Әкемнің өмірін ұзартуға көмектесіңіздерші!
Құрметті қауым, қайырымды жандар! Мен Сіздерден көмек сұрауға мәжбүр болып отырмын. Өзім полиция офицерімін, әкем ІІМ жүйесінің әділ де білікті офицері, Бас Әскери Прокуратураның зейнеткері, сондай-ақ бұрынғы судья, адвокат Құсатаев Ерлан Тельманұлы 1964 жылы туылған. Ғұмырын мемлекетіміздің заң саласына арнаған әкеммен мақтанамын. КСРО-ның ІІД Жоғары мектебін тәмамдағаннан бері қазіргі бүгінгі күнге дейін Ерлан Тельманұлы өз елінің абыройы мен болашағы үшін аянбай еңбек етті.Енді ғана зейнетке шығып, еңбегінің жемісін, бала-шаға, немерелерінің қызығын көретін шақта әкеміз ауыр дертке шалдығып, бәріміздің басымызға үлкен сынақ түсіп отыр. Қазір отбасымызбен әкеміздің өмірі үшін күресудеміз.
2020 жылдың 13 мамырында әкеме «острый мейобластный лейкоз М5, острый мейолойедный лейкоз» диагнозы қойылды. Өкінішке орай, бұл қан обырының өте ауыр түрі. Содан бері ол Нұр-Сұлтан қаласындағы Онкология және трансплантология ғылыми орталығында химия-терапия алып жатыр.
Ешқандай шен де, атақ пен даңқ та, қызмет те, өлімге қарсы тұра алмайды, денсаулығыңды қалпына келтіріп бере алмайтыны белгілі. Алайда медицина бізге әкемнің өмірін сәл ұзартуға мүмкіндік берді. Сондықтан мен әкемнің өзін жақсы көретін отбасының ортасында ұзағырақ өмір сүруіне көмектескім келеді. Әкем мемлекет пен халық алдындағы өзінің міндетін мүлткісіз, әділ атқарды. Бірақ дәл қазір әкемнің еміне қажет қаражатты біздің қалтамыз көтере алмай тұр.
Дерттен айығу үшін жілік майының толық трансплантациясы қажет, бұл ота өте күрделі. Өкінішке орай, Қазақстанда жілік майының транспланталогиясы бойынша дәрігерлердің тәжірибесі аз, ал шетелде мұндай отаны жасау әлдеқайда дамыған. Шетелдік клиникаларда ота жасау қымбат, шамамен 150.000 АҚШ доллары.
Дәл қазір әкем нағыз офицерге тән мінезімен жанына батқан ауруына, препараттардың кері әсеріне қарамастан химия-терапия курсын өтіп жатыр. Әкем үнемі «нағыз офицерлер жолдастарын жарты жолда қалдырмайды» деп айтып отырады. Мен әкемнің әріптестері бізге көмек қолын созады деп үміттенемін. Туған-туыстың, басқа да мейірімді жандардың көмегімен әлеуметтік желілер арқылы әзірге 8 000 000 теңгедей жинадық. Ендігі уақытта осындай қиын жағдайда әкемнің әріптестері қолдау білдіретініне сенімдімін.
Бұл хатта мен өзімнің және отбасымның басына түскен уақытша қиындықтармен бөлістім. Біз бұл сыннан да өтеміз деп үміттенемін, әуелі Аллаға, сосын әкеме сенемін.
Қымбатты қауым, офицерлер, қайырымды адамдар, осы ақпаратты барынша таратуға көмектессеңіздер екен. «Көп түкірсе – көл» демекші, ақпаратты таратуға атсалыссаңыздар, әкемнің еміне қажетті қаржының тез жиналуына септіктеріңіз тиер еді.
Әкемнің әріптестеріне, осы жазбаны оқып отырған баршаңызға мықты денсаулық тілеймін, өздеріңізді және жақындарыңызды аялаңыздар.
Алдын ала баршаңызға алғыс айтамын! Мені түсінеді деп үміттенемін, осындай бейбіт заманда әкелер балаларының жанында аман жүрсе екен!
Аз да болса қол ұшын берем деушілерге әкеміздің екінші қызы Құсатаевв Айдана Ерланқызының атына счет ашылған.
Реквезиттер:
АҚ Kaspi bank
ЖСН 931220450421
Тел. 8-701-844-08-24
Карта номері:
5169 4971 2632 6101
Счет номері:
KZ37722C000016034464
Құрметпен: Қиянбекова Әсел Ерланқызы,
байланыс номері: 87021850102