Ұл бала күткен жүкті әйел қандай тағамдардан бас тартуы тиіс

Ұл бала күткен жүкті әйел қандай тағамдардан бас тартуы тиіс

Картоп чипсы, майонез, өсімдік майы және линол қышқылының көп мөлшерін жеу, басқа да қанықпаған майларды қамтитын өнімдер жүкті әйелдер үшін аса қауіпті. Бұл дәрігерлердің кеңесі деп жазады stan.kz.

"Жүкті әйелдерге диетасын қадағалау өте маңызды, біз кей тағамдардың өсіп келе жатқан сәбидің денсаулығына және өміріне кері әсерін тигізетінін тағы бір рет көрсеттік", - деді Австралияда университет қызметкері Дианн Скелли.

Бүгінде көптеген ғалымдар диета мен кейбір тағамдардың адамның салмағына ғана емес, миының, қан тамырларының, жүрек және басқа да негізгі органдарына әсер етеді деп санайды. Атап айтқанда, жақында дәрігерлер көп мөлшерде зәйтүн майын ішу және Жерорта теңізінің тағамдарынжеудің инсульт пен жүрек ауруына елеулі түрде азайтатынын анықтады. Азық-түлік өнімдерінде тым көп мөлшерде тұздың болуы керісінше, жүрек және қан тамырларға нұқсан келтіретінін көрсетті.

Жақында зерттеушілер диета, жаман әдеттер және салауатты өмір салтын ұстанбаудың жүкті әйелдің және оның құрсағындағы баласының денсаулығына қалай әсер ететініне қызығушылық танытты.

Мысалы, тышқандарға жасалған зерттеуге сәйкес, балық майы баланың түсіп қалуынан сақтайды. Ал, темекі шегу бұл мүмкіндікті екі есеге арттырады.

Скелли және оның әріптестері жүкті әйелдер мен эмбриондардың денсаулығына өсімдік майларында және майонезде бар омега-6 майларының, қанықпаған май қышқылдарының қалай әсер ететінін буаз егеуқұйрықтарға жасалға зерттеумен анықтады. Ғалымдар бұл тағамдарға қызығушылықтың соңы артық салмаққа, қабынудың дамуына ықпал ететін әртүрлі сигнал молекулаларының деңгейін айтарлықтай арттыратынын көрді.

Қабыну кез-келген жағдайда жүкті әйелдің денсаулығын әлсіретуі мүмкін, бұл жүктілікті қоздырып, ұрықтың дамуының кешігуіне әкеледі. Австралиялық биологтар бұны іс жүзінде кеміргіштерді қалыпты тағамға қарағанда шамамен 5 есе көп лимнол қышқылымен қамтылған диетаға отырғызу арқылы тексерген.

Ең қызығы, "Батыс" диетасы аналогына көшукеміргіштердің жынысына өте қатты әсер етті. Белгісіз себептермен еркек эмбриондарының үлесі 16 пайызға азайған, ал ұрғашылар саны өзгерген жоқ.

Ғалымдардың пікірінше, бұл еркектерінің торлары күйзеліс жағдайына төзе алмайды. Қанықпаған май қышқылдарының қауіп-қатері мен басқа да жағымсыз қасиеттерін ескере отырып, ғалымдар барлық жүкті әйелдерге, әсіресе ұл күткен аналарға, омега-6 майының көп мөлшерде жемеуге кеңес береді.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста