Темекіні қыздыру жүйесі туралы миф пен шындық
Әлем бойынша темекіні қыздыру жүйесі құрылғыларын пайдалану танымал болуда. Вейп электронды темескісі адам денсаулығына қаншалықты зиян екенін жазған болатынбыз. Бүгін темекіні қыздыру жүйесіне қатысты көпшілік арасына таралған миф пен шындық ақпараттарды ұсынамыз.
Электронды темекі: Вейп несімен қауіпті?
Темекіні қыздыру жүйелері (ТҚЖ) – темекі шегу кезінде орташа температура 250-350 ° C дейін қыздырылатын электронды құрылғылар. Бұл құрылғы өнімінде де дәстүрлі темекімен салыстыруға болатын никотиннің үлесі бар, бірақ кейбір улы компоненттердің саны аз. Дегенмен, бірқатар зиянды заттар жоғары концентрацияда кездеседі, ал ТҚЖ тұтынудан адам денсаулығына ықтимал қауіп белгісіз.
Қыздырылған темекіде не бар және ол қалай жұмыс істейді?
Бұл құрылығы электр энергиясымен жұмыс істейді. Темекінің өзі жанбайтын қағаздан тұрады. Кейбір темекіге әртүрлі хош иістер қосылады және оның дәмі бұзылмауы үшін құрылғыны үнемі тазалау керек.
Артықшылығы
Құрылғы қосылған кезде темекі 250-ден 350 градусқа дейінгі температурада қызады. Ал, темекінің жану температурасы 900 градус. Нәтижесінде никотинмен қаныққан бу пайда болады. Жану процесінің толық болмауы улы заттар мен шайырлардың аз бөлінуін білдіреді. Сондай-ақ күл жоқ, бұл өрт және қоқыс қаупі азаяды дегенді білдіреді.
Кемшілігі
Өндірушілер дәстүрлі темекіге балама ретінде ұсынды, оған көшу темекі шегушілердің денсаулығына оң әсер етуі мүмкін. Бірақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) ТҚЖ темекі түтінінде кездесетін улы заттарды бөлетінін ескертеді, олардың көпшілігі қатерлі ісік тудыруы мүмкін. Олардың кейбіреулерінің концентрациясы темекі түтініндегіден аз болса да, бұл денсаулыққа қауіп-қатердің төмендеуіне әкелмейді. Аэрозоль құрамында темекі түтінімен салыстыруға болатын никотин мөлшері жоғары, ол өте тәуелді етеді және денсаулыққа теріс әсері бар.
Бұл қауіпсіз бе және адамдарға темекіні тастауға көмектесе ала ма?
Бұл темекіні қыздыру құрылғылары мүлдем зиянсыз дегенді білдірмейді, бірақ кәдімгі темекімен салыстырғанда оларды пайдалану, халықаралық тәуелсіз зерттеулерге сәйкес, қауіпті азайтады, өйткені будың құрамында токсиканттар 90-95 пайызға аз. Алайда олардың ұзақ мерзімді перспективада адам денсаулығына қалай әсер ететінін айту әлі ерте. Бұл басқаларға аз әсер етеді деуге де негіз бар.
Әзірге, қыздырылған темекі өнімдеріне көшу адамдарға темекі шегуден бас тартуға көмектесетіні туралы ешқандай дәлел жоқ. Бірақ кейбір зерттеулер олар темекі шегудің санын азайтуға көмектеседі деп болжайды, бірақ мұның бәрі жеке көзқарас. Дегенмен, қандай да бір себептермен тәуелділікпен күресудің дәстүрлі әдістері көмектеспесе немесе шылым шегуші бұл әдетінен бас тартқысы келмесе, оған зияны аз баламаны пайдалану ұсынылады.
Бірақ…
Егер дәстүрлі темекі мен электронды темекіні қосарлана пайдаланатын болсаңыз оның зияны тіпті күшті болмақ. ТҚЖ аэрозольінің құрамында темекі түтініне тән емес және адам денсаулығына ықтимал қауіпті хош иістендіргіштер мен пропиленгликольдің қыздыру өнімдері бар. Тиісінше, ДДҰ электронды темекі құрылғылары шылым шегушілерге темекіні тастауға көмектеспейді деп санайды. Сондай-ақ бұрын темекі тартпаған жасөспірімдер мен жастар құрылғыларға қызығушылық танытып, уақыт өте келе дәстүрлі темекіге ауысуы мүмкін.
Пайдаланған темекіні қайта пайдалануға бола ма?
Темекі қыздыру жүйелерін өндірушілер темекіні қайта пайдалануды ұсынбайды. Олар бір реттік падалануға арналып шығарылғанын есте ұстаған жөн.
Мамандар не дейді?
“Сандж” талдаушысы Шынар Смағұлованың пікірінше, эектронды темекілер дәстүрлі темекіге тәуелділіктен құтқарады деп айту әлі ерте
"Түпкілікті кесіп айту қиын, себебі іріктелген жиынтықта темекі өнімдерін тұтынуды тастағандар санының аздығына байланысты – барлығы 49 респондент. Біздің Орталықтың ұстанымын бірден атап өткім келеді – біз салауатты өмір салтын қолдаймыз және зиянды әдеттерге жоламауға шақырамыз. Біз адамдар үшін шылым шегуден бас тартуға көмектесетін әдістерді іздеу маңызды екенін түсінеміз. Темекіні қыздыру құрылғылары сияқты шылым шегудің баламалары бәлкім, аз тәуелділікті қалыптастырады, алайда мәселенің анық-қанығына жету үшін көптеген зерттеулер қажет” дейді маман.
Психиатр және нарколог Сергей Говорун қазірде танымал темекіні қыздыру жүйесі жанбайтынына байланысты шынымен де аз қауіпті заттар болуы мүмкін, бірақ мұндай құрылғылардың денсаулыққа аз зиян келтіретінін растау үлкен мәселе екенін айтады.
“Біріншіден, оның құрамында никотин бар, сондықтан тәуелділік сақталады, екіншіден, зиянды заттар аз болуы мүмкін, бірақ соған қарамастан оларда бар, сондықтан мұндай темекі түрі өкпенің, жүрек-қан тамырлары жүйесінің ауруларын тудырады, қатерлі ісік қаупі де сақталады. Шығарылған түтінде улы және канцерогенді заттар бар”, - дейді сарапшы.
Айта кетейік, темекінің кез келген түрі мен өнімі денсаулыққа зиян екенін ескертеміз.