"Кішкентай қыздың жеңісі": Қатерлі ісікке шалдыққан Алима Көпейдің ата-анасы қуанышты бейнежазбамен бөлісті (видео)
Алима Көпейдің ата-анасы қуанышты бейнежазбамен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қатерлі ісікке шалдыққан бүлдіршіннің ата-анасы жақсы жаңалығымен бөлісіп, желідегі парақшасында жазба қалдырған. Соңғы химиясынан кейін жағдайы оңалған Алиманың ата-анасының қуанышында шек жоқ. Олар қасынан табылған жандарға алғыстарын жаудырды.
"Біздің оқиғамызға қатысы бар әрбір мейірімді адамға дұға-тілектеріңіз, қолдауларыңыз, ниеттеріңіз үшін алғыс айтамын. Дәл қазір ғана оқиғамыздың қаншалықты ғажап екенін сезіне бастағандаймын. Кішкентай қыздың жеңісі әлемді тәнтті етті. Қайғылы кездерімізде жанымызда болғандарыңызға, қуанышымызды бөліскендеріңізге рахмет", - деп қуанышымен бөлісті Алиманың анасы.
Ауруды жеңген Алима Көпей алғашқы бала болып жазылу қоңырауын соқты. Қазір оның жағдайы жақсарып, онкомаркері қалыпты нормаға түскен. Қазір қыздың денсаулығы ойдағыдай.
"Бүгін ғажап күн. Мен өмірді жақсы көремін. Сен ғажапсың. Соңғы химиядан соң, өзіміз жатқан бөлімшедегі қоңырауды сылдырлаттық. Онкомаркеріміздің деңгейі қалыпты жағдайға келді. Алима қоңырау соққан алғашқы бала болды", - дейді бүлдіршіннің ата-анасы.