Бас ауруының басты себептері
Бас ауруы – адамға әртүрлі дәрежедегі ауырсыну әкелетін және көп қолайсыздық тудыратын сырқат. Оған себеп көп: психикалық және эмоциялық шаршау, бас миы тамырларының склерозы, бас сақинасы, мидың органикалық аурулары (ісік, инсульт және т.б.) және басқалар. Бас ауырғанда ауырсынуды жоятын дәрілер ішу міндетті емес. Халық емінің бас ауырғанда көмектесетін көптеген әдістері бар, бірақ алдымен дәрігерге барып, ауру себебін дәл анықтап алғаныңыз дұрыс.
Мамандардың айтуынша бас ауруы 45 түрлі аурудың белгісі ретінде көрініс табатын көрінеді. Сондықтан ауруды басу үшін алдымен себебін анықтау қажет.
Кофеин
Кофеин шектелген шамада адам ағзасы үшін зиян емес, тіпті пайдалы. Айта кетсек ол бірнеше дәрілердің құрамына кіреді. Алайда кофені жиі, тұрақты түрде көп ішу тұрақты бас ауруының пайда болуының себебі бола алады. Күнделікті ішетін кофенің шамасын қысқартыңыз, алайда бірден кофеден мүлдем бас тартқан да дұрыс емес.
Сыр
Бастың ауруы қарапайым күнделікті жейтін сырға байланысты болуы мүмкін. Әсіресе көгілдір сыр, чеддер, пармезан мен швейцариялық сырлар бас ауруын туғызады. Басқа осы сырлардың құрамындағы тирамин атты зат әсер етеді. Сыр ұзағырақ тұрған сайын ішіндегі тирамин көрсеткіші өседі.
Шұжық
Шұжықтардың құрамында бас ауруын туғызатын тирамин мен нитриттар атты химиялық қосылғыштар бар. Тағамға қосылатын химиялық түземдер кейбір адамдарда бас ауруын тудыруы мүмкін.
Аштық
Ас уақытын жіберіп алып, тамақтанып үлгермесеңіз, бастың ауруы аштық сезімінен де бұрын сезінесіз. Мәселе қанның құрамындағы глюкоза шамасының азаюында. Мұндай кездері тіскебасар (тәтті кәмпиттер, шоколад, печенье) көмекке келе алмайды, оданша толыққанды ас ішіңіз.
Темекі шегу
Темекі шегу бастың айналып, ауырыуының бірден-бір себебі. Темекі шегіп тұрған кісі өзінің де, қасындағылардың да денсаулығына үлкен зардап тигізетіні белгілі. Никотинмен дем алу мидағы қан тамырларының тарылуына әкеледі, нәтижесінде басыңыз қатты ауырады. Темекі шегуді қойып, шылым шеккен адамдардың қасында тұрудан бас тартсаңыз түсініксіз бас ауруларынан сауыға аласыз.
Стресстік жағдайлар бас ауруының басты себептерінің бірі
Күнделікті бір орында жұмыс істейтіндер бас ауруына жиірек шалдығады. Бас ауруын тез жаза алатын оңай дауалардың бірі –жеңіл физикалық жаттығулар. Жұмыс орнынан тұрып, кеңсені бір айналып келіңіз. Далаға шығып қол мен аяққа жеңіл жаттығулар жасаңыз.