Жириновский қашанғы "сандырақтай" береді

Жириновский қашанғы "сандырақтай" береді

«Қазақстанды, қала берді Орталық Азия мемлекеттерін қоса Ресейге қарату керек». Бұл Ресейдегі саясаткер Жириновскийдің кезекті сандырағы. Бұған не дейміз? Орыстан басқаның басындағы бағын көре алмайтын, өзге ұлтты орыстан ұдайы төмен санайтын сайқал саясаткердің мұндай сандырағына тағы көз жұма қараймыз ба?
Әсілі, Украинадағы ахуал, ондағы орыс мүддесін қорғаштайтын саясаткерлердің «айрандай абыройы»  ресейлік біраз әсіре ұлтшылдардың шамбайына қатты батса керек-ті. Алдымен Лимонов атты «бақырауық» тағы бір безбендеп, Қазақстанға, оның ішінде елдің теріскейіне қарай от тастап өтті: «Қазақстанның солтүстік облыстарын Ресейге қосып алу керек» деп. Жә! Ол айта берсін, ауыз өзінікі. Әлемді шекарасыз шарлай беретін әлеуметтік желіде не айтылмай жатыр. Біз де айтқыштар бар! Олар да айтысып қалсын. Лимоновтан асыра айтсын! Сонда не болады? Сөйтіп, ауыз өзімдікі дегендерге сөз де, сот та жоқ, бұл заманда. Сот бар болса аузына келгенін айтпай қалса ауруы асқынатын Лимоновтарға неге қақпақ қоймайды?
Айтпақшы, дәл осыны сұрап еліміздің Сыртқы істер министрлігі ресейлік әріптестеріне нота жіберген-ді. «Біз Эдуард Лимоновтың Қазақстанның солтүстік облыстарын Ресейге қосу туралы мәлімдемесін назарға алдық. Лимонов мырза Ресей Федерациясының ресми тұлғасы болып табылмайтындығын және оның еркін білдірмейтіндігін түсінеміз", - делінген министрліктің хабарламасында. Сондай-ақ, СІМ саясаткер мәлімдемесінің ешбір негізі жоқ және тек күлкі үшін айтылған дүние деп қабылдауға болатынын жеткізді. Дегенмен, министрлік Ресей Федерациясының атына ресми нота жолдап, Лимоновқа қатысты олардың ресми түсінігін алуды ұйғарып, нотаны дипломатиялық арналар арқылы жолдаған. Бұл ретте Сыртқы істер министрлігі: "Лимоновтың әңгүдік мәлімдемесіне назар аудармай, "ит үреді, керуен көшедінің" кейпін жасауға болар еді, бірақ мемлекеттің егемендігі мен жерінің біртұтастығына күмән келтіретін сөздерден кейін өз жауабын беру жөнінде шешім қабылданды. Егер Лимонов мырза өзге тақырыптарды сөз еткен болса, біз оған тіпті мән бермес едік, алайда мемлекеттің егемендігі мен жерінің біртұтастығы сынды қасиетті ұғымдар туралы сөз болғандықтан, біз бұны жауапсыз қалдырмауды ойладық", – деп мәлімдейді қазақстандық сыртқы саясат ведомствосы.
Осылайша,  Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі секілді «сол Лимоновты қойшы» деп отыра беруге де болар еді. Бірақ, осының артын ала теріскейдегі  арандатқыш ауыздан және бір дақпырт тарады. Бұл ауыздың басқа ауыздан ерекшелігі - бұл Ресейдің «ресми ауызы».  Бұған дейін де бейпіл сөйлеп, берекесіздікті тілеп тұратын ауыз - білдей бір Думаның депутаты, білдей бір партия жетекшісі, фракция төрағасы, ең ақыры білдей бір елдің Парламентінің вице-спикері Жириновскийдің ауызы. Осы «ресми ауыздан» Қазақстанның тәуелсіздігіне, тұтастығына қарсы тағы бір мәлімдеме жасалды.
Қазақстан халқының намысына тиетін мұндай мәлімдемеге біраз жұртшылық әлбетте наразы. Кезекті рет «Жириновскийді қойшы» дейтін де жайт емес. Еліміздің егемендігіне, Тәуелсіз елге ешкімнің қол сұғуына құқы жоқ, ең бастысы ондай арандатқыш пиғылды жұртшылық арасына себушілерге қатысты нақты әрекет болуы шарт. Оның үстіне Дума вице-спикері секілді ресми тұлғаның тарапынан жасалатын ондай сандырақ мәлімдемелерге үнсіз қарап отыру ақылға қонымсыз. Халықаралық тәжірибелер де, әлемдік дипломатия да мұндай мәлімдемелерге көз жұмуды "жақтырмайды". Сондықтан да,  Ресей Думасымен дос қазақстандық депутаттар да қарап қалмаса деп едік. Қарап қалмады. Бүгін Мәжілісте Сыртқы істер министрлігіне арнайы сауал жолданып, онда жоғарыдағы Жириновский мен Лимоновты Қазақстанға кіре алмайтындардың «қара тізіміне» қосу мәселесі көтерілді. Ең бастысы Парламент Мәжілісінің депутаттары "Ресей Владимир Жириновскийдің мәлімдемесін ресми түрде жоққа шығаруы керек", – деді.
"Жириновскийдің арандатқыш мәлімдемесі жария түрде Ресей Федерациясының реми өкілдерімен жоққы шығарылуы тиіс. Біз, сондай-ақ ҚР Сыртқы істер министрлігін Жириновский мен Лимонов мырзаны Қазақстанның аумағына кіруге тыйым салынған тұлғалар тізіміне енгізуге шақырамыз ", – дейді депутат Николай Логутов.
Осы ретте Логутов мырза Сыртқы істердің Лимонов мәлімдемесіне байланысты  оның ресми статустағы тұлға еместігіне, сондықтан Ресей атынан мәлімдеме жасай алмайтынына қатысты ақпаратына тоқталып, «ал мына жағдайда әлгіндей арандатқыш комментарий жоғары ресми тұлға тарапынан жасалды ғой» дегенді алға тартады.
"Біздің ойымызша, Жириновскийдің мұндай жұрт алдындағы мәлімдемесі үлкен жауапкершілікке жүк болуы керек. Жириновский мырза партия атынан біздің Отанымыздың егемендігі мен тәуелсіздігіне қол сұғатын мәлімдеме жасап, тіпті шектен шығып отыр. Мұндай кез-келген қол сұғушылыққа лайықта жауап қайтарылуы, тойтарыс берілуі керек", – делінген депутаттық сауалға Қазақстан Парламенті Мәжілісіндегі үш фракцияның төрағалары мен Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттары қол қойған. Айтпақшы, бұған дейін дәл осы мәлімдемеге қатысты экс-сенатор Ғани Қасымов «Жириновскийді саяси қайраткер болу құқығынан айыру керек» деп мәселе көтерген еді.
Дегенмен, бүгінге дейін Ресей сыртқы саясат ведомствосы бұл жағдайға соншалықты маңыз бермейтіндей. Мәселен, күні кеше Ресей Сыртқы істер министрлігінің мамандары Мемлекеттік дума депутаты, ЛДПР лидері Владимир Жириновскийдің Ортазиялық округ құру туралы мәлімдемесіне түсінік беріп, онда екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастыққа саясаткердің сөзі сызат түсірмейтініне сенім білдіріпті. "Қарым-қатынастардың дамуы 2013 жылғы 11 қарашада қол қойылған Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы ХХІ ғасырдағы тату көршілестік және одақтастық туралы келісімде одан әрі жалғасын тапты. Осы салмақты құқықтық негіздің біздің қатынастарымызды саясаткерлердің қауіпті, абайсыз мәлімдемелерінен сақтауға мықты қорған бола алатынына сенімдіміз", – деп жауап берген көрінеді ресейлік ведомство өкілдері Жириновскийдің пікіріне қатысты ресми көзқарас туралы сұраған Tengrinews.kz журналисіне.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста