Нашақорларды емдеген дұрыс па әлде жазалау керек пе?

Нашақорларды емдеген дұрыс па әлде жазалау керек пе?


Нұртай САБИЛЬЯНОВ, Мәжіліс депутаты:
– Теледидардан есірткінің есті алар, адамды айуанға айналдырар, адамзатқа тигізер қасіретін, отбасына әкелер қайғысын әртүрлі формада үзбей көрсетіп отырса, дұрыс болар еді деп ойлаймын. Қоғамға кесел болып жабысқан нашақорлық дер­тіне, ел қауіпсіздігіне қатер төндіретін та­жал­ға тосқауыл қою жолында мемлекеттік билік орындары, құқық қорғау органдары мен медицина қызметкерлері, мұғалімдер, ата-аналар және бұқаралық ақпарат құрал­дарының өкілдері бірігіп күресуі қажет. Меніңше, нашақорлар – ауру адамдар, сондықтан оларды емдеу керек. Ал есірткіні та­ратушыларға жазаның ең ауыр түрін қол­данған жөн.

Есберген АЛАУХАНОВ, заң ғылымының докторы, профессор:
– Нашақорлар санының күн санап артуы, жастар арасында есірт­кіге қатысты қылмыстың қарқын алуы жұртшылықты бейжай қал­дыр­масы анық. Нашақорлар – әрі ауру адамдар, әрі қылмыскерлер. Наша­қорлық – дерт. Оған бой алдырған адамды емдеген дұрыс. Егер әрбір сырқат адамды жазалап, қоғамнан аластатар болсақ, одан біз­дің мемлекетіміздің өркендеуіне ешқандай пайда келмейді. Еш­кім нашақор болып тумайды, оның осындай жағдайға душар бо­луы­на маңайындағы араласатын таныстарының және есірткіге бой алдырған немесе есірткіні пайда көзіне айналдырған адамдардың ық­палы әсер етеді. Сондықтан алдымен есірткіні таратушыларға қарсы күресті күшейту керек. Есірткі саудасымен және ұйымдасқан қылмыспен күресу дүниежүзінің барлық елдері үшін өткір мәселе болып отыр. Заңсыз есірткі айналымына және есірткіге тәуелділерге қарсы жүргізіліп жатқан шараларды әлсіз деуге болмас. Десек те атқарылып жатқан жұмыстардың діттеген жеріне жетпей жатқаны анық.

Аманхан ӘЛІМ, ақын:
– Есірткі тасымалдаушыларды құрықтап жатқаны туралы арагідік теледидардан көрсетіліп жатады. Бірақ бұл есірткі таратушылардың жолы кесілді деген сөз емес. Есірткі саудасымен айналысушылар үшін жауапкершілікті қатайту қажет. Сонымен бірге нашақорларды емдеу, тіпті мәжбүрлеп емдеу қажет. Олар – қоғамға, айналасындағы оң-солын танып білмеген жас ұрпақ­қа, сонымен қатар отбасына бақытсыздық, ауыртпалық әкелуші адам. Оған күніне есірткі сатып алу үшін ақша керек. Қаражат табу үшін нашақорлар амалсыздан қылмысқа барады. Оны емдету үшін де қомақты қаржы қажет. Сондықтан нашақорларды есірткіге тәуелділіктен арылту үшін олардың емделу ақысын да ар­зандату мәселесін қолға алу керек. Яғни күресті жан-жақты жүр­гізген жөн болар еді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста