Елде жүйке-бұлшық ет атрофиясын емдейтін құрылғы мен дәрі жоқ – науқастар

Елде жүйке-бұлшық ет атрофиясын емдейтін құрылғы мен дәрі жоқ – науқастар

Елде жүйке-бұлшық ет атрофиясы диагнозы анықталған 400-ге жуық дімкәс бар. Бұл арнайы қоғамдық қордың көмегіне жүгінгендердің саны ғана. Басты мәселе сырқаттың санында емес, оны емдейтін құрылғылар мен дәрілердің жоқтығында.

 

Нақтырақ айтсақ, әлемде жүйке-бұлшық ет атрофиясына арналған үш препарат та – шетелдік өндірістікі. Ал сырттан қымбат дәрі мен өкпені жасанды желдету құрылғысын сатып алуға әркімнің қалтасы көтере бермейді.

 

Қоғамдық қор өкілдері болса, жылдар бойы осы ауруға үкіметтің назарын аударта алмай келеміз дейді.

 

Облыстық, қалалық денсаулық сақтау басқармалары да қауқарсыз.

 

Айта кетейік, «арқа бұлшық еті атрофиясы» ем қабылдамаса, науқас ағзасындағы барлық бұлшық еттің, оның ішінде өкпе мен жүректің біртіндеп кемуіне әкелетін генетикалық ауру. 

 

Сабиля Шүгелова, қоғамдық қор директоры:

 

– Өкінішке қарай мұндай ауруға шалдыққан балаларды тұрақты емдеп отырмаса, жағдайы күрт қиындайды. Тіптен, өкпені жасанды желдету құрылғысына тәуелді болып қалады. Біздің қоғамдық қорда осындай 20 бала өкпені жасанды желдету құрылғысымен дем алады. Біздің елде осы ауруға қатысты мәселе шешімін таппай келеді. Құрылғылар мен қымбат дәрілерді сатып алу мемлекет тарапынан жасалса дейміз.

 

 

 

24.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста