ған оған әзірге тең келер қарсылас жоқ. Ис­лам дінін ұстанатын Яхья Джамехтің өзінің сөзіне сенсек, жергілікті шөптермен СПИД және демікпе ауруларын емдей алатын көрінеді.

Миссионер президент
2006 жылы Эквадор президенттігіне сайланған кезде 43 жаста болған Рафаэль Кор­реа (1963 жыл 6 сәуір) былтыр екінші мерзімге сайланып алды. Испан, ағылшын, француз тілдерін еркін меңгерген Рафаэль Кор­реа кечуа үндістерінің тілін де бір кі­сідей біледі. Өйткені ол жас кезінде кечуа үн­дістерінің арасында ерікті миссионер бо­лып дін таратқан екен. 2006 жылы Мек­­сика президенттігіне сайланған Фе­ли­пе Кальдерон да (1962 жыл 18 та­мыз) – эк­вадорлық әріптесінің түйдей құр­дасы. Еу­ропадағы ең жас президент бо­лып есеп­телетін Гүржістан басшысы Ми­­хаил Саака­швили (1967 жыл 21 жел­тоқсан) 2004 жылы билікке келген кезде қы­рық­тың қырқасына жаңа толған еді. Биыл Бри­танияның үкімет басына келген 43 жас­тағы Дэвид Кэмерон (1966 жыл 9 қа­зан) 1812 жылдан бергі ел тарихындағы ең жас Премьер-министр болып танылды. Сол сияқты 2008 жылдан бастап Ресей Пре­­зиденті болған Дмитрий Медведев (1965 жыл 14 қыркүйек) 1917 жылы 36 жасында Уақытша үкіметті басқарған Алек­­сандр Керенскийді есепке алмағанда, Ре­­сей тарихында ең жас президент болып са­­налады. АҚШ-тың 44- президенті Ба­рак Обаманы да (1961 жыл 4 тамыз) жас пре­зи­денттердің қатарына қосуға бо­лады.

Кадыровтың президент атанғысы келмейді
2007 жылы Ресей құрамындағы Ше­шен­стан­ның Президенті болып сайланған кез­де Рамзан Кадыров (1976 жыл 5 қазан) 31 жаста болатын. Сонымен бірге ол Ре­сей­дің ең жас генералы болып саналды. Сол Рамзан Кадыров жақында Шешенстан Пар­ламентіне ресми хат жолдап, Ресейде бір ғана президент болу керектігін ай­тып, ал өзін президент атауынан басқа лауазым­дармен атауды ұсынды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста