ҚАНТ ДИАБЕТІНІҢ БЕЛГІЛЕРІ қандай?

ҚАНТ ДИАБЕТІНІҢ БЕЛГІЛЕРІ қандай?

Бүгінгі таңда дүние жүзінде қант диабетімен ауыратындардың саны көбейіп, жүрек-қан тамырлары, онкологиялық дерттен кейін үшінші орынды иеленуі - көпшілікті алаңдатып отырған мәселе. Бұл дерт біздің елімізде күннен-күнге көбейіп келеді.Сондықтан қант диабетінің белгілері білінген күннен бастап, денсаулыққа аса күтім керектігін ұмытпаған жөн.

Қант диабетімен дүние жүзі тұрғындарының бес пайызға жуығы, яғни 250 миллион адам ауыратыны белгілі және 15 жыл сайын бұл көрсеткіш еселеніп отыратын көрінеді. Ал Қазақстанда осы дертке 162 012 адам шалдыққан деген мәлімет бар. Бір ғана Шығыс Қазақстан облысында 15 500 сырқaт арнайы тіркеуде тұрса, олардың қатары тұрақты өсу үстінде екен. Ал тіркелмей жүргендері қаншама? Сондықтан есте ұстайтын маңызды мәселе-қант диабетімен ойнауға болмайтындығы. «Қайтер дейсің, жазылып кетеді ғой» дегендей ұзын арқан, кең тұсауға салмай, дер кезінде дәрігерге қаралу кімге болсын пайдалы. Медицинада «қант диабеті» деген атқа ие дерттің қазақша атауы-сусамыр. Бұл дерт көпке мәлім. Ауру біздің эрамызға дейінгі үшінші ғасырда белгілі болған көрінеді. Аурудың қант диабеті деген атының өзі гректің (diabaino- өту, өтіп кету), mellitus-тәтті қант деген сөздерінен шығыпты. Көне заманда дәрігерлер қант диабеті ауруына шалдыққан адамдарды зәрінің дәмі тәтті екендігінен анықтаған.

Бірқатар жағдайларда қант диабетінің пайда болуы асқазан асты безінің қабынуы салдарынан, қан тамыры зақымданып, ішкі секрецияның басқа да бездердің ауруымен байланысты. Көбінесе ол психологиялық қозу мен қобалжулардың, инфекциялық аурулардың салдарынан болатындығы анықталып отыр. Диабетке шалдыққандарда мынадай белгілер байқалуы мүмкін. Ауырған адам үнемі қатты шөлдейді және құрамында қанты мол зәр көп келіп, кіші дәретке жиі барады (тәулігіне 6 литр және одан да көп). Балаларда тым ерте білінетін белгісі - кіші дәреті тоқтамайды. Кіші дәреттегі қанттың мол болуынан балалардың іш киімдері (емшектегі нәрестелердің жөргегі) крахмалданғандай қаудырлап тұрады. Көп жағдайларда диабетпен ауырғандар шөлдеп, тамаққа деген тәбеттің күрт артуымен байқалады. Аурудың ерте белгілеріне терінің, әсіресе екі шаптың арасының қышуы ондағы су бөртпе ауруына бейімділігінен байқау қиын емес. Ауруды дер кезінде емдемесе, оның асқынуы күшейіп, әлсіздік пайда болады. Организм тез қалжырап, қол-аяғы қақсайды, жүйке жұқаруы байқалады. Көру қабілеті төмендеп, бүйрек қызметі бұзылуы да мүмкін. Науқастың ауызынан атцетон иісі тәріздес иіс шығады. Кей жағдайда науқастың құлап қалуыда кездеседі. Ал қант диабетінің ІІ түріне шалдығудың ең басты себебі - семіздік. Артық салмақ, аз қозғалу, өз-өзін күтіп ұстамау салдарынан қандағы инсулин құрамы артады. Адамда астың дұрыс қорытылмауының салдарынан қандағы қант көбейіп кетеді.

Сондықтан кез келген адам тұрақты түрде қозғалыста болған жөн. Сонда ғана денедегі қан айналымы дұрысталып, қандағы қант реттеледі. Семіздіктен құтылу үшін, ең алдымен ішімдікке, темекіге әуес болмау керек. Дер кезінде дұрыс тамақтануды қалыптастырып, оны әдетке айналдырған абзал. Тағы бір айтатын нәрсе - басының сақинасы, өтінде тас бар адамдар да қант диабеті ауруына бейім келеді. Сондай-ақ бұл аурудың тұқым қуалайтын ерекшелігі де бар.Кез келген адамдағы қанның қант мөлшері 3,5-тен 5,5-ке дейін болуы қажет, ал бұл көрсеткіш 5,7 немесе 6,0-ге көтерілген жағдайда дәрігерге тексеріл-

ген дұрыс. Егер де қант диабетімен ауырған жағдайда адам өз-өзін сабырлылықпен ұстамдылыққа тәрбиелеген болса, өз пайдасы болары анық. Дәрігердің ақыл-кеңесімен қалыпты жағдайда аурумен күресуге, ұзақ ғұмыр сүруге болатындығын өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Көп жағдайда қант диабетімен ауырғанда диета сақтап, ауруға себепші болатын тамақтардан аулақ болуда пайдалы.

Ең бастысы, науқастың күйзелмегені жөн. Қант диабетінен қорықпау керек - ол үшін нау-

қастың өмірге деген сенімі, болашаққа деген батылдығы өмір жасын ұзартуға жол ашады. Ең бірінші талап - одан емделу үшін аса төзімділікке бой алдырып, әрқашан көтеріңкі көңіл күйде жүргеннің пайдасы зор.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының талабы мынандай:

1.Қант диабетімен ауыратын адамға дәрігерлерді осы науқастың себептеріне, емдеріне, зардаптарына, еңбектің ыңғайлы түрлеріне толық түсінік беруді міндеттейді.

2.Ем - адамның еңбекке деген қабілетін сақтауы керек. Егер қабілеті кемісе, оны қалпына келтіруге тиіс.

3. Науқас адамға қалыпты өмір тірлігін қамтамасыз ету қажет.

4. Етжеңді адамдар салмағын қалыпты мөлшерге келтіруге тырысуы керек.

5. Емнің басты міндеті - бұзылған зат алмасу құбылысын мүмкіндігінше қалыпқа икемдеу.

6. Сырқат қажетті дене қимылын жасауы керек.

7. Диета - тамақтану тәртібі, инсулин мен қантты төмендететін дәрілер қабылдау (күнделікті, өмір бойы) емдеудің негізгі жолы. Осы талаптардың орындалуы тікелей науқас-

тың өзіне байланысты.

Қант диабетімен ауыратын адам мына қағиданы әр уақытта есте ұстасын:

Дұрыс қолданылатын емдік тамақ пен режим сақтау - қант диабетінің барлық түрін емдеудің негізі. Осыны ұмытпаңыз! Қазір елімізде қант диабеті ауруына мемлекеттік тұрғыда көңіл бөлініп келеді. Қандағы қантты азайтатын инсулин егетін піскек (шприц) пен басқа да дәрі-дәрмектер тегін таратылады. Сонымен қатар Қазақстанда сусамыр дертіне қарсы 1991 жылдан бастап, жыл сайын қараша айының 14-інде - Дүниежүзілік диабет күні атап өтіледі. Осы тақырыпқа орай, біз Қазақстан Диабеттер қауымдастығының төрайымы Наталья Тукалевскаядан қант диабеті туралы сұраған едік: «Қазақс-

танда қант диабеті, жалпақ тілмен айтқанда «сусамыр» дертінің жыл өткен сайын көбейіп, оның балаларға ауыз сала бастағанын, халықтың бұл ауру жөнінде сауатының төмендігін, емдеу мекемелерінде ауруды дер кезінде анықтайтын мамандардың жетіспейтіндігін, ауруға шалдыққандардың тегін дәрі-дәрмекке қолы жете бермейтіндігін айтып тағы да дабыл қағуы да бекер емес. Қауымдастықтың 2009 жылдың 1-қаңтарындағы мәліметі бойынша, Қазақстанда қант диабеті деген нақты диагноз қойылған 162012 адам есепке алынса, оның 1 595-і балалар мен жасөспірімдер. Ал осы жылдың шілде айына дейінгі жүргізілген есеп бойынша, есепке алынғандар саны - 170796-ға жетсе, оның 22 пайызы балалар мен жасөспірімдер екен. Ал республикамыздың бас эндокренологы, профессор, Қант диабеті қауымдастығының дәрігерлік қызмет жөніндегі кеңесшісі, професссор Михаил Зельцер диабет жайлы былай деді: «Ата-аналар еркелеткеннің жайы осылай екен деп, балаларын «Кока-Кола», «Чипсы», «Кериешки» сияқты құрамында газ бен тұзы көп, майға қуырылған құрғақ тағамдарды көбірек пайдалануға мүмкіндік бере отырып, жасөспірімдерді ауруға интермелеп отырғандарын өздері де түсінбейді. Баланы мұндай тағамдарға итермелегеннен гөрі, салауатты өмір салтына бастайтын спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтанып, ауа райының әр мезгіліне сәйкес киініп жүруге бағыт-бағдар бергені әлдеқайда тиімді болар еді. Және сонымен қатар, айта кету керек қант диабеті түрлі күйзелістер мен қобалжудан болады», - деп атап өтті. Қант диабетіне қатысты мамандарды көп ойландыратын мәселе - осы дертке шалдыққандардың әлі де толық және қолжетімді дәрігерлік көмекке қол жеткізе алмауы. Атап айтқанда, қант мөлшерін қалыпты ұстайтын дәрі-дәрмектер мен екпелер көп жағдайда жетіспеуінде. Негізінде бұл ауруға шалдыққандар дәрі-дәрмекпен, медициналық препараттармен тегін қамтамасыз етілуі тиіс болса, өкінішке қарай, бұл мәселе көбінесе сөз жүзінде қалып қояды. Алайда, әлем дәрігерлері сусамыр дертінің нақты емін таба алмай отырғандықтан, әзірше оның ең басты емі - дұрыс тамақтану, дене қимылын көп қажет ететін спортпен айналысу екендігін түсіндіреді. Америкалықтар қант диабетін салауатты өмір салтын ұстанудың бір жүйесі санайтын көрінеді. Себебі бұл ауруға шалдыққан адам өмір бойы өзін-өзі күтімде ұстап, дәрігердің белгілі бір кеңесінің аясында болса, өзі де денсаулығы үшін күресу керектігін ескертеді.

 
Автор: Нұрболат АМАНЖОЛ

zhardem.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста