"Бүйрегіңді сатасың ба?"...

"Бүйрегіңді сатасың ба?"...

Қазір ғаламторды барлай қарасаң, «бір бүйрегімді сатамын, бауырды саудаға саламын» дейтін жарнамаларды көптеп табуға болады. Яғни, адам ағзасысының саудасы қызу. Әрине, бұндай сауданың ашық түрде сатылуына заңмен тыйым салынған. Заң бойынша бізде тек туыстық трансплантация, яғни туыс-туған адамның ағзаларын ғана науқасқа салып беруге рұқсат бар. Саудаласу туралы әңгіме жоқ. Соған қарамастан қазақстандықтар жолын тауып, өз ағзаларын саудаға салып жүргені анық байқалады. Әрине, бұл да амалсыздан. Тоқтық қана емес, жоқтық та не істетпейді? Сөйтіп, ебін тапқандар бүйрегін басқаға сатып, ақша тауып та жүрген көрінеді. Мұндайда науқас пен донордың арасындағы дәрігер де құр қол қалмайтын көрінеді. Жақында осындай «сауда-саттықтың» арасында жүріп, болған жайттарды көзбен көріп тұратын бір қарындаспен жолығып қалған едік. Өзінің аты-жөнін айтып-көрсетпеуді сұраған ол «Алаш айнасы» интернет-порталына еліміздегі адам ағзаларының саудасы туралы айтып берген болатын.
– Бізде заң бойынша бөгде адамға өз ағзаңды беруге тыйым салынған емес пе? Сіздің сөзіңізге сенсек, ағза саудасы қызып тұрған секілді. Мүмкін, сол қазір бүйрек, я бауыр алмасып жатқандардың барлығы бір-біріне туыс болып келетін шығар? Қарға тамырлы қазақтың құда-жекжаты көп қой...
– Әй қайдам, операцияның алдында дайындық болады ғой. Сонда донорды көріп кетуге келетін науқастардан: «Кімге келдіңіз?», – деп сұрағанда, оның тіпті аты-жөнін де дұрыс айта алмай, бөгеліп жатады. Соның өзінен-ақ екеуінің бір-біріне ешқандай туыс емес екендігін түсінесің. Тіпті біз ағайындымыз, бірге туғанбыз деп өздерін жасыратындар да бар. Қарасаң, біреуі таза қазақша сайрайтын шымкенттен, екіншісі мүлдем қазақша ауыз аша алмайды. Қысқасы, қазір ондай сауда бар, бірақ әрине бәрі жасырын. Құпия жүреді.
– Дегенмен, туыстық байланысты анықтау үшін олардан заңды бір құжат сұрайды ғой?
– Шындығын айтайық, қазір ағза алмастыру үшін пәлендей құжат сұрамайды. Донор өз ағзасын беруге дайын болса, олар науқас екеуі нотариусқа барып, тиісті құжаттарды рәсімдеп алады. Соның негізінде операция жасалады. Әрине, ол үшін дәрігерге де «бірдеңе» беру керек. Қазақтар «ауызбастырық» деп те жатады ғой.
– Өз ағзасын саудаға салатын донорлар тұрмыстық жағдайы нашар болғаннан кейін амалсыздан келеді дегенді талай рет естігенбіз...
– Иә, көбінесе, солай болады. Мәселен, мен істеген жерге оңтүстіктен бір ер адам келді. Көпбалалы отбасының отағасы екен. Ол амалсыздан бүйрегін сатуға келісім берді. Содан біршама ақша тауып кетті.
– Ондай саудадан көп ақша түсе ме екен?
– Мәселен, бүйректің қазіргі «ставкасы» – 70 мың доллар. Бір адамның өзінің досына бүйрегін беріп, сол үшін досынан бір жеңіл көлікпен қоса 25 мың доллар алғанын білемін.
– Трансплантация жасаған кезде донор мен науқас қатар жата ма?
– Былай ғой, донорды операцияға дайындайды. Алдымен қырып-тазалап, төсекке жатқызып қояды. Сосын дырылдатып ота жасау бөліміне апарып тастайды. Ал реципиент, яғни бүйрекке зәру адам басқа жерде күтіп жатады. Донордың бүйрегін алғаннан кейін ағзаны мұзға салады. Одан кейін арнайы ертіндімен жуып-шайып, дайындап қояды. Былайша, айтқанда біздің мамандар бұған әбден жетілген деп мақтануға да болады. Өйткені, бүйрек алмастыру операциясы аппендицитті алғанымен бірдей. Бүйректі алып тастағаннан кейін барлық қан тамырларын бітеп тастайды, болды. Ал оның сыртқы тігісі еш білінбей, жазылып кетеді. Түк көрінбей қалады. Сөйтіп, донорды әкетіп, ағза дайын болғанда оның орнына науқасты кіргізеді де, бүйректі салып бере салады.
– Алайда сол бүйректің басқа ағзамен біте қайнасып кетуіне ешкім кепілдік бере алмайды емес пе? Кейбіреулер «бөтеннің» дүниесін қабылдай алмайды дегендей...
– Иә, оған ешкім кепілдік бере алмайды. Басқаларды былай қойып, бізде бір баланың ағзасы туған әкесінің бүйрегін қабылдамай қойған жағдайлар да орын алған. Бұлардың бәрі науқастарға, донорларға алдын ала ескертіледі ғой.
– Жалпы, бүйректі сатқан адамның денсаулығы қалыпты бола ма? Бір бүйрегі бар адам ұзақ жасамайтын шығар?
– Адам бір бүйрекпен жүз жыл жасай алады. Рас айтамын, адам неше жыл өмір сүрсе, сонша жыл бүйрегі жасай береді. Дегенмен, бір бүйрекпен ғана жүретіндерге шектеулер де жоқ емес. Мысалы, оларға сұйықтықты аздап ішуге тура келеді. Сыра, арақ және тағы басқасын көп ішуге болмайды. Қатты секіруге, ауыр заттар көтеруге және соққы алуға болмайды. Осындайларды сақтаса, онда негізінен бір бүйрекпен ғана өмір сүрудің еш қиындығы жоқ.
– Дегенмен, қыз балаларға бүйректі беруге болмайды-ау деймін?
– Рас, нәзік жандыларға бұл мәселе қиын. Қыз-келіншектерге бір бүйрексіз бала туғанда ауыр болады. Ондайда екі бүйрек қажет. Әйтпесе, жалғыз бүйрек істемей қалса, зәр шығару тоқтайды. Сұйық сыртқа шықпағаннан кейін адамның денесі ісіп кетеді. Бауыр токсиндерге шыдай алмай қалады... Ақыры нашарлап кетуі де ықтимал. Сондықтан бұны байқау керек.
– Қазіргі ағза ауыстыратын оталардың басым бөлігі саудаласу, сату арқылы жасалады деуге бола ма?
– Жоқ, бір-біріне шынымен де туыс болып келетін азаматтар көп. Туған әкесі баласына беріп жатады, кейде керісінше баласы анасына дегендей. Бірақ жаңағы айтқанымдай, өзара келісіп, бір-бірін ғаламтор арқылы тауып, ақшаға істейтіндер де жоқ емес.
– Ал туған-туысы мен ақшасы жоқ науқастар қайтеді?
– Шыны керек, оларға қиын, күтіп жатады. Ондай науқастарға бірден бір мәйіт трансплантациясы көмектесуі мүмкін. Мәселен, жаңа ғана жол апатына ұшыраған немесе қатты жарақат алған адам өлім алдында жатады. Егер оның бір-екі туысы рұқсат берсе, қажетті ағзаны науқасқа салып беруге болады. Бірақ ол жұмысты адам өлмей тұрған кезде шұғыл жасау қажет. Бұл жағы енді күрделі мәселе. Қазір біреуден ағза тұрмақ, басқа бірдеңе алудың өзі қиын емес пе. Дегенмен, кейбір жағдайда адамдар мәселенің мәнісін ұғынып, өлім алдындағы адамның жағдайын қарап, бәрін екшеп барып, мұндай қадамдарға барып та жатады.
– Демек, ауыр жағдайға түскен адам қайтыс болғанша оның ағзасын алып үлгеру керек, ал кейін оның ағзалары жарамсыз болып қалады?
– Иә, солай. Өлген адам ағзаларының істеп кетуі екіталай. Дәрігерлер ондай тәуекелге көп бара бермейді. Дегенмен, ондай ағзаларды бір-екі кісіге салғанын көрдім. Істеп кетті. Мен өзім таңқалдым. Негізі, ондай ағзаның істеп кетуі адамның өзіне байланысты ғой деймін. Оның ағзасы оны ары қарай алып кетсе, істеп кетеді, әйтпесе бәрі бекер болып та жатады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста