"Омикронда иіс-дәм сезбей қалу симптомдары байқалмайды": Мамандар жаңа штаммның белгілері туралы айтты

"Омикронда иіс-дәм сезбей қалу симптомдары байқалмайды": Мамандар жаңа штаммның белгілері туралы айтты

Мамандар әлемді дүрліктіріп жатқан "омикрон" штаммының белгілері мен қандай сақтық шараларын сақтану керек екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап.

Коронавирустың "омикрон" штаммы көрші Ресейден анықталды. Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша індеттің бұл түрін он адам жұқтырған. Барлығы Оңтүстік Африкадан келген азаматтар. Ал дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері COVID-19-дың мутацияға ұшыраған жаңа формасы басқа вирустарға қарағанда жеңіл өтеді, дейді. Бірақ, оған өздері де сенімді емес.

 
"Омикрон" штаммы, өзгелеріне қарағанда жылдам тарап жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазір індет 30-дан астам елге жетті, дейді. Олардың қатарына бүгін Ресей қосылды. Шетелден келген бірнеше жолаушының ПТР сынамасы вирустың барын көрсеткен.

Қазақстанда әлі жаңа штам тіркелген жоқ.  Десе де, елдегі ауруханалардың бәрі дайындыққа кіріскен. Дәрігерлердің сөзінше, науқастарда төмендегідей симптомдар байқалса бірден медициналық көмекке жүгінген дұрыс.  

“Біріншіден, кез келген штаммда дене қызуы болады. Екіншіден қатты әлсіздік, бұл дельта штаммында да болды. Үшінші ол ангина сияқты, тамақтың қышып ауруы, жөтел болуы мүмкін. Бірақ та омикрон штаммында иіс-дәм сезбей қалу сияқты симптомдар байқалмаған”, – дейді дәрігер-пульмонолог Айжан Әзіретқызы.

Инфекционист-дәрігер де жаңа штамм туралы нақты ақпарат жоқ, дейді. Айтуынша коронавируспен ауырған адамдар мен вакцина салдырған адамдарда сырқаттанушылық жеңіл өтеді.

"Спутник В" екпесі қорғайды деген мағлұматтар бар. Басқа "Пфайзер" туралы ақпарат бар. Ал, басқа вакциналар туралы айта алмаймын. Өйткені ол туралы мәлімет жоқ бізде”, – дейді дәрігер-инфекционист Құралай Мырамытова.

Дейтұрғанмен елде эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Жағдайды бағалау матрицасының "қызыл" аймағында тек Солтүстік Қазақстан облысы ғана қалып отыр. Қалған өңірлер "сары" және "жасыл" белдеуде. Әлем ғалымдарының пайымына сенсек, арқаны кеңге салуға әлі ерте. Олар індетті жұқтыру көрсеткіші жылдам болуына байланысты реанимациялық төсек-орындар мен өкпені жасанды желдету құрылғыларын көбейту керегін ескертеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста