Германиямен озық технология, маман және ағза алмастыру жөніндегі келісімшарт бізге тиімді дей аламыз ба?

Германиямен озық технология, маман және ағза алмастыру жөніндегі келісімшарт бізге тиімді дей аламыз ба?

 

Шалатай МЫРЗАХМЕТОВ, Мәжіліс депутаты:

– Әрине, тиімді. Мен мұны қолдаймын. Өйткені медицина саласында Германия – көптеген жетістіктерге жеткен, өркениетті елдердің қатарында. Олармен денсаулық саласында байланыс орнатқанымыз өте дұрыс. Себебі олар бұл салада ғылымның жетістігін өте тиімді пайдаланып отыр. Енді келісімшартта алғашында бір-екі кемшілік орын алуы, бірен-саран қолайсыз нәтижелер шығып кетуі мүмкін, алайда түбі жақсы болады. Себебі «Мәскеу бірден тұрғызылған жоқ», барлық нәрсе бірден дамымайды. Бірте-бірте ретке келеді. Сондықтан, қалай десек те, әсіресе медицина саласында неміс халқымен бірігіп жұмыс істегеніміз, жаңа технологияларды шығару үшін бірлескен кәсіпорындар құрғанымыз – өте құптарлық жайт.

Совет-Хан ҒАББАСОВ, медицина ғылымының докторы:

– Жапония, Германия халықтарымен рухани, адами, заманауи қарым-қатынас орнатуымыз – өте дұрыс қадам. Өкініштісі сол, біздің Тәуелсіздік алғанымызға 20 жылдан асса да, шетелдермен араласуда біраз тәжірибе жинасақ та, келісімшартқа отырарда кемшіліктерге ұрынамыз. Сондықтан ендігіде жалтақтықты қойып, елдің болашағы үшін келісімшарт жасарда, оған қол қоярда министрлік өте мұқият болса екен деймін. Мысалы, осы жерде мынадай бір келеңсіздік бар. Әрине, Германиямен озық технология немесе мамандар үшін бірігіп жұмыс істегеніміз жақсы. Ол жағынан үйренетініміз көп. Бірақ ағза алмастыруда келісімшартқа отырғанымыз қалай болады? Біріншіден, бізде озық технологиялар жоқ, мамандарымыздың да біліктілігі мәз емес, осы ретте біз адамдардың ағзасын алмастыру кезінде Германияға тек донор болып қалмаймыз ба? Сала министрлігі осы жағын ойлады ма екен? Сондықтан екіжақты келісімшартқа қол қояр кезде министрлік өкілдері өте мұқият болса екен деймін.

Ерасыл ӘБІЛҚАСЫМОВ, медицина ғылымының докторы, саясаткер:

– Біздің еліміз медицина саласындағы ірі технологияларды басқа мемлекеттердің көмегінсіз шығара алмайды. Тек шприц, ине секілді майда-шүйделер болмаса, үлкен технологияларға қарай жүгіру үшін көрші елдердің көмегі керек. Бұл ретте Қазақстанның жаңа медициналық технологияларды дамыту үшін Германиямен бірлескен кәсіпорын құруға талпынғаны – өте құптарлық жайт. Бізге Германиядан озық технология деп сатып әкеле бергеннен өзімізде кәсіпорын құрып, олармен бірлесіп жұмыс істегеніміз әлдеқайда тиімді болмақ. Ал адамдар ағзасын алмастыруға қатысты мәселеге келетін болсақ, әрине, бұл ретте біз тек қана донорлық қызмет етіп қалуымыз мүмкін. Ол жағынан қауіп жоқ емес. Себебі бізде медицинада заманауи технологиялар жоқ, мамандарымыздың жұмыс істеу мүмкіндігі де немістерге қарағанда төмендеу. Ертең біз осындай келісімшарт бойынша оларға бүйрегімізді, бауырымызды беріп отырамыз. Өйткені олар ондай ағзаларды игере алады. Ал біз олардан не аламыз? Бізде оны игеретін технология да, маманымыз да жоқ. Сондықтан бұл жағынан бізге тиімсіз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста