Алматылық нейрохирургтер 7 айлық баланың миына ота жасады

Алматылық нейрохирургтер 7 айлық баланың миына ота жасады

Алматы қалалық №2 балалар клиникалық ауруханасында әлемдік деңгейде ота жасалды. Кішкентай пациент Павлодар қаласынан келген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Балаға ауыр диагноз қойылған. Мамандардың айтуынша, мұндай ота елімізде екінші рет жасалып отыр. Алғашқысы Германиядан келген профессор Ульрих Томаленің қатысуымен өткізілген шеберлік сағаты аясында жүргізілген. Қазіргі уақытта №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасында нейрохирургтар 4 дербес ота жасады. Барлық операциялар сәтті өтіп, оң нәтижемен аяқталған.

 

Ота біздің эпилептолог дәрігерлеріміздің қатаң ұсынымдары бойынша жүргізілді. Ота жасаған Яна Акчурина, Жасұлан Өтебековтер өз шеберліктерін танытты. Бұл ота эпилепсия диагнозы қойылған кез келген адамға жасалмайды. Бұл - аз инвазивті хирургия. Ауруханамыз заманға сай, жаңа технологиямен жабдықталған. Соның арқасында ота сәтті шықты. Заманауи нейронавигациялық жүйенің «Augmented reality» деп аталатын құрылғысымен қамтамасыз еткен басшылыққа рахмет. Дегенмен ота жасаудың өзі оңай болған жоқ, себебі баланың басы кішкентай, біз ота жасайтын бөліктің іші өте тар болды. Ал біз патологиялық импульстердің берілуін тоқтату үшін "ауру" жарты шарды екінші жарты шардың "сау" жолдарынан өткіздік. Алдағы уақытта баланың денсаулығы жақсы болады деген сенімдеміз, - дейді № 2 МКҚК нейрохирургі Азамат Жайылғанов.

 

Ал Хамзаның анасы ұлының бір күнде 50 рет ұстамасы ұстайтын кездері болғанын айтты. Ол тек оянып, көзін ашып, бірер сәтте кейін ұйықтап қала беретін болған.

 

Сәбиімнің мұндай халін көру ауыр болды. Сондықтан өзімді қолға алып, оған ота жасатуға бел будым. Дәрігерлер алып кетіп бара жатқанда да қорқып, қасында отыруды сұрадым. Жансақтау бөлімінен шығарғанда, көз ілмей қарап отырдым. Қазір денсаулығы жақсы. Біз бұған дейін Францияға өтініш білдірген едік. Дегенмен, бұндай отаның құны 50 мың еуро тұрады екен. Қазақстанда ота №2 МКҚК жағдайында МӘМС аясында тегін жасалды, – деді баланың анасы Әйгерім Егеубай.

 

Сәбидің туыстары №2 МГКБ басшылығы мен дәрігерлеріне баланың эпилепсиясыз өмір сүруіне мүмкіндік бергені, отаны сәтті аяқтағаны үшін алғыс білдірді.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста