Күлкі терапиясы қандай ауруларға ем?

Күлкі терапиясы қандай ауруларға ем?

Күле білу – адамның маңызды қасиеті. Сәтсіздіктерге күле білу оларды жеңуге және сынбауға көмектеседі. Әдемі күлкі көбінесе адамдар арасында достық қарым-қатынас орнатуға әсер етеді.  Күлкі көңіл-күйді, адамның физикалық жағдайын жақсартады. Зерттеулерге сәйкес, көңілді адамдар аз ауырады, азырақ депрессияға ұшырайды және ұзақ өмір сүреді.

Бүгінде күлкі терапиясы деген ұғым бар.  Кейбір дәрігерлер күлкіні аурумен күресу үшін пайдаланады. Мысалы, Жапонияда туберкулезбен ауыратын науқастарға басқа медициналық шаралармен қатар күлкі тағайындалады.  Голландияда әрбір ауруханада басқа қызметкерлермен тең дәрежеде қызмет атқаратын сайқымазақтар жұмыс істейді.
Балалар күніне кем дегенде 300 рет күлсе, ал ересектер өз кезегінде небәрі 40 рет күледі. Күлкі – биологиялық мақсаты жоқ сияқты көрінетін рефлекс, бірақ ол көбінесе жалғыздықтан арылуға, агрессияны жұмсартуға, дауларды жеңуге, тіпті теңсіздік мәселесін шешуге көмектеседі. Адам күлген кезде ағзаның қорғаныс механизмдері іске қосылады, иммунитетті нығайтады, ауруларды жеңуге әсер етеді.  Күлгенде қан тамырлары кеңейеді, қан қысымы төмендейді, бұл артериялық гипертензиямен ауыратын адамдар үшін өте пайдалы.  Тіпті күлкінің гелотология деп аталатын ғылымдық емі бар. Күлкі – әмбебап құрал, өйткені ол барлық ауруларға, әсіресе психикалық ауруларды емдеуге көмектеседі. 
Бірақ келемеж және басқа да жағымсыз эмоциялар өмірді ұзартпайды.  Керісінше, олар бізді мұңайтып және психикалық ауырсынуды сезіндіреді, бұл ешқандай жағдайда ұзақ өмір сүруге ықпал етпейді.


Күлкі терапиясы дегеніміз не және ол қалай пайда болды? 
Күлкі терапиясы ( гелототерапия) – пациенттің өзін, мінез-құлқын және көңіл-күйін жақсы түсінуге көмектесетін психотерапиялық тәжірибе.  
Гелотология немесе күлкі туралы ғылымның негізін 1960 жылдары Стэнфорд университетінен американдық психиатр Уильям Фрай қалаған. Күлкі терапиясының эмоционалды және физикалық әл-ауқатты жақсартуға, проблемалық мәселелерді тиімді шешуге, адамның ой-өрісін кеңейтуге және рухани байытуға көмектеседі. 
Алғаш рет америкалық журналист Норман Кузинс XX ғасырдың 60-шы жылдары да бұл ем туралы күліп айтты.  Оған коллаген ауруы (коллагеноз) және спондилит (омыртқаның қабынуы) диагнозы қойылды. Кузинс оптимист  және эмоциялар адамның денсаулығын анықтайды деп сенді.  Ол С дәруменінің үлкен дозаларымен және күлкілі телешоулар мен комедияларды көру арқылы арқа ауруымен күресе бастады. Және нәтижесінде ауруынан айықты. Бүгінде әзіл-сықақтың адам денсаулығына әсерін Халықаралық әзлді зерттеу қоғамы (ISHS) мен қолданбалы және емдік юмор қауымдастығы (AATH) зерттеуде. 


Күлкі терапиясының бірнеше бағыттары бар:
• Классикалық — гелотологтар сеанстарда әзіл айту арқылы  комедиялар тізімін ұсынады, әзіл-оспақ әңгімелер оқиды және т.б.
• Күлкі терапиясы – басқа тәуелсіз әдіс немесе авторлық техниканың бөлігі ретінде: тыныс алу жаттығулары (рефлекторлық күлкі), қытықтау, жасанды күлкі, медитация және күлкі йогасы арқылы 
• Медициналық (аурухана) сайқымазақ – әртістердің ұзақ емделіп жатқан балаларға арналған әзіл-оспақ қойылымдары.


Күлкі терапиясының тиімділігіне дәлел бар ма? 
Ғалымдар бұл тәжірибенің ағзаға бірқатар оң әсер ететінін анықтады. Тіпті Уильям Фрай өзінің алғашқы тәжірибелерінде күлкі кезінде ағзада иммундық жасушалар белсендірілетінін анықтады.  Бұл заманауи зерттеулермен расталады. Күлкі атопиялық дерматитпен ауыратын науқастарға аллергендерге аз жауап беруге көмектесетіні де көрсетілген.
Басқа бекітілген оң әсерлер де жетерлік. Мысалы: 
• ауырсынуды азайтуға көмектеседі;
• стресс гормонының кортизолын, сондай-ақ гипертония мен жүрек жеткіліксіздігінің даму қаупін арттыратын адреналин өндірісін блоктайды;
• қан қысымын төмендетуге көмектеседі және тиісінше жүрек-тамыр ауруларының ықтималдығын азайтады;
• эндорфиндердің өндірісін ынталандырады;

Күлкі әзілмен және тапқырлықпен байланысты болғандықтан, кейбір гелототерапияны жақтаушылар әзілді емдік деп қарастырады. Бұл емдік күлкі табиғатынан оң екенін білдіреді. Теориялық тұрғыдан мұндай эмоциялар адамға өзін және айналасындағы әлемді жақсы түсінуге көмектеседі, оған жағымды тәжірибе береді. Ал терапиялық емес юмордың мысалы ретінде біреудің үстінен күлу, яғни қорлау құралына айналатын және агрессияға негізделген жағдайды да айтуға болады. 

Жарқынай Баккумек

bugin.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста