Асылып өлген адамнан мәйітханада коронавирус анықталды
Асылып өлген адам вирус жұқтырған болып шықты. Редакциямызға Түркістан қаласынан хабарласқан тұрғындардың сөзінше, Нұр-Сұлтанда тұрып жатқан бауыры өзіне қол жұмсап қайтыс болған. Елордадан бауырларының денесін күтіп отырғанда, жергілікті әкімдіктен келгендер марқұм короновирус жұқтырған депті.
Шенеуніктердің сөзінше, марқұмды мәйітханада тексергенде соvid-19 вирусы анықталған. Ал елордалық дәрігерлер анықтамаға буынып өлгенін анық жазып беріпті. Сондықтан мәйітті де туыстарының қолына бере салған.
Вирус жұқтырды деген сараптама қорытындысы Түркістан облысына мәйіттен кейін ілі-шала жеткен.
Ауруға қатысты нақты қорытындыны білмей тұрып, мәйітті неге туыстарына бергенін Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасы әзірге түсіндірген жоқ.
Ал мәйітті алып келген үш адам енді карантинге жатуы тиіс.
Тәжібек Мұсаев, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары:
- Асылып өлген. Асылып өлгеннен кейін короновирусы бар мәйітханада анықталған. Арнайы хабарлады бізге. Мемлекеттік сараптаманың арнайы хатын алдық. Бекерден-бекер әуре болып жүрмейміз ғой, жұмыстан қалып. Түске дейін облыстық СЭС мамандары, имамдар бар, түсіндіру жұмысын жүргіздік. Жұрт үсінгісі келмейді. Анасы бар, туысқандары бар.