Зиярат туризмін қалай дамытамыз?

Зиярат туризмін қалай дамытамыз?

Соңғы жылдары жұрттың бәрі тарихи-діни орындарға барып, зиярат етеді екен дегенді жиі естісек те, өзіміз көзбен көрмегеннен кейін бұған аса мән бере қоймайтынымыз – шындық. Таяуда Оңтүстік Қазақстан облысындағы белгілі Сарыағаш шипажайында демалудың сәті түсіп, расында да, ол жаққа барғандардың зиярат туризміне деген қызығушылығының зор екенін байқадым. Көпшілік қауымның Оңтүстік Қазақстандағы әйгілі кесенелерді көріп, оған зиярат етуге деген ниетін сәтті пайдаланған кейбір жекеменшік туристік компаниялардың өкілдері сенбі, жексенбі күндері шипажайға еліміздің түкпір-түкпірінен барған демалушыларды саяхатқа алып шығады екен.

Әрине, жекеменшік туристік фирмалардың көздегені – қаржы табу. Дегенмен әр демалушы қалтасынан қаржы шығарғаннан кейін қызмет көрсетудің де жоғары дәрежеде болғанын талап ете алады. Қазіргі уақытта зиярат туризмін дамытуға кім қашан ақша береді, мемлекет мұндай тарихи орындарды қашан қамқорлығына алады, зиярат туризмін ретке келтіреді деп күтіп отыратын болсақ, шетелдік туристер тұрмақ, өз еліміздің тұрғындары да жерімізде бар рухани құндылықтармен таныс болудан қалады. Зиярат туризмі көптеген мұсылман елдерде жақсы дамыған. Қажылыққа барудың өзі – зиярат туризмінің бір түрі. Мұсылман елдеріндегі зиярат туризмі мемлекеттің және діни басқармалардың тікелей қамқорлығында. Ал бізде зиярат туризмі – діннің жөн-жосығын білетін адамдардың назарынан тыс қалғандықтан, халықтың діни сауатсыздығын пайдаланып, қалталарын қампайту үшін киелі жерлерді ойыншыққа айналдырған алаяқтар халықты адастырып жүргені баршамызға аян. Сондықтан әрқайсымыз қазіргі дінге деген көзқарас әлдеқайда жөнделіп қалған уақытта сауатсыздық танытпай, зиярат туризмімен айналысатын жекелеген компанияларға талап қойып, олардың арасында бәсекелестік тудыруға күш салуымыз керек. Біздегі бір нашар қасиет – өз жеріміздің құндылықтарына өз қолымыз әрең жетсе де, әлі күнге құлдық санадан арыла алмағандықтан, оған біреудің заты секілді немкетті қараймыз. Қазақстанның әрбір азаматы еліміздің рухани құндылықтарына өз үйіндегі мүлкі секілді қарауға дағдылана алмай келеді. Киелі жерлерге барғанда тазалық сақтауды, ластамауды, кесенелердің қабырғаларын сызып, құнды дүниелерге зақым келтірмеуді неге ойланбаймыз?

Қазіргі зиярат туризмімен айналысып жүрген жекелеген фирмалар көрсететін қызмет түрлеріне аз-кем тоқталар болсақ, олар саяхатшыларды көлікпен қамтамасыз етеді, жолдың бағытын түсіндіре отырып, саяхатшыларға тарихи орындар туралы аңыз-әңгімелер айтып, тарихи деректі фильмдердің дискісін көрсетеді. Сондай-ақ таңертеңнен кешке дейін созылатын саяхат толықтай бейнетаспаға түсіріледі. Әр саяхатшы өз қалауы бойынша дискіні сатып алуына болады. Біздің еліміздегі зиярат орындары негізінен Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқандықтан, осы өңірде жоғарыдағы қызметтерді көрсететін шағын туристік фирмалар жиірек кездеседі.

Қуаныш АЙТАХАНОВ, Сенат депутаты:
– Біздің елімізде тарихи ескерткіштер, тарихи орындар өте көп. Бұлар түгелдей есепке алынған. Бірақ осындай тарихи орындарымызды туризмнің игілігіне толығымен айналдыра алмай отырмыз. Қазақта қасиетті ата-бабаларымыздың басына барып зиярат ету ежелден бар. Зиярат та – туризмнің бір түрі. Айталық, Оңтүстік Қазақстандағы тарихи орындарды былайша топтастырып: «Сайрамда бар сансыз баб, Түркістанда түмен баб, Отырарда отыз баб, бабтардың бабы – Арыстан баб», – деп жатады. Бұлар – ертеден келе жатқан, барша мұсылмандар зиярат жасайтын орындар. Еліміздің оңтүстігіндегі Отырар, Сығанақ, Сауран, Түркістан секілді көне қалалардың барлығын туристік нысанға айналдыруымыз керек. Бізде туризмді дамытуға деген ниет бар, туризмге қатысты «Жаңа түлету», «Шарбақ» секілді бағдарламалар да жасалған. Тек соңғы жылдардағы қаржы дағдарысына байланысты жүйелі түрде жұмыс атқарылмай келеді. Егер зиярат туризмін дұрыс дамытатын болсақ, жергілікті кәсіпкерлер де жақсы пайда табар еді.

Туризм – экологиялық таза индустрия. Сондықтан біздің елімізде зиярат туризмі, жаяу туризм, экотуризм, тау туризмі, су туризмі секілді туризмнің қай түрін дамытсақ та, одан ұтылмаймыз. Егер мемлекетіміздің өз ішінде зиярат туризмін ретке келтіріп алсақ, болашақта кез келгеніміздің қалауымызбен басқа да мұсылман елдеріндегі тарихи орындарға саяхат жасауымызға мүмкіндік туары сөзсіз.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста