БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ- КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ- КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Сейлханова Бакыт Кауатаевна
«Өскемен медициналық колледжі» КМҚК
«Психология негіздері» пәні оқытушысы,
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ магистранты

Білім – қоғамды әлеуметтік, мәдени үрдіспен қамтамасыз ететін жоғары құндылық. Осы жоғары құндылық сапасын көтерудің басты шарты - педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту болып табылады. Олай болса, білімге негізделген қоғам құрылысының негізгі басымдықтарын есепке ала отырып, педагогтар тарапынан аса жоғары кәсіби құзыреттілік талап етіледі.
Құзыреттілік түсінігі көп аспектілі жан-жақты ұғымды білдіреді. «Құзыреттілік» термині әдетте белгілі бір әлеуметтік-кәсіби статус иесіне байланысты қолданылады және оның сол істі атқарудағы түсінігі, білімі, білігінің орындалуға тиіс мәселенің нақты өз деңгейінде шешілуімен сәйкестілігі арқылы сипатталады.
«Методикалық терминдер сөздігінде» «Құзыреттілік қандай да бір оқу пәнін оқыту процесінде қалыптасатын білім, білік, дағдылар жиынтығы, сонымен қатар, қандай да бір қызметті орындай алу қабілеттілігі», – делінген.
Латынның «competentis» деген термині «білу», «жасай алу», «дегеніне жету» деген мағыналарды береді. Бұл жалпы алғанда құзыреттіліктің мәнін анықтайды. Кәсіби құзыреттілік категориясын айқындау үшін оларды әр түрге айналдыру, нақтылау және жалпы логикалық ұғымға біріктіруді жүзеге асыру керек.
Ғылыми еңбектерде «құзыреттілік» ұғымына түрліше мағына беріліп жүр. Орыс ғалымдары В.А.Адольф, Н.В.Кузьмина, А.К.Маркова, Э.Ф.Зеер, В.А.Сластенин, Т.Ф.Лошакова, т.б. педагогикалық зерттеулерінде педагогтардың кәсіби құзыреттілігі туралы мәселеге көп қызығушылық пайда болғанын айтады.
Бұл жайлы Ш.Таубаева: «Құзыреттілік - ол тұлғаның оқыту мен әлеуметтену процестері барысында меңгерген білім мен тәжірибеге негізделген,  оның жалпы қабілеті мен іс-әрекетке даярлығы ретінде айқындалатын, тұлғаның қасиеті»-дейді.
Ғалымдардың еңбектеріне сүйенсек «Құзыреттілік— бұл білімді, іскерлікті қолдану қабілеті, оқу міндеттерін шешуде тәжірбие негізінде стандарттан тыс жағдайда  адамның табысты нәтижелі әрекет ету қабілеті» басшылыққа  алады.
Б.Т.Кенжебеков кәсіби құзыреттіліктің мынадай түрлерін бөліп көрсетеді: арнайы құзыреттілік, әлеуметтік құзыреттілік, жеке тұлға құзыреттілігі, дара құзыреттілік. В.А.Сластенин «...кәсіби құзыреттілік – жеке тұлғаның кәсіби іс-әрекетті атқару мақсатында теориялық және практикалық дайындығы мен қабілеттерінің бірлігі» деп есептейді. «Құзыреттілік» ұғымы адамның мәселеден жақсы хабардарлығы, танымдар мен тәжірибелерді меңгеру аумағын білдіреді. Белгілі бір сала бойынша құзыретті болу – осы салаға негіздемелік талдау жасау және ондағы тиімді іс-әрекет етуге мүмкіндік беретін лайықты білім мен қабілетке ие болу.
Коммуникативтік құзыреттілік – біріншіден, жеке тұлғаның дамуы мен өзіндік дамуы процесіндегі педагогтың жеке тұлғалық қасиеті; екіншіден, ұстаздың педагогикалық қарым-қатынастық мақсаты, түйіні, құрылымы, құралы, ерекшелігі туралы хабардарлығының көрсеткіші; қажетті технологиялық деңгейін меңгеруі; маманның жеке психологиялық сапасы; коммуникативтік іс-әрекетін әрдайым жетілдіріп тұруға тырысуы; негізгі құндылық ретінде жеке адамның тұлғасына бейімделе білу, “бағдар ету”, сонымен қатар педагогикалық қарым-қатынас кезінде туындайтын міндеттерге шығармашылық, қапысыз шешім таба білу қабілеті.
Ақпараттық құзыреттілік студенттер мен олардың ата-аналарының, басқа педагогтардың жұмыс тәжірибесі жөнінде ақпаратты білу мөлшерін қамтиды.
Интеллектуалды-педагогикалық құзыреттілік- талдау, синтез, салыстыру, қорытындылау, нақтылау сияқты қарастыра білудің кешені, аналогия, қиял, ойлау қабілетінің икемділігі мен сындылығы ретіндегі зерденің қасиеті түрінде қарастыруға болады.
Негізгі құзыреттіліктер тізімі әлеуметтік тәжірибе мен жеке басының тәжірибесін, сондай-ақ студенттердің өз бетінше білімін дамытуға қолданылатын негізгі қызмет түрлерін құрылымдық жағынан таныстыру негізінде анықталады. А. В. Хуторский біліктіліктің 3 негізгі түрін енгізген: 1)негізгі құзыреттіліктер: құндылық – мәнді, жалпы мәдени, оқу-танымдық, ақпараттық, коммуникативтік, әлеуметтік-еңбектік, жеке тұлға ретінде өзін-өзі  жетілдіру құзыреттілігі, 2) жалпы пәндік құзыреттілік, 3) пәндік құзыреттілік.
Студенттердің құзыреттілігін қалыптастыруда: жобалар әдісі, жарыссөз әдісі, ойын технологиясы (рөлдік ойындар), проблемалық  пікірталас, интерактивтік оқыту технологиясы (жұппен, шағын топтарда), сценарий-контекстік технология, модульдік оқыту технологияларды белсенді пайдалану керек.



Жобалар әдісі, мысалы, ақпараттық, коммуникативтік, жеке тұлға ретінде өзін-өзі жетілдіру және т.б. сияқты құзыреттілікті қалыптастыруға қолданыла бастады.   
Оқу-танымдық құзыреттілікті қалыптастыру — бұл оқу іс-әрекеті мен өз қызметін талдау біліктілік дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Жүйелілік дағдылары, мысалы, сұлбалар, алгоритмдер құрастыру арқылы қалыптасады. Осы құзыреттілікті қалыптастыру үшін сабақтарда өзін-өзі бақылау және өзара бақылау белсенді түрде қолданылады.
Коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру ойын технологиялары, пікірталастар, кейс-стади технологиялары көмегімен сатылай жүргізіледі.   Негізгі біліктілікті қалыптастыруда оқу-әдістемелік кешендер мен оқу құралдары маңызды рөл атқарады. Сабақ өткізу кезінде оқытушылар электрондық оқулықтар мен оқу құралдарының бірнеше түрлерін, оқытудың көзбен шолып байқау құралдарын, мультимедиялық технологияларды пайдаланады. Нәтиженің өзгеруі: бітіруші тек «білімді» ғана емес, сондай-ақ «білікті» де болуы білім беруді жаңартудың барынша маңызды буыны болып табылады, сондықтан құзыреттілікті  қолдану қажеттігі еш күмән тудырмайды.
Болашақ маман дайындау мәселесі оның тұлғалық сапалары мен қасиеттерін қалыптастырудың маңызын көрсетеді. Тұлғалық-бағдарлық бағытта білім беру нәтижесі білім, біліктілік және дағды жүйесінде, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесіне және эмоционалды көңіл-күйді көрсете білуге, ерікті қарым-қатынасқа педагогикалық бейімделген тұлғаны қалыптастыру ретінде түсіндіріледі.
Қазіргі әлем қауымдастығындағы білім беруді әлеуметтік және экономикалық үрдістің басты, жетекші факторы ретінде түсіну қоғамдық даму, экономикалық қуат өлшемі болып табылады. Білім қазіргі қоғамның маңызды құндылығы және негізгі капиталы ретінде адамды жаңа білімді іздеп меңгеруге ынталандырып, жаңашыл шешім қабылдауға қабілетті етеді. Толыққанды білім өмірдің жайлы деңгейіне қол жеткізудің қажетті шарты ретінде, қоғам мен экономиканың ілгеріңді дамуының маңызды факторы ретінде жиі қарастырылады. Білім "адам тулғасының, білім дағдысының, сонымен қатар тұжырымдау және шешім қабылдау қабілетінің үздіксіз дамуының үрдісіне айналуы тиіс".

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Климов Е.А. Пути в профессионализм (Психологический анализ):Учебное пособие. М., Московский психологосоциальный институт; Флинта, 2003.
2. Маркова А.К. Психология профессионализма. М., Международный гуманитарный фонд “Знание”, 1996.
3. Равен Дж. Компетентность в современном обществе: выявление,развитие и реализация: Перевод с англ., М., 2002
4. Муравьев Е.М. Компетентностный подход как одно из оснований обновление образования//Народное образование, №5, 2003.
5. С.Е. Шәкілікова, Ш.Ш. Кәрібаев, т.б. Білім берудегі компоненттік тәсіл// Қазақстан мектебі, №4, 2004.
6. С.Аманжолов, Құзыреттілікті қалыптастырудың теориялық негіздері // Өскемен: 2007. – Б.135-140.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста