Баланы қандай жағдайда сүндеттеуге болмайды?

Баланы қандай жағдайда сүндеттеуге болмайды?

Сүндеттеу салтымыз ғана емес, қазіргі таңда медициналық жағынан пайдасы бар екені айтылып келеді. Бірі дәстүрлі әдіс - молдаларға сүндетке отырғызып жатса, ендігі бірі хирургтердің көмегіне жүгініп жатады.

Қостанай облысында 10 бала сүндетке отырғызу ережелері дұрыс сақталмағандықтан ауруханаға түскен. Бүгінгі таңда сүндеттеуге молдалардың көмегіне жүгінген қаншалықты дұрыс? Баланы қанша жасында сүндеттеген дұрыс? Осы және өзге де сұрақтарға Алматы қаласының №4 қалалық клиникалық ауруханасының жауапты хирургі Темірхан Қожахметов Тengrinews.kz тілшісіне жауап берді.

Хирургтің сөзінше, соңғы кездері батыс елдері де балаларын жас кезінде сүндетке отырғызады екен.

"Себебі, сүндеттелмеген балалардың сыртқы жыныс мүшесінің қатерлі ісігінің пайда болу қаупі жоғары екені ғылыми түрде дәлелденген", - дейді маман.

Темірхан Қожахметовтің сөзінше, XXI ғасыр медицина ғылымының дамыған заманы болғандықтан баланы сүндеттеуге молдалардан гөрі дәрігер мамандарға жүгіну қажет екен.

"Қазіргі кезде көбіне медициналық дәрежесі және арнайы сертификаты бар дәрігерге медициналық тұрғыда жасатқан дұрыс", - дейді дәрігер.

Дәрігер медициналық сүндеттеудің де бағасын айтып берді. "Бағасына келетін болсақ, шамамен 10 мың мен 30 мың теңгенің аралығында болады. Ол әр медициналық мекемеге байланысты", - дейді Темірхан Қожахметов.

Хирургтің айтуынша, мұсылман қауымы, оның ішінде қазақ халқы тақ сандарды киелі деп есептегендіктен көбіне бала 3, 5, 7 жасқа келгенде сүндетке отырғызған.

"Бірақ, араб елдерінде бала туғаннан кейін, қырқына шықпай жатып сүндеттеп жатады", - дейді маман.

Дәрігердің сөзінше, баланы медициналық тұрғыда сүндетке отырғызу операция болып есептеледі. Сондықтан сүндеттеу барысында асептикалық және септикалық ережелерді сақтамаса, инфекциялар мен вирус жұқтырып алу қаупі жоқ емес.

Маманның айтуынша, халық арасында лазер деп аталғанымен ғылыми тілде электрокагулятор деп аталады. Лазермен сүндеттеу кезінде жыныс мүшесін күйдіріп кеседі екен.

"Сондай-ақ, сыртқы жыныс мүшесінің артық тінін күйдіреміз. Лазермен сүндеттеудің пайдалы тұстары көп. Мысалы, күйдіріп кесу арқылы қан тез тоқтайды. Сонымен қатар, жараны көп тігудің қажеті жоқ және сүндеттегеннен кейін сыртқы жыныс мүшесін гемостатикалық мақсатта дәкемен ораудың қажеті жоқ", - дейді хирург.

Маманның айтуынша, бұрынғы кездері қазақ халқы баланы сүндеттегеннен кейін, қанды тоқтату мақсатында ыстық киіз басқан. Ал қазір лазермен сүндеттеу 21 ғасырдағы медицина саласындағы үлкен жаңалық болып есептеледі екен. Ал медицинада сүндеттеу тәсілін ата-ана өзі таңдайды екен.

"Таңдауға байланысты. Лазермен болса - лазермен, болмаса - қайшы не скальпельмен кеседі", - дейді хирург.

Сонымен қатар, хирург баланы уақытылы сүндеттеу керек екенін атап өтті.

"Біріншіден, бұл мұсылмандықтың белгісі. Екіншіден, әртүрлі қабыну аурулары, сыртқы жыныс мүшесінің қабынуы, әртүрлі ісіктердің пайда болуының алдын алатын тазалықтың белгісі. Баланы сүндетке отырғызу - әрбір ата-ананың парызы болып есептеледі", - дейді Темірхан Қожахметов.

Сондай-ақ, маман баланы кез келген уақытта сүндеттеуге болатынын айтып өтті. Бірақ, қанның ұю функциясы бұзылған балаларды сүндеттеуге болмайды екен. Ондай жағдайда гемофилиямен ауыратын балаларды сүндеттеу гемотологтың нұсқаулығынан кейін ғана рұқсат етіледі.

Баланы дәрігерге сүндетпесе, қандай қауіп бар?

Бүгінде баланы сүндетке отырғызудың медициналық әдістері бола тұра көбі әлі күнге дейін молданың көмегіне жүгінетіні рас. Бірақ, мамандар оның қауіпті екенін ескертеді. Айтуларынша, хирургиялық ота жасалатындықтан, міндетті түрде маманданған дәрігер болуы керек. Баланы молданың сүндеттеуі расында да қауіпті ме? Оның салдары қандай болуы мүмкін? Tengrinews.kz тілшісінің бұл сұрағына елордалық уролог Ернұр Айнаев жауап берді.

Айнаев баланы тек уролог пен хирург мамандар сүндетке отырғызуы керектігін айтады.

"Сүндетке отырғызу - ер баланың зәр шығару мүшесінің ұшындағы хирургиялық жолмен алып та­сталатын тері. Ол стерильді болмауы да мүмкін. Нәтижесінде түрлі инфекциялық аурулар пайда болады. Сондықтан сүндеттеуді медициналық орталықта жасау керек. Себебі, ол жерде арнайы ота жасайтын құралдар болады, барлығы стерильді", - дейді дәрігер.

Осы ретте уролог молданың үй жағдайында сүндеттеуінің қауіптеріне тоқталды.

"Баланы медицинаның көмегінсіз және үй жағдайларында сүндетке отырғызудың бірінші қаупі - инфекция. Құралдар стерильді болмағандықтан, онда инфекцияның түсетіні сөзсіз. Өте абай болу керек. Екінші кезекте бала жылап қимылдай бергеннен кейін қисық кесіліп, мүшенің қисаюына алып келуі мүмкін, терісін көп немесе аз алып қоюы мүмкін. Үшінші қаупі ретінде балада дәрі-дәрмекке аллергия болуы мүмкін, ал молдалар оны көбіне анықтап жатпайды. Яғни, алғашқы көмек дұрыс көрсетілмейді", - дейді дәрігер.

Уролог молдаға сүндетке отырғызған ата-аналардың келіп көмек сұрайтындарын айтады.

"Молдалар көбіне ырымын жасап қана қояды. Сондықтан маған ата-аналар ұлын сүндетке отырғызып болған соң жыныс мүшесінің ісініп кеткенін айтып шағымданады", - дейді Ернұр Айнаев.

Желідегі хабарламаларға қарағанда, сүндеттеудің нақты белгіленген бағасы жоқ. Бұл қызмет мемлекеттік ауруханаларда 10 мың теңге төңірегінде. Бірақ, кейбір жеке клиникаларда бекітілген бағасы бар екен. Ол 5 000 - 30 000 теңге аралығында болуы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 


 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста