Ата-анасын қарттар үйіне тапсырғандарға мәжбүрлі өтемақы төлету керек пе?

Ата-анасын қарттар үйіне тапсырғандарға мәжбүрлі өтемақы төлету керек пе?


Ирак ЕЛЕКЕЕВ, Мәжіліс депутаты:
– Соңғы кездері жағдайы бола тұра ата-анасын қарттар үйіне тапсыратындар көп кездесуде. Сондықтан олардың балаларына мәжбүрлі өтемақы төлету – өте дұрыс шешім. Негізі, бұл мәселе заңда қарастырылған. Ата-анасы ата-аналық міндетін атқарғанымен, кейін баласы ата-анасын қарттар үйіне тапсырған жағдайда баласына өтемақы төлету жан-жақты жазылған. Заңның бұл талабы – өте керек нәрсе. Алайда іс жүзінде бұл талап көбінесе орындала бермейді. Себебі ата-анасы көп жағдайда «іштен шыққан шұбар жыланының» үстінен талап-арыз бермейді. Олардың құқын қорғайтын қорғаушылары да жоқ. Сонымен, «жабулы қазан жабулы» күйінде қала береді. Заңның орындалмай отырғаны­ның бір себебі – осы. Айта кетер жайт – алдағы уақытта тиісті орындар заңның өз күшінде жұмыс істеуіне атсалысып, өтемақының мәжбүрлі түрде өндірілуіне мүдделілік танытса екен.

Аманхан ӘЛІМ, ақын:
– Ата-анасын қарттар үйіне тапсырғандарға мәжбүр­лі түрде өтемақы төлетуді толығымен қолдаймын. Өйткені ата-анасын қарттар үйіне тапсыру – қазақ менталитетіне жат нәрсе. Қазақ ежелден ұл-қызына арқа сүйеген. «Ата-ананың ақ сүтін ақтау» деген де ұғым бар. Осынау ақ сүтін ақтамағандарды қандай жазаға тартса да жарасады. Заман ағымына ілесіп, «жаһандануға қол жеткіздік»  деп, халқымыздың тамаша ұлттық қасиеттері­нен айырылып барамыз. Бұған түрлі жолдармен тыйым салу керек. Хадисте де «анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, борышыңды өтей алмайсың», «Алланың көңілінен шығу үшін, алдымен, ата-анаңның көңілін тап» деген сөздер бар. Адами моральдық қарым-қатынас, діни ұстаным бойынша да мұндай нәрселердің орын алуына жол жоқ. Сондықтан заң жүзінде де шектеулер болғаны жөн.

Кәрібай ТАСШАБАЕВ, заңгер:
– Заң алдында ата-ана өмірге әкелген балаларын бағып-қағуға міндетті. Ендеше, бала да ата-анасын қартайған шағында бағып, өмірден өткен жағдайда арулап жерлеуі тиіс. Алайда соңғы кездері безбүйрек балалардың кесірінен қартайған шағында қарттар үйінен табылатын қарттарымыздың қатары көбейіп барады. Сондықтан өз басым ата-анасын қарттар үйіне тапсырғандарға мәжбүрлі түрде өтемақы төлетуді қолдаймын. Бұл мәжбүрлі өтемақы, біріншіден, қарттарға көмек болса, екінші жағынан, безбүйрек балалардың азаюына көмектесер еді. Өндірілген өтемақы есепшот арқылы ата-анасына аударылып, қажетіне жараса, әділетті шешім болар еді. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста