Украинадағы жағдай шиеленісе түсті

Украинадағы жағдай шиеленісе түсті

НАТО бүгін Брюссельде Шығыс Украинадағы жағдайды талқылайтын жиын өткізбек. Бұл ұйым Украинаға Ресейдің мың шақты жауынгері кіргенін мәлімдеді. Ал Ресей Президенті Путин Украинадағы көтерілісшілерге үндеу жариялады, - деп хабарлайды «Азаттық» радиосы.
Кеше НАТО Ресей жауынгерлерінің Украинаға кіргенін дәлелдейтін спутник фотографиялардың бар екенін хабарлады.
НАТО штабының генералы Нико Так Ресейдің "астыртын әрекеттері күн өткен сайын айқын көрініп келеді" деп мәлімдеді.
Оның пікірінше "Ресей тактикасы - сепаратистердің жеңілуіне жол бермей, Украинаның шығысындағы қақтығысты шешілмейтін бітеу жараға айналдыру, сол арқылы бұл елдегі дағдарысты соза түсу".
АҚШ, БҰҰ, ГЕРМАНИЯ ЖӘНЕ ФРАНЦИЯНЫҢ РЕАКЦИЯСЫ
АҚШ Президенті Барак Обама да тамыздың 28-і күні Ресейді "Украинадағы сепаратистерді дайындап, қаржылай қолдап, қаруландырып отыр" деп айыптады. Обама "Украинадан түсірілген Ресей жауынгерлерінің спутниктен түсірген суреттері Кремльдің бұл әрекеттерін әшкерелеп отыр", - дейді.


Украинаға кірген Ресей әскері деп жариялаған НАТО суреттері.

Бірақ ол "АҚШ-тың Украинадағы ұрыстарға араласпайтынын" айтты.
Обама Германия канцлері Ангела Меркельмен сөйлескенін, Ресейдің өз әрекеттеріне жауап беруі тиіс екеніне Меркельдің де келіскенін мәлімдеді.
Тамыздың 28-і күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі де шұғыл жиын өткізді. БҰҰ-дағы Батыс елдері өкілдері Ресейдің кейінгі әрекеттеріне наразылық білдірді. Осы ұйымдағы АҚШ елшісі Саманта Пауэрдің пікірінше, Ресей Украинаға басқыншылығын "жасырып, мойындамай отыр". Ол АҚШ пен "Үлкен жетілік" (G7) және Еуропа елдері "Ресейдің әрекеттерін тоқтатуға тырысатынын" айтты.
Франция билігі де Ресей Украинадағы жағдайды одан бетер шиеленістіре берсе, жаңадан қатаң санкциялар салатынын ескертті.
ПУТИННІҢ КӨТЕРІЛІСШІЛЕРГЕ ҮНДЕУІ
Ресей Президенті Владимир Путин "Новороссия жасақтарына үндеу" жариялады. Ресей Президентінің ресми сайтына бұл үндеу тамыздың 29-ына ауған түні сағат бірлер шамасында ілінген.
Үндеуде "Көтерілісші жасақтардың Киевтің әскери операциясын тойтаруда үлкен жетістіктерге жеткені", бірақ ол операциялардың Дондасс тұрғындарына қасірет әкелгені, көптеген бейбіт адамдардың қаза тапқаны жазылған.


Украинамен шекаралас Ростов облысында кетіп бара жатқан әскери колонна. Ресей, 28 тамыз 2014 жыл.

Ресей Президенті "Украина жауынгерлерінің көбі қоршауда қалғанын" мәлімдеп, көтерілісші жасақтарды "оларға қоршаудан шығатын дәліз беруге, сол арқылы Украина жауынгерлерінің отбасыларымен табысуына жағдай жасауға, жараланғандарына дәрігерлік көмек көрсетуге" шақырған. Путин "Ресейдің Дондасс халқына гуманитарлық жәрдем жеткізетінін айтып, Украина билігін көтерілісшілермен келіссөздерді бастауға шақырған.
Ресейдің БҰҰ-дағы елшісі Виталий Чуркин Украинадағы қақтығыстарға Ресей азаматтарының қатысып жатқанын теріске шығармайды, бірақ оларды "еріктілер" деп атайды.
КИЕВ МӘЛІМДЕМЕЛЕРІ
28 тамыз күні Украина билігі "Ресей әскерінің танкілер көмегімен шекараға таяу Новоазовск қаласын басып алғанын" хабарлады. Киевтің болжамы бойынша, "Мәскеуге Қырымға баратын құрлық жолы керек, сондықтан Кремль Қара теңіз жағалауындағы Мариуполь қаласын басып алуды жоспарлауы мүмкін". Ресей Қырымды наурыз айында аннексиялаған еді.


Украинаның Новоазовск қаласының маңында жүрген Украина жауынгерлері. Донецк облысы, 27 тамыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Украина қауіпсіздік күштерінің баспасөз хатшысы Андрей Лысенко үкіметтің Мариупольді қорғау үшін әскер шоғырландырып жатқанын хабарлады. Оның сөзіне қарағанда Ресейдің Қырымдағы әскері де белсене бастаған - Украина армиясы Херсон облысына кірмек болған ресейлік шолғыншы жауынгерлерді байқаған.
Украинаның шығысындағы үкімет әскері мен ресейшіл сепаратистер арасындағы қақтығыс, Мәскеу бұл елдің Қырым түбегін аннексиялап алғаннан кейін, сәуір айында басталған еді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста