Елімізде заңдардағы "мүгедек" терминін өзгертеді
Қазақстанда "мүгедек" терминін "мүгедектігі бар адам" деп ауыстыру жоспарланып отыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы" Конституциялық заңға түзетулер жобасының тұжырымдамасын талқылауға шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
2015 жылы ратификациялау және Конвенцияға Факультативтік хаттамаға қол қою арқылы Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдардың экономикалық, азаматтық, әлеуметтік және мәдени құқықтарын толық іске асыру үшін халықаралық стандарттарды имплементациялау бойынша міндеттемені өз мойнына алды.
"БҰҰ ұсынысы бойынша Конвенцияны ратификациялаған бірқатар елдер заңнамада "мүгедек" терминін "мүмкіндігі шектеулі адам"деп өзгертті. Ресейдегі Конвенцияны орындау жөніндегі ұлттық баяндаманың қорытындысы бойынша БҰҰ-ның Мүгедектердің құқықтары жөніндегі сарапшылары да терминологияға қатысты өз ескертпелерін айтып, осы санаттағы азаматтарға қатысты неғұрлым дұрыс терминологияны пайдалануды ұсынды.
"Шырақ" мүгедектігі бар әйелдер ассоциациясы" ҚБ Қазақстандағы БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) өкілдігінің қолдауымен және халықаралық сарапшылардың қатысуымен "Стигма мен кемсітушіліктен бос балалар мүгедектігі бойынша дефинициялар мен индикаторларды әзірлеу" мүгедектігі бар балаларға қатысты кемсітуші терминологияны анықтау мәніне ұлттық заңнамаға талдау жүргізді.
Кодекстерді, заңдарды, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, бұйрықтарды түгендеу мүгедектік белгісі бойынша кемсітуге алып келетін терминологияның пайдаланылатынын анықтады. Олар – "мүгедек балалар", "мүмкіндіктері шектеулі балалар", "кемшілік", "ақау", "ақыл-ой кемістігі", "түзету", "дамымау", "қалыпты дамудан ауытқу", "ақыл-ой бұзылуы", "жарақат", "ақыл-ой кемістігі". Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша сарапшылар мүгедектігі бар балаларға қатысты ұлттық заңнамада қолданылатын терминологияны өзгертуді ұсынды.
Осылайша, кемсітушілік терминологиясы пайдаланылатын қолданыстағы бірқатар заңнамалық актілерге "мүгедек" дефинициясын "мүгедектігі бар адам", "мүгедек бала" терминдеріне "мүгедектігі бар балаға" өзгерту бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады.
Конституциялық заң жобасының тұжырымдамасын жария талқылау 2021 жылғы 8 маусымда аяқталады.
Stan.kz