Балаларға тегін дәрі-дәрмек қандай жағдайда беріледі?

Балаларға тегін дәрі-дәрмек қандай жағдайда беріледі?

Белгілі жастағы балаларға және белгілі ауруларына байланысты тегін дәрі-дәрмектер беріледі. Тегін дәрі-дәрмектер балаларға республикалық және жергілікті қаржының есебінен беріледі деп хабарлайды islam.kz.

Дәрілік құралдарды тегін алуға ҚР азаматтары толық құқылы. Бұл туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 88-бабында көрсетілген. Бірақ барлық дәрілер тегін берілмейді. Аурудың түріне байланысты ҚР Денсаулық Министрлігі арнайы тізім бекіткен.

Жаңа туылған балалар елімізде тегін «Ана мен бала дәрі қорабымен» қамтамасыз етіледі. Жаңа туған сәбилерге төмендегілерден тұратын дәрі қобдишасы беріледі: Жасыл дәрі; Сутегінің асқын тотығы 3%; Мақта (Стерилденбеген); Дәке; Балалар ұнтағы; Вазелин; Йод; Клеёнка; Дәрі тамызғыш; Кішкене груша; Марганец ерітіндісі; Емізік.

Сонымен қатар, бала өмірінің алғашқы жылдарында ана сүтін алмастырғыштар да беріледі.

Бюджеттік қаражат есебінен тегін дәрілерді төмендегі аурулармен диспансерлік есепте тұратын емделушілер ала алады:

*Қан ауруларының ауыр түрлері;
*Онкологиялық қатерлі ісік аурулары;
*Психикалық аурулар (психоздар немесе бала туғаннен кейінгі ауыр депрессия);
*Бүйрек ауруларының ауыр түрлері;
*Туа бітті жүрек аурулары;
*Анасының іріңді-септикалық ауруларымен ауыруы;
*Эндокриндік аурулардың ауыр түрлері;
*Аллергиялық ауруардың ауыр түрлері;
*Сүт азаюының бастапқы формасы;
*ВИЧ/СПИД;
*Туберкулездің ашық түрі;
*Сүт жетіспеушілігі расталса;
*Галактоземия;
*Фенилкетонурия;
*Кленовый сироп ауруы болса.

Бес жасқа дейінгі балаларға мынадай ауруларда тегін дәрі берілуі тиіс:

Жұтқыншақтың қабынуы, бронхит, тонзилит.

Мынадай аурулармен ауырған 18 жасқа дейінгі балалар тегін дәрімен қамтамасыз етіледі:

Пневмония, темір тапшылығы анемиясы.

Ескерту! Тегін дәрі-дәрмек алу үшін, ең бірінші емделуші тұрғылықты мекен-жайы бойынша емханаға тіркеуде тұруы тиіс. Және диспансерлік есепке тұрып, учаскелік дәрігерге уақытымен қаралуы керек. Емделуші тек бұйрықпен бекітілген дәрі-дәрмектерді ғана тегін ала алады.

Материал egov.kz ұсынған мәліметтер негізінде даярланды
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста