Дәрігерлер кеңесі: Балаларды жұқпалы аурулардан қалай қорғау керек

Дәрігерлер кеңесі: Балаларды жұқпалы аурулардан қалай қорғау керек

Күзде және қыста респираторлық вирусты инфекциялар күшейеді. Оның ішінде ауыр жұқпалы ауру саналатын тұмау да бар. Мұндай вирустардың көбі адамнан адамға ауа-тамшы жолымен таралады. Бүгінгі күні бұл аурулардың алдын алудың тиімді жолдары ретінде гигиена мен салауатты өмір салтын сақтауды, денсаулықты нығайтып, дұрыс әрі теңгерімді тамақтану жолын жатқызуға болады. Осы ретте медицина ғылымдарының докторы, профессор, Дәрі-дәрмектерді сараптау ұлттық орталығының сарапшысы Жанат Сатыбалдиева ҚазАқпарат тілшісіне тұмау мен ЖРВИ-ді жұқтырып алмаудың жолдарын айтып берді.

Маманның айтуынша бөлмені желдету - аурудың алдын-алудың маңызды және тиімді ережелерінің бірі. Бөлмені жиі және қарқынды түрде желдетіп, ауаны ылғалдандыру қажет. Одан бөлек дәрігерлер өзіңізбен бірге дезинфекциялық майлық пен спрейлерді алып жүруге кеңес береді. «Мұрынның шырышты қабығын бақылаңыз, оны әлсіз тұзды ерітіндімен сулап, тұзды ерітіндімен аузыңызды, тамағыңызды шайыңыз. Су, шырын түрлерін, шайды көп ішіңіз. Біз үнемі айтып жүрген коронавирус инфекциясының алдын-алу жөніндегі барлық шаралар - ЖРВИ мен маусымдық тұмауға да қатысты. Ол ауруларға қарсы жыл сайын екпе жасалады», - деп еске салады Жанат Сатыбалдиева.

Сонымен қатар, дәрігердің пікірінше, ата-аналар мектеп оқушысының ұйқы режимі мен тамақтануына баса назар аударуы керек. Таза ауада серуендетуді де ұмытпауы тиіс. Бала күніне кем дегенде сегіз сағат ұйықтауы қажет. Өйткені оның ұйқысы қанбай қалса иммунитеті мен оқу қабілеті нашарлауы мүмкін. «Балалар тамақтана отырып, өз иммунитетін қалыптастырады. Тамақ теңгерімді әрі нәрлі болуы керек. Зиянды өнімдердің мөлшерін барынша азайта білген абзал. Жаңа піскен көкөністер мен жемістерді көбірек тұтынған жөн, ет өнімдерін қуырмай, қайнатып, сорпа-су еткен жөн. Витаминдік кешендерді де ұмытпай, балаларға психикалық қысым жасамау керек», - дейді дәрігер. Тұмаудан қорғаудың сенімді әдісі - вакцинация. Ол тұмау вирустарына қарсы тұру жолында иммундық жүйені едәуір ынталандырады. Вакцина егілген кезде денеде қорғаныс антиденелері пайда болады, олар нақты вируспен кездескенде күшейіп, оны тез еңсереді. «Егер, мысалы, адам бірнеше жыл бойы жыл сайын вакцинация алса, онда оның иммунитеті үнемі сергек болады. Тұмауға қарсы маусымдық вакциналар өндірушілер жыл сайын ДДСҰ ұсынысы бойынша штамм құрамын өзгертеді, өйткені эпидемиялық маусымда тұмау вирусының әртүрлі штамдары айналады. Ауырған вакцинацияланған адамдар тұмауды жеңіл өткереді», - деп атап өтті Жанат Сатыбалдиева.
ҚазАқпарат

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста