Салмақ тастауға көмектесетін бес жеміс пен көкөніс

Салмақ тастауға көмектесетін бес жеміс пен көкөніс

Диетолог Триста Бест салмақ тастауға ықпал ететін бес жеміс-жидек пен көкөністі атады, деп хабарлайды Lenta.ru.


Маман ұсынған тізімде бірінші орында цитрус жемістері тұр. Ол артық салмақтан арылу үшін грейпфруттың пайдасына ерекше назар аударды.
 
"Грейпфрут арықтауға көмектеседі, өйткені оның құнары салыстырмалы түрде төмен және онда жасұнық көлемі жоғары. Ол тамақ ішкеннен кейін адам өзін тоқ сезінуге көмектеседі. Сондай-ақ оның құрамында нарингенин деп аталатын қоспа бар. Зерттеулер нарингениннің майды ыдырататын қасиеті бар екенін көрсетті", - дейді дәрігер.
 
Диетолог арықтағысы келетіндерге жидектерді, атап айтқанда, қаражидекті жиі тұтынуға кеңес берді. Ол бұл өнім семіздік пен қант диабетінің 2 түрінің қаупін азайтуға көмектесетінін атап өтті. Сонымен қатар қаражидек денсаулықты күтуге тиімді антиоксиданттарға бай екенін айтты.


Бест брокколи, гүлді және Брюссель қырыққабаты сияқты көкөністерді үнемі тұтынуды ұсынды. Бұл көкөністер тойымды, калориясы төмен және қабынуға қарсы қасиетке ие.


Диетолог құрамында пайдалы моноқанықпаған майлар бар авокадоның да арықтауға септігін тигізетінін айтты. Ол 55,4 мың адам қатысқан зерттеу нәтижелеріне тоқталды. Авокадоны көп тұтынған адамдарда артық салмақ туындау қаупі 15%-ке, ал өнімді аз мөлшерде тұтынғандарда бұл қауіп 7%-ке төмендегені белгілі болды.


Мамандардың бұл тізімінде ең соңғы орында картоп тұр. Сарапшы тағамның құнарын азайтып, одан барынша пайда алу үшін май мен қаймақ қосылған картопты жеуді тоқтатуды ұсынды.


"Картоптың калориясы аз, бірақ салмақ жоғалтуға қажетті талшық пен басқа да пайдалы қоректік заттар көп. Қайнатылған картоптың калориясы оның мөлшеріне және қоспаларға немесе дәмдеуіштерге байланысты болады", - деп түсіндірді Бест.

sputnik.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста