Талдықорғандағы облыстық балалар ауруханасы жаңа құрылғылармен жабдықталды
2019 жылдың "Жаңарту бағдарламасы" бойынша, желтоқсанның 5 жұлдызында Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры Талдықорған қаласындағы облыстық балалар ауруханасына аса қажетті медициналық құрылғыны сыйға тартты. Сондай-ақ қайырымдылық қоры облыстағы оңалту орталығына да қажетті құралдарды алып берді. Жалпы құны 8 млн теңгелік медициналық жабдықтарды қор мүшелері мен арнайы шақырылған қонақтар ауруханаға барып тапсырды.
Еліміздегі көптеген ауруханаларда, әсіресе облыстық, аудандық сауықтыру орталықтарында заманға сай медицинадық жабдықтар тапшы екені көпшілікке аян. Сондықтан да шалғай аудандарда тұратын адамдар балалары ауырса, үлкен қалаларға тасуға мәжбір. Айталық еліміздегі ең ірі облыс орталығының бірі – Талдықорған. Мұндадағы Көпсалалы балалар ауруханасына 17 ауданнан науқастар келеді. Түрлі оқыс жағдайларға, жол апатына ұшыраған балалар ауыр жарақат алғанда ота жасауға тура келетін кездер көп. Енді науқастарға ота заманға сай жаңа құрылғыларды пайдалана отырып жасалатын болды. Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры ауруханаға xирургиялық ота жасауға арналған бұрғылау және ара құралын сыйға тартты. Бұған дейін мұндағы дәрігелер бұл құрылғының ескі механикалық түрін қолданып келген, ал заманға сай жаңа түрлері дәрігерлердің жұмысын жеңілдетеді, оның үстіне құрылғылар тоқсыз жұмыс істейді. Науқастың отадан кейін тез айығуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ қайырымдылық қоры облыстағы Оңалту орталығына да үлкен сый жасады. Жомарт жандар реабилитация бөліміне вертикализатор, перила сияқты қажетті медициналық аппараттар сыйға тартты. Болашақта аймақ басшысы Амандық Баталовтың бастамасымен өңірде облыстық балар ауруханасы жанында үлкен оңалту орталығы ашылмақ. Көпсалалы облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Марат Досқалиевтің айтуынша, қазіргі кезде ДЦП-мен ауыратын балалар көп, сондай-ақ сүйектері сынған науқастар да бар. Көп жағдайда отадан кейін немесе гипс алынған соң балалардың қолы, буындары дұрыс икімге келе қоймайды. Соны қалпына келтіру үшін, балалардың ұсақ моторикасын дамыту үшін бұл аппараттар ауадай қажет. Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры осындай игі істермен 2016 жылдан бері айналысып келеді. Бүгінге дейін Жакулин қоры Алматы, Алматы облысы, ШҚО-дағы ондаған ауруханалар мен оңалту орталықтарын жабдықтауға атсалысты. Осындай игілікті іске қор 150 млн теңге қаржы жұмсаған. Сондай-ақ қор мүшелері обыр секілді түрлі ауыр дертке шалдыққан балаларға көмектесіп, олардың ауруынан айығып кетуіне барынща жағдай жасауды мақсат етеді. Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қордың директоры Гүлнәр Сейдоллақызының айтуынша, қор мүшелері соңғы 4 жылдан бері түрлі ауруханаларды аралап, барынша көп балаға көмектесу үшін сауықтыру мекемелеріне ең қажет деген құрылғыларды алып беруге тырысады. Бұл жолы да Талдықорған қаласындағы облыстық балалар ауруханасының дәрігерлерінің сұрауы бойынша xирургиялық ота жасауға арналған қымбат құрылғыны сыйлап, қайырымдылық қоры қаншама баланың денсаулығының жақсаруына жағдай жасады. Жоғарыда аталған іс-шараға марқұм Асқар Жакулиннің ағайындас бауыры, ағасы, Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қорының жанашыры Күшіков Шаймұрат Кәкенұлы, Алматыдағы «Ел-Аман» медициналық орталығының директоры Разбай Дастан, «Компания Ас-Ай ЛТД» ЖШС-нің директордың орынбасары, Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қорының қамқоршысы Шакреева Мархабат Сейілханқызы, Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қорының директоры Сейдолла Гүлнар, Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қорының менеджері Мухамадиева Назым Әкімбекқызы және басқа да құрметті азаматтар қатысы. Алаш айнасыЧитайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу