«Өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етуші» статусын қалай айқындау керек?

«Өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етуші» статусын қалай айқындау керек?


Азат ҚОНЫСБЕК, кәсіпкер:
– Ауылдағы бір сиыр, төрт қойы бардың барлығын «өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етушінің» қатарына кіргізуге болмайды. Олар – шын мәнінде «өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етушілер» емес, өз бетімен күн көрушілер. Өйткені олар малының сүтін, етін, терісін, жүнін, мүйізін түгелімен пайдаланып, «жұмыспен қамтылды» дейтіндей дәрежеге жете алып отырған жоқ. Тек күнделікті сүтін ішіп, етін тамақ ретінде жеп, күн көрумен ғана шектеліп отыр. Рас, ауылда ірі шаруа қожалықтары бар. Бірақ олар бүкіл ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып жатқан жоқ. Осы орайда мемлекет «өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етушілерге» өз бетімен күн көріп жат­қаны үшін, ал мемлекет жұмыспен қамтамасыз ете алмай отырғаны үшін жанұядағы жан басына шағып, жәрдемақы төлеуі керек деп ойлаймын. Бұл біздің ойлап тауып отырған дүниеміз емес, негізі дамыған елдерде жұмыссыздарға жәрдемақы төлейді. Бұл – халықтың әлеуметтік жағдайының көтерілуі үшін жасалған көмек. Әрине, жәрдемақы халықты еңбек етпейтіндей, жалқау қылатын дәрежеде болмауы керек. Осы орайда ол жәрдемақы сауатты түрде, әрі әділ тағайындалса дұрыс болар еді.

Жанұзақ ӘКІМ, экономист:
– Бізде жұмыссыздық – үлкен мәселе. Осы жұмыссыздардың санын азайтып айту үшін «өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етуші» деген тіркес қалыптасқан. Еліміздегі жұмыссыздық деңгейі 7-8 пайыз деп көрсетілгенімен, шындығында ол көрсеткіш – 15-20 пайыз. Өйткені халқымыздың тең жартысы ауылдарда тұрады. Ал ауылда жұмыссыздық мәселесі күрделі. Сондықтан «өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етуші» деген сөз – осы мәселені бүркемелеу­ үшін айтылған нәрсе. Қазақстан бүгінде эксортқа төрт жарым мың тонна ет шығарады. Оны 2015 жылы – 60 мың тоннаға, 2020 жылы 180 мың тоннаға жеткізу көзделген. Мұны іске асыру үшін мал санын өсіріп, жұмыссыз ауылдастарымызды жұмыспен қамтуды қолға алу керек. Еліміздегі зауыттар жабылып, көпшілік қысқартуға ұшырай бастаған уақытта сауда-саттықты нәсіп қылып, базар жағалай бастағандар да көбейді. Ал олардың бәрін бірдей «өзін-өзі жұмыспен қамтушы» деген сөзбен алдарқатып, бүркемелей алмаймыз. Мұнан құтылудың бірден-бір жолы – еліміздегі жұмыссыздарды жаппай жұмыспен қамтитын өндіріс орындарын көптеп ашу. Біз оларға статус беруден гөрі, жұмыспен қамтуға күш салайық.

Нұра ТЫНЫСҚЫЗЫ, заңгер:
– Рас, елімізде жұмыссыздар саны жетерлік. Әсіресе ауылдық жерде өлместің күнін көріп, қолындағы азғантай малы­мен жан сақтап отырған ағайындар бар. Бірақ оларды «өзін-өзі жұмыспен қам­ту­шы» деп да­бырайтқанымен, не жала­қысы, не зей­нетақы қорына аударылған ақ­ша­сы жоқ. Ең бол­мағанда еңбек өті­лі жазы­лып, пай­даланылмайды да. Сон­дық­тан ең болмаса өмір сүруіне қолайлы жағ­дай туғызып, салықтардан босатып, қолын­дағы малын мемлекеттің көмегімен ай­тар­лықтай бағаға сатып алу секілді жеңіл­діктер қарастыру керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста