Петропавл атауын Қызылжар деп өзгерту туралы бастама қолдау табады деп ойлайсыз ба?

Петропавл атауын Қызылжар деп өзгерту туралы бастама қолдау табады деп ойлайсыз ба?


Камал Бұрханов, Мәжіліс депутаты:
– Бұл бастама дәл қазір қолдау таба қояды деп ойламаймын. Сол аймақтың жергілікті тұрғындары қарсылық білдіруі, Үкімет самарқаулық танытуы мүм­кін. Бірақ жеке пікірім, Петропавл атауын ауыс­ты­ратын уақыт жетті. Оның үстіне ғалымдар мен дерек­танушылар Қызылжардың тарихи атау екенін нақты дәлелдеп қойды. Меніңше, бұл шешімді Мем­лекет басшысы да қолдар еді. Себебі ол кісі БАҚ бетіндегі бір сөзінде «Ленинград, Сталинград секілді қала­лар атауын өзгертіп жатқанда, бізге неге бол­майды?» деген сияқты пікір айтқан болатын. Ал жер­гілікті тұрғындардың тарапынан қарсылық білдіріп жатқандар болса, бұл да – қалыпты құбылыс. Деген­мен халқымыздың басым көпшілігі қала атауының өзгер­генін қолдайтынына мен бек сенімдімін.

Дихан ҚАМЗАБЕКҰЛЫ, филология ғылымының докторы, профессор:
– Бұл – уақыты әбден пісіп жеткен бастама. Біріншіден, бұл – қоғамдық сұраныс. Қазақстан тұрғындарының, зиялы қауым өкілдерінің, тіпті мемлекет басшылығында жүрген адамдардың да басым көпшілігі бұл бастаманы қолдайды. Петропавл қаласына тарихи атауын алып беру керек. Мұндай қадам жасау­ға тарихи негіз бар. Қызылжар  деген атау сол аймақтың жер бедеріне, топырағының, жартастарының түсіне бай­ла­ныс­ты пайда болған. Петропавлдың бұрынғы атауы Қызылжар болғанын көптеген деректер дәлелдейді. Мәселен, Шоқан Уәлихановтың еңбектерінде, атақты ақын-жыраулардың өлеңдерінде, фольклорлық мұраларымызда көрініс тапқан. Тіпті өзімізді былай қойғанда, Ресейдің де жазба деректері осы өңірге қатысты Қызылжар атауы қолданылғанын дәлелдейді. Сондықтан біз тарихи әділеттілік орнатуымыз керек. Ал тарихи әділеттілік дегеніміз жергілікті тұрғындардың ұлттық құра­мы­мен есептелмейді.

Сейіт Кенжеахметов, этнограф-ғалым:
– Петропавлға бұрынғы тарихи Қызылжар атауын қайтару туралы бір топ депутаттың көтерген бастамасы өте дұрыс деп есептеймін. Бұл бұрыннан көтеріліп келе жатқан, мезгілі жеткен мәселе ғой. Петропавлдың тарихын Петр мен Павелдің есімімен байланыстырып жүргенмен оның бұрнағы атауы тұғырын табуы тиіс. Оның үстіне Қызылжар – үлкен жердің, облыстың орталығы, қазақтың мәдениетінің ошағы, ұлттың беткеұстар қайраткерлерін туғызған құтты мекен. Сондықтан Қызылжар атауын қайтару тарих үшін, адам үшін, елдік үшін, ұлт үшін, болашақ үшін де барлық тұрғыдан сәйкесін тауып отырған мәселе. Оны жай қозғап қана қоймай, Қызылжар атауын түпкілікті қайтару керек. Баяғыда Павлодарда басқа ұлттар Сәтбаевтың атын бермей қанша жыл күтіп жүрдік. Сол сияқты олардың қарсылығы болуы мүмкін. Бірақ тарих бәрін өз орнына қояды. Жергілікті ағайындар ауызекі тілде Петропавлды Қызылжар деп атап жүр. Осындай заңды бастаманы Елбасы да қолдайды деп ойлаймын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста