Өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын белгілі бір мерзімдік жазамен алмастыру керек пе?

Өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын белгілі бір мерзімдік жазамен алмастыру керек пе?


Өмірәлі ҚОПАБАЕВ, заң ғылымының докторы, профессор:
– Біз өлім жазасына мораторий жариялаған мемлекеттер­дің біріміз. Соған байланысты қазірде қылмыскерге бірден өлім жазасын артпай, тек өмір бойы бас бостандығынан айыру жүйесін қолдап келеміз. Міне, бірнеше жыл қатарынан біз қылмыскерлерді бірден бақилық қылмай, тек оны өмір бойы темір торға отырғызуды жөн санап келдік. Енді келіп осы жазаның түрін жеңілдеткіміз келеді. Байыптап қарасақ, өмір бойына бас бостандығынан адам тектен-текке айы­рыл­майды. Ол адам қоғам үшін ең қауіпті қылмыскер болған­дықтан, бір емес, бірнеше адамның қанын мойнына жүк­тегендіктен, өмір бойы жазасын темір тордың ар жағында өтейді. Осыған орай, өз басым «қоғамға қауіпті адамға жеңілдік жасаудың қажеті жоқ» деп ойлаймын. Егер біз өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын мерзімдік жазаға алмастыратын болсақ, бұл үрдіс қоғамда ауыр қылмыстың өршуіне жол береді. Бұл ретте ешқандай жеңілдік болмауы тиіс. Тәртіптің де, заңның да қатаң сақталғаны абзал.

Ирак ЕЛЕКЕЕВ, Мәжіліс депутаты:
– Жоқ, мұның мүлде керегі жоқ. Қылмыс жасады екен, оны мойынымен көтерсін. Қазір қоғамда осындай бір дүрбелең ой ту­ғызып, нақ осы пікір төңірегінде сөз таластыратындар көбейіп кетті. Бұл ретте өз тарапымнан айтарым, егер біз өмір бойы бас бос­тандығынан айырылғандарға жеңілдік жасап, олардың жазасын мерзімдік жазамен алмастыратын болсақ, онда заңымызда сапа да, салмақ та қалмайды. Мұндай әрекет жасар болсақ, заңды бел­ден басатындардың қарасын көбейтіп аламыз. Әрине, дүниежүзінің бірқатар елдерінде өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына жеңілдік берілген де шығар. Алайда мұны алдыға кесе-көлденең тартудың қажеті жоқ. Біз енді-енді аяғымыздан тік тұрып келе жатқан мем­лекетпіз. Былайша айтқанда, жас шыбық тәріздіміз. Жас шыбықты қалай қарай исең, ол солай қарай майысады. Сондықтан бізге осы бастан қатаң тәртіптік жүйемен жүрген абзал. Тәртіп бар жерде заң да бұзылмайды. Меніңше, жазаны жеңілдетудің еш мағынасы жоқ.

Берік ӘБДІҒАЛИЕВ, саясаттанушы:
– Қазір бүкіл әлемде гуманизация мәселесі көтеріліп жатыр. Осыдан барып қайсыбір елдер ату жазасын жеңілдетіп, өмір бойы бас бостан­дығынан айыру жазасына айырбастады. Біле білсек, мемлекет заңы қылмыскерді өлім жазасына болмаса өмір бақи бас бостандығынан айыру жазасына тектен-текке кеспейді. Сондықтан бұл арада арнайы зерттеу-сараптама жұмыстары жүргізілуі керек. Ал бірден жазаны жеңіл­дету үрдісіне көшу дұрыс емес. Біз онсыз да ату жазасын жеңілдеттік емес пе? Енді нақ осы арада асығыс шешім қабылдап, дабыралату қажет емес. Қазірде қайсыбір мемлекеттер өмір бойы бас бостандығынан айырыл­ғандарды мемлекет есебінен «асырауды» ауырсынып, оларға мерзімді жаза беріп, еңбекке араласуына жағдай жасауда. Әйтсе де олардың арасында қайта қылмыс жасап, темір торға қайтара тоғытылып жататындар көптеп саналады. Демек, бұл жерде темірдей тәртіп кемшін деген сөз. Тәртіп пен заң арасында қабысушылық болмаса, қоғам іштен іриді. Өз басым жазаны жеңілдетуді қолдамаймын. Керісінше, «жаза түрі қатаң бақылауға алынуы керек» деп есептеймін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста