Жоғары оқу орындарын жекешелендірудің заңдылығы тексеріледі

Жоғары оқу орындарын жекешелендірудің заңдылығы тексеріледі

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар, Бас прокуратура, БҚДА, ҚМА және басқа да ведомстволар басшыларының қатысуымен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Рrimeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Қатысушылар жоғары білім саласындағы бұрын жеке меншікке өткен кейбір активтерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесін талқылады.

 

Премьер-Министр құзырлы мемлекеттік органдарға тиісті құжаттар мен шарттарды тексеріп, олардың заңдылығына құқықтық баға беруді тапсырды. Бұл ретте Әлихан Смайылов аталған оқу орындарындағы оқу процесінің толық тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттілігіне тоқталды, өйткені басталған тексеру студенттерге де, университет қызметкерлеріне де қатысты емес.

 

Кеңесте Қарағанды облысының 30-ға жуық елді мекенін электр қуатымен қамтамасыз етіп отырған жекеменшік энергетикалық компанияның жұмысы да қаралды.

 

Кәсіпорын меншігіндегі электр желілерінің әбден тозығы жеткені атап өтілді. Осы ретте жөндеу жұмыстары жүргізілмейді әрі апаттық бригадалар тапшы. Жалпы тексеру барысында анықталған бұзушылықтар жойылмаған. Осыған байланысты жергілікті тұрғындар электр қуатының жиі себепсіз өшіп қалуына, электр қуатының тапшылығына, кері байланыстың толық болмауына және тағы басқа мәселелер бойынша шағымдар айтуда.

 

Әлихан Смайылов кәсіпорынға қатысты жиналған материалдарды талдау және қалыптасқан жағдайға құқықтық баға беру үшін Бас прокуратураға беруді тапсырды.

 

Сондай-ақ кеңес барысында теміржол көлігі саласында да бірқатар монополияға қарсы шараларды жүзеге асыру мәселесі қаралды.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста