23 Қыркүйек
Алаштың атаулы күні
• 1992 жылы Қазақстан мен Колумбия арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.
Туған күн иелері
Нұралы Әжіғалиев (1939) – ақын, республикалық Махамбет атындағы сыйлықтың иегері;
Өмірәлі Қопабаев (1942) – Д.Қонаев атындағы университеттің ректоры, заң ғылымының докторы, профессор;
Нұрбай Жантілеуов (1949) – Алматы облысы Кербұлақ ауданының әкімі;
Несіпбек Айтұлы (1950) – ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері;
Мұхамеджан Пақирдинов (1950) – Қарағанды облыстық сотының төрағасы, ІІІ дәрежелі мемлекеттік әділет кеңесшісі;
Тауғазы Әбдіқұлов (1959) – «Транстелеком» компаниясының президенті;
Ерлан Арын (1961) – С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры, экономика ғылымының докторы, профессор, академик;
Нұрлан Арын (1961) – «Приват-клиника Алматы» медицина орталығының бас дәрігері, медицина ғылымының докторы, профессор;
Сарқытбек Молдабаев (1962) – Бас прокуратура институтының директоры, заң ғылымының докторы, профессор, аға әділет кеңесшісі;
Қамбар Шалғынбаев (1962) – Еуразия даму банкі басқарма төрағасының орынбасары;
Қайрат Дүйсенбеков (1963) – Қарағанды облыстық Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі;
Вячеслав Ню (1969) – ауыр атлетикадан Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері;
Ескендір Құдайбергенов (1976) – Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары.
Мерейлеріңіз үстем болып, мәртебелеріңіз арта берсін!
«Алаш айнасы»