Ұлттық демографиялық қауіпсіздік бағдарламасы нені қамтуы тиіс деп ойлайсыз?

Ұлттық демографиялық қауіпсіздік бағдарламасы нені қамтуы тиіс деп ойлайсыз?


Ерболат МҰСАБЕКОВ, демограф:
– Жалпы алғанда, еліміздегі демо­гра­фиялық ахуал қалыпты деп айта ала­мын. 90-жылдары елімізде туу көр­сеткіші төмен­деп, елімізге көшіп келгендерден гөрі, елімізден көшіп кетушілер саны артып кеткен кезеңдер болған. Ол жылдармен салыс­тырғанда демо­графиялық өсім көрсеткіші бүгінде бір қалыпты. Әйтсе де демографиялық ахуалды осы дең­гейде ұстап тұру үшін бізге ұлттық демо­гра­фиялық қауіпсіздік бағдар­ламасы қажет. Онда негізінен халықтың демо­графиясын ынта­ландыру үшін әлеуметтік көмектер айқын көрсетілуі керек деп са­наймын.

Дос КӨШІМ, «Ұлт тағдыры» қозғалысының жетекшісі:
– Қанша жерден халықтың демографиялық көрсеткіші жақсы десек те, ұлан-байтақ жеріміз бен мемлекетімізді сақтау үшін халық саны көп болуы қажет. Дәл қазіргі таңда еліміздегі демографияны ұлғайту бағытында ештеңе жасалып жатқан жоқ. Мәселен, Германияда бала 27 жасқа толғанша жәрдемақы төленеді. Яғни бізде бір жасқа дейін берілетін жәрдемақы оларда 27 жасқа дейін төленеді. Ол елдермен салыстырғанда бүгінгі біздің елімізде беріліп жатқан жәрдемақы көлемін айтуға да келмейді. Мұнымен демо­графия дамиды, аналарды ынталандыруға болады деп айту қиын. Сон­дықтан әлеуметтік көмекпен қатар, бала санына қарай балабақшалар мен мектептерде түрлі жеңілдіктер қарастырылуы керек. Бала санына қарай несиенің пайызын қысқарту, жәрдемақы көлемін ұлғайту секілді артықшылықтардың да пайдасы мол. Әлемдегі түрлі елдердің демографияны дамыту мақсатында жасаған озық тәжірибелерін үлгі етіп алып, өзімізге пайдаланып көруіміз керек. Және жақсы нәтиже бергендерін одан әрі қоғамымызға ыңғайлап енгізуіміз қажет.

Айдос САРЫМ, саясаттанушы:
– Қазақ ұлтын, мемлекетін дамыту үшін міндетті түрде мұндай бағдарламалар керек. Бүгінде демографиялық өсімді беріп жатқан – оңтүстік облыстарымыз. Солтүстік облыстарда бұл үрдіс мүлдем баяу. Демографияны қолдау әлеуметтік төлемақыда ғана емес, саяси, мәдени тұрғыдан да қолдау табуы керек. Кешенді түрде жастар некеге тұрғаннан бастап мемлекеттік қолдауды сезінуі тиіс. Сондай-ақ де­мо­графиялық өсімді біз ішкі және сыртқы миграциямен байла­ныстырып қарауымыз керек. Қазір сырттан келетін қазақ көші тоқтап қалды. Оралмандардың елімізге келгеннен кейінгі адами, азаматтық құқық­тарына аса мән берілуі керек. Қазақы ауылдарымыздың санын көбейтуге тырысуымыз керек. Мәселен, Шығыс Қазақстанның қазағы басым аудандарында демографиялық өсім жоғары да, орысы басым аудандарында бала туу көрсеткіші төмен. Демек, қазақи ортаның демографияға деген ынтасы жоғары. Біз осыны пайдалануымыз керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста