Ғалымдар құмырсқалардың иіс арқылы қатерлі ісік клеткаларын анықтай алатынын айтты
Францияның Ұлттық ғылыми зерттеулер орталығы, Париждегі Сорбонна университеті, Кюри институты және Inserm компаниясының бір топ ғалымдары құмырсқалардың адам бойындағы қатерлі ісік ауруын анықтай алатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Эксперимент аясында мамандар 36 жәндікке бақылау жасады. Ғалымдардың айтуынша, Formica fusca түрінің құмырсқалары бірнеше минуттық жаттығудан кейін сау адам ағзасынан қатерлі ісік жасушаларын ажыратты. Мамандар әрбір жасуша сызығының құмырсқалар анықтайтын өзіндік иісі бар екенін түсіндірді.
Әдістің тиімділігін бағалау үшін қосымша тестілеу қажет. Дегенмен ғалымдардың айтуынша көрсетілген нәтижелер құмырсқалардың қабілеті жоғары екенін білдіреді.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу