Жастардың қару ұстауы қатерге бастамай ма?

Жастардың қару ұстауы қатерге бастамай ма?

Қазір елімізде отпен, яғни оқпен ойнайтын жасөспірімдердің көптігі жиі айтылады. Әрдайым да отандық БАҚ бесіктен белі шықпай жатып жанына тапаншасын серік еткен мектептердегі «мини-бандиттер», колледж қабырғасында жүріп-ақ суық қаруды жастанып жататын «мини-мафия» өкілдері пайда болғанын мәселе етіп көтеріп келеді. Сонда да түрлі шетелдік фильмдердің басбұзар кейіпкерлерінің образына кіріп алған жастар арасында «ствол», «Оса», газды пневматикалық тапанша, газ баллоны сынды қаруларды ұстау сәнге айналып, қалыпты жағдайдай әсер ететін болып барады. Мұның арты неге апарады? Бұл жайттың алдын қалай алуға болады? Бұл сұрақтардың өзектілігін ой таразысына таразылап көрелікші.

АҚШ мысалы...
«Қылыш үстінде серт жүрмейді». Бұлай айтуымыздың себебі – мамандар суық қару психологиялық тұрғыдан азамат­тар­ды қылмысқа итермелейтінін айтады. Оның мысалы ретінде қаруды еркін сау­далайтын АҚШ-тағы екі жайтты айтсақ та же­тіп жатыр. 2012 жылдың соңғы айла­рын­да АҚШ-тың Коннектикут штатында 20 жасар Адам Ланза есімді азамат мектептегі 20 бала мен 6 ересекті ажал құштырған. Екінші жайт та 2012 жылы орын алған. Колорадо штатының Аврора қаласында «Бэт­мен» туралы фильмнің премьерасы кезін­де бетін бүркеп алған азамат көпші­лік­ке оқ атып, 14 адамды мерт қылып, 50 адам­ды жаралап кеткен. Осы қылмыстар­дан кейін АҚШ-тың Нью-Йорк секілді кейбір штаттарының губернаторлары қару сатуды шектейтін заңға қол қойып үлгерді.
Бізде...
Әрине, бұл жайттар бізге де суық қаруды­ қадағалауды күшейтудің қажеттілі­гін аңғартатын секілді. Өйткені өткен жыл­дар­дағы Тараздағы лаңкестік салдары, Ақсай шат­қалындағы қанды қырғын ел есінен шыға қойған жоқ.  Мұның сыртында жеке­ле­ген қанды оқиғаларды тізбелеп беруге болады. Мысалы, 2012 жылы ОҚО-да 14 жасар бала абайсызда 15 жа­сар баланы қақ маңдайдан атып өлтірді. Қа­рағандыда 18 жасар студентті дәмхана­ның жанында бозбала атып кеткен оқиға да есімізде. Қазір жастар арасындағы қылмыстардан мұндай мысалдарды көптеп келтіре беруге болады. Десек те, осы оқиғалардың өзі қару­дың кім көрін­геннің қолына түспеуін қолға алу керектігін аңғартса керек. Се­бебі статистикалық мәліметтерге сүйен­сек, 2012 жылдың 12 айында еліміздегі тіркелген қылмыстар деңгейі 2011 жылмен салыстырғанда 39,1 пайызға (206 801-ден 287 681-ге) өскен екен. ҚР Бас проку­ра­турасы Құқықтық статистика және ар­найы есепке алу жөніндегі комитеттің есебі бойынша өткен жылға қарағанда тікелей қарумен іске асатын қылмыс түр­лері: бұ­зақылық – 63,1 пайызға, тонау 11,8 па­йыз­ға (18 117-ден 20 259-ға) арт­қан көрінеді.
Жастарға қару не үшін қажет?
Нақты мәліметтерге сүйенсек, жастар көп шоғырланған бір ғана Алматы қала­сының өзінде жылына 4 мыңға жуық трав­матикалық қару сатылады екен. Сонымен қатар Ішкі істер органдарының мәліметінше, Алматыда тікелей жасөспі­рім­дердің қаты­суымен орта есеппен әр жыл сайын 1500-ден астам түрлі қылмыс тіркелетін көрінеді. Оны былай қойғанда, елімізде «Оса» тапаншасын кез келген кә­ме­леттік жас­қа толған азамат сатып ала ала­ды. Мәсе­лен, еліміздегі қару дүкен­дерін­де газ баллоны­ның құны 900-2700 теңге аралығында бол­са, газды пневмати­калық тапаншаны бар болғаны 9 мыңнан 27 мың теңгеге дейін алуға болады. Яғни қа­зір біз жастар­дың, ел азаматтарының қару ұстауына мүмкіндік туғызып отырмыз. Сөй­те тұра ҚР ҚК-ның 257-бабы 3-тар­ма­ғын­да аталған қаруларды қылмыстық іске пай­даланған азаматтар қылмыстық жазаға тар­тылатыны жазылған. Бұл жайт қасқырды қойдың отарына қосып, «мына қойларға тиісетін болсаң, жазалай­мын» дегенімен бірдей емес пе?
Бақытбек Смағұл, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
– Бізді қорғайтын өзіміздің ішкі әскеріміз бар. Мемлекет әр адамның конституциялық құқығын қорғауы үшін олардың қолына қару беріп отыр. Сон­дық­тан да қорғаныс мәселесіне келгенде ішкі істер органдарына сеніммен қараға­ны­мыз жөн. Ал өзімді қорғаймын деп түрлі тапанша түрлерін сатып алып, ішімдік іш­кен соң, біреудің өмірін зая ету кімге керек? Мысалы, шекарашылардың өзіне қару-жарақты санаумен береді. Заң бойынша шекараға қауіп төніп, төтенше жағдай орын алса ғана қару қолдана алады. Сөйте тұра ел ішіндегі байшыкеш­тердің бала­лары, түрлі бұзақы жасөспірімдер мылтық­та­рын қалталарына салып алып, ресто­рандарда қолданып, тіпті өзіміздің поли­­цей­лерді атып тастап жатыр. Меніңше, осындай жайттардың алдын алудың жолын қарастыруымыз қажет. Оларға қару не үшін қажет? Қарумен жүруіне не себеп? Осы сауалдарға жауап табалық. Мылтық, тапанша, тіпті пышағы бар азаматтың өзі қыл­мыс жасауға ұмтылып тұрады. Пышақ­ты көрсеттің бе, соңында ол адамды жа­рала­май тоқтамайды. Сондықтан да қару елді қорғайтын азаматта ғана болуы керек деп есептеймін. Бұл орайда заңдық тұрғы­да ел азаматтарына ішкі істер органдары қару­ды әрдайым да өздерімен алып жүре ал­майтыны секілді жүйе жасау қажет сияқ­ты. Мысалы, аң аулауға кетіп бара жатқан адам, ішкі істер орындарына барып, өзінің аң аулайтыны жөнінде мәлімет беретін бол­са... Бұл жайт бір жағынан аза­мат­тардың жауапкершілігін арттырар еді.

Қару сатып алу талаптарын қатайту қажет
Жалпы, ел азаматтары қаруды «Жеке­ле­ген қару түрлерінің айналымына мемле­кет­тік бақылау жасау туралы» Заңның 15-бабындағы тәртіпке сәйкес, ҚР азамат­тары тұрғылықты мекенжайы бойынша ішкі істер органдарынан азаматтық қару түрін (үш түрі бар: өзін-өзі қорғау, аңшы­лық, спорттық мақсаттағы) иемдену тура­лы рұқсат алу арқылы ала алады. Ол аза­маттың 18 жасқа толуы міндетті. Осы 18 жасты ұлғайтып, 25 жасқа толғаннан кейін деп өзгерткен жөн дейді мамандар. Себебі 18 жаста жасөспірім жеткіншек ұрыншақ, қызба, намысқой болады. Бұл кезеңде албырт жастар ақылға емес, көбіне сезімге бой алдырып жататын көрінеді.  Сонымен қатар заң бойынша психикалық ауруға шалдыққан, қоғамдық тәртiптi өрескел бұзатын, тиiстi есепте тұрған маскүнем не­месе нашақор, қасақана қылмыс жасағаны үшiн сотталғандығын өтемеген немесе оны­сы заңмен белгiленген тәртiпте алын­ба­ған, қылмыс жасағаны үшiн қылмыстық жауапқа тартылған, тұрақты тұратын ме­кенi жоқ азаматтар қару сатып ала алмай­ды. Мұнымен қоса, азамат қарулы болған­нан кейін бір аптаның ішінде тұрғылықты ме­кенжайдағы ішкі істер органдарында тір­кеуден өтуі тиіс. Бірақ та барлық азамат­тар заң нормаларын мүл­тіксіз орындап, заңға сәйкес әрекет етпей­тін көрінеді. Сол себепті де қару сатып ал­ған азаматтардың тіркеуге тұрған, тұр­­ма­ғанын әрдайым тексеріп отыру ісін жүйелеу қажет.

Түйін
Ел келешегіне баланатын бозба­ла­лар­дың бәрін кінәлаудан аулақпыз. Де­сек те, «бір мылтықтың аузына мың кісі сыяды» деген ата сөзін ұмытпаға­ны­мыз жөн. Ел азаматтарының жаппай қаруға қол жеткізуі түбі жақсылыққа апармайтынын да естен шығармалық. Егер де бұл мәселеге тереңдей үңіле алмасақ, «құланның қасуына мыл­тық­тың басуы» дөп келуі мүмкін. Өйт­кені қазақта «Оқтаулы мылтық мың күн тұрса, өзі атылады» деген де аталы сөз бар. Біздің айтпағымыз – осы.

Тақырыпқа орай
АҚШ әлемдегі қару-жарақтың – 30, Ресей – 24, Германия – 9, Франция  8 пайызын өндіреді.
БҰҰ сарапшылары Ресей өзі өндірген қару-жарағының тең жартысын сенімсіз елдерге сатып (13,5 млрд доллар), дүниежүзіндегі қауіпсіздікке нұқсан келтіріп отырғанын айтады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының екі жылғы бюджетін құрайтын қаржыны әлем елдері қару-жарақ сатып алу үшін бір күнде жұмсайды екен.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста