Баланың мектепке даярлық деңгейін анықтау үшін ата-аналарға көмек

Баланың мектепке даярлық деңгейін  анықтау үшін ата-аналарға көмек

Әрбір дұрыс жауапты бір балмен белгілеңіз.
1. Қалай ойлайсыз, сіздің балаңыздың бірінші сыныпқа барғысы келе ме?
2. Мектептен қызықты және жаңа нәрселерді үйренеді деп есептейсіз бе?
3. Сіздің балаңыз біраз уақыт ішінде (15-20 минут) қандай да бір іспен (сурет салу, жапсыру, мозаика жинау және т.с.с.) айналыса ала ма?
4. Сіздің балаңыз бөтен адамдардың алдында ұялмайды деп айта аласыз ба?
5. Сіздің балаңыз суретке қарап, оған сипаттама беріп, кем дегенде бес сөйлемнен тұратын әңгіме құрай ала ма? 6. Сіздің балаңыз өлеңдерді (тақпақ) жатқа біле ме?
7. Ол берілген зат есімдерді көпше түрде айта ала ма?
8. Сіздің балаңыз буындап болсын оқи ала ма?
9. Сіздің балаңыз онға дейін және кері санай ала ма?
10. Онға дейінгі сандарды бірін-біріне қоса алады ма?

11. Балаңыз тор көз дәптерге қарапайым элементтерді жаза алады ма, шағын өрнектерді қайта сала алады ма?
12. Сіздің балаңыз сурет салып, картинкаларды бояуды ұнатады ма? 13. Сіздің балаңыз қайшы және желімді пайдалана алады ма (мысалы, қағаздан аппликациялар жасау) ?
14. Ол бөлікке бөлінген картинканың элементтерінен бір минут ішінде тұтас сурет құрай алады ма?
15. Сіздің балаңыз дала және үй жанарларының аттарын біледі ме?
16. Сіздің балаңызда әңгімелесу дағдылары бар ма, ол алма және алмұртты «жемістер» деп бір сөзбен айта алады ма?
17. Сіздің балаңыз қандай да бір іспен, мысалы, сурет салу, құрастыру және т.с.с. уақыт өткізуді ұнатады ма?
Егер сіз 15 және одан да көп сұрақтарға сенімді жауап берсеңіз, онда, сіздің балаңыз мектепке оқуға толық дайын. Онымен айналысқан еңбегіңіз зая кеткен жоқ, алдағы уақытта оқу барысында қиыншылықтар болған күннің өзінде де оны сіздің көмегіңізбен жеңеді.
Егер сіздің балаңыз жоғарыда көрсетілген сұрақтардың 10-14 істей алатын болса, онда сіз дұрыс бағыттасыз. Ол шұғылданған уақытында көптеген нәрселерді үйренген және білген. Ал, сіз жоқ деп жауап берген сұрақтар қандай нәрсеге көңіл бөліп, баланы неге жаттықтыру керектігін көрсетеді.
Сенімді жауаптардың саны 9 немесе одан да аз болған жағдайда, сізге баламен шұғылдануға көбірек уақыт бөліп, оған назар аударған жөн. Ол мектепке баруға әлі де дайын емес. Сондықтан сіздің міндетіңіз - баламен жүйелі шұғылданып, түрлі жаттығулар орындауға үйрету.
Бәлкім, мектепте оқуға барған алғашқы кезде сізге баламен бірге үй тапсырмасын мұқият орындауға, тіпті өткен материалды қайта-қайта қайталауға тура келеді, бірақ жабырқамаңыз, табандылықпен және жүйелі шұғылдану сіздің балаңызға қажетті білімді меңгеруге және тиісті дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыруға көмектеседі.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста