Қағазбасты ТМД ұйымы неге қауқарсыз?

Қағазбасты ТМД ұйымы неге қауқарсыз?

КСРО ыдыраған соң посткеңестік кеңістіктің проблемасын бірігіп шешу үшін ТМД ұйымы құрылды. Бірақ ол өз мақсатын қалтқысыз атқаруда әлсіздік танытқан тұстары аз болмай шықты. Соған қарамастан аталған ұйымға мүше мемлекеттер оның потенциалын арттыруға барынша күш жұмсап келеді. Алайда кейбір мамандар соңғы Грузия мен Украинаға қатысты оқиға ТМД-ның құрылым ретінде түзейтін тұстары бар екендігін  айқындады, сондықтан Мәскеуге бұл жайт үлкен ой салуы тиіс деп есептейді. Сонда ол қандай ой? Өз кезегінде «Алаш айнасы» басылымы осы сауал төңірегінде жауап іздеп көруге тырысады...
Әу, баста құрамына 12 мемлекет енген ТМД ұйымына бүгіндері 10 мемлекет мүше боп табылады. Енді ол тағы бір санға қысқаруы ықтимал. Алдында аталған ұйымнан Түркменстан мен Грузия шығып кеткен еді. Енді Украинаның аймақаралық ұйымнан көңілі қалып отыр.
Киев: «Егер біз төраға етуші мемлекет ретінде ТМД атқарушы комитетіне шұғыл кеңес құруды, көрші мемлекетке қарулы шабуыл жасап жатқан оқиға мәселесін дереу қарастыруды сұрасақ, олар өз кезегінде ешқандай іс-қимыл жасамаса, ешқандай рөл атқармайтын бұл ұйымның бізге не қажеті бар» деп мәлімдеп, аталған ұйымнан шығатындықтарын жеткізген.
ТМД-ның ішкі қайшылықтары осы ұйым отырыстарында талай сынға алынған. Мұндағы қарама-қайшылықта көбіне Ресей басты рөл атқарады. Мәселен, ТМД ұйымы тұрғанына қарамастан, неге екені белгісіз, Ресей осындағы мемлекеттермен жекелей одақ құрады.  Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына қатысты да Мәскеудің ши жүгіртуішілігі бар. Сол секілді Қызыл Кремль Еуразиялық кеңістік туралы ашып ойын білдірмейді. Кейде осы интеграциялық процестің тежелуіне де ықпал етіп отырады. Молдованың, Қарабахтың, Грузияның мәселесін алып қарастырсаңыз да ТМД оған ешқандай үлес қосқан жоқ. Керісінше, Ресей кей жерде айбат шегіп отырды. Осы жағынан алғанда, Ресейге ТМД ұйымы керек емес секілді деген ой да кеп қалады.
Саясаттанушы ӘЗІМБАЙ ҒАЛИ ТМД-ның жеміс бермеуіне Ресейдің империялық пиғылдан бас тарта алмауы басты себеп деп есептейді.
– Қазір Германияға Гитлерді айтсаңыз, төбе шаштары тік тұрады. Олар Гитлер дүниеге әкелген бұрынғы басқыншылық империяны қаламайды. Керісінше,қазір ескі нанымдағы адамдарды билік түгілі, мектеп қабырғасына жақындатпайды. Міне, Мәскеуге де осылай ету керек еді. Сонда интеграцияның жаңа форматында ұйымдар құрып, аймақтағы мемлекеттермен тату-тәтті өмір сүріп, бірге дамуға мүмкіндік алар едік. Бірақ Қызыл Кремль өйтпеді, керісінше 24 жыл бойына кешегісін күйттеп келді. Салдарынан қасына жиналғысы келетін елдер таяқ жеп қалуда. Осы жағынан алғанда, Ресейге бір аласапыран керек. Империялық пиғылы жақсылыққа апармайтынын дәлелдейтін, әбден сабақ болатын апай-топай қажет. Әйтпесе олар империялық пиғылынан айыға алмайды. Ал Мәскеу құрған  ұйымдар жанына тақап кеткендер халықаралық қауымдастықтың қуғындауына немесе қатқыл қабағына ұрынады да отырады. Қалай дегенмен де Қазақстан президенті кешегі мен бүгінгі заман тәжірибесінен өткен сындарлы да сардар саясаткер. Сондықтан Елбасымыз тактикалық, стратегиялық жағынан мемлекетке әрдайым ұпай әкеліп отырады. Осыған дейін солай болған, ол солай жалғаса береді деп санаймын. Ал ТМД қанша жерден тиімсіз болса да  өз ғұмырын жалғастыра береді. Оған көп бас ауыртудың қажеті жоқ деп есептеймін.
Соңғы кездері бұл ұйымды реформалау қажет екенін айтқан Елбасымыздың «ТМД қағазбасты органға айналып, нақты өмір сұраныстарынан алшақтап кеткен сансыз құжаттарға көмілген, икемсіз әрі бюрократ бірлестікке айналды»  деген сынында аталған ұйымға жақсы суреттеме берілген.  Расында да, өз бақылауында ұстау үшін Ресейге ТМД керек. Бірақ жарна төлеушілер өз міндеттемесін атқаруды сұрағанда Ресей бұра тартуға бейім. Алайда ол қашанға дейін жалғаса береді дейсіз? Соңғы кездері ресейлік сарапшылар да ТМД-дан бас тарту ойларын ашық айтып қап жүр. «Бүгінгі таңда ТМД Мәскеудің сыбызғы әуеніне барша жұрт би билейтін империядан қалған қалдық алаң ретінде өз мәнісін жойды. Бұл жоба КСРО-ның қырқыспай тарасуында тиімділік танытты. Ол сол кезде қажет болды» дейді Ресей үкіметі жанындағы Қаржы университетінің Саяси зерттеулер орталығының директоры Павел Салин. Сондай-ақ ол Путиннің 2005 жылы ТМД-дан экономика, саясат және әскери сала бойынша қандай да бір жетістікке үміт артпаңыздар деп ескерткенін, сондықтан ТМД Еуразиялық құрылым емес, ол КСРО-ны өркениетті жолмен ыдырату үшін құрылғанын баса айтыпты.
Жалпы, бұл ұйымды ұстап тұрудың өзі үлкен шығын екен. ТМД органдарының біріккен бюджетіне республикалар бөлген жарна көлемі 7 млн долларды құрайды екен.
ТМД интеграциясының дамуына тұсау болушы факторлар:
- Ресейдің ұйым ішіндегі солқылдақ саясаты (еңбек миграциясындағы интеграцияны желеу етіп, посткеңестік кеңістіктегі орыстарға ешқандай кедергісіз азаматтық алуына жол ашу; әскери қолдауды ұсына отырып, ТМД аймағында әскери бригадаларды өрістету, мәселен, әскери көмек сұрағанда Қырғызстанға Ресей қолдау көрсетпеді, Қарабах жағдайында керісінше болды. Салдарынан Әзірбайжан Габалыдан ҰҚШҰ әскерін шығарды, ал Өзбекстан ҰҚШҰ-ға ену бойынша келіссөзді уақытша тоқтатып қойды)
- Ресейдің империялық пиғылы ТМД елдерінің экономикалық қарым-қатынасының дамуын тежеді (Еуразиялық кеңістіктің құрылып жатқанына қарамастан Мәскеу ТМД кеңістігінде еркін сауда-саттық аймағын құра бастады. Алайда еркін сауда-саттық аймағына ену мәселесінде Ресейдің Киевпен және Ташкентпен жүргізген келіссөзі нәтижесіз боп шығады. Ол белгілі бір деңгейде ЕЭК бойынша процестерді тежейді. Белоруссиямен қайтадан келіссөз жүргізуге тура келеді. Сондай-ақ  Ресей газ және мұнай құбырарын да достастық елдерге қарсы ықпал тетігі ретінде қолданады. Соңғы Харьков келісімі бойынша Киев қажетті көмек ақшаға қол жеткізе алмады)
- орыстілділер мүддесін қызғыштай қорғауы, тек ТМД емес Ресей Федерациясының өз ішіндегілердің де аяқ тартып жүруіне итермелеуде
- нарықтың өз дегенімен дамуына мүмкіндік бермеуі (мысалы, Қазақстанда бизнес нысандардың көбіне дерлігі жекеменшіктің қолында, ал Ресейде мемлекеттік үлес басым, сәйкесінше мемлекеттің нарыққа тікелей ықпал етуі осы ұйым аясындағы экономикалық интеграцияға тұсау болуда)
- нарықтық тетіктің әбден жетілмеуі, бюрократизмнің қанат жаюы ұлттық буржуазияның қалыптасуын тежеді, барын тұншықтырып отырды, сондықтан көбісі шет асып кетті
- сыбайлас жемқорлық көрсеткішінің жоғары болуы және т.б.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста