ЭКСПО-дан кейінгі кезең: Қазақстан «ЭКСПО» базасында ғылыми-технологиялық орталық қалыптастыра ала ма?

ЭКСПО-дан кейінгі кезең: Қазақстан «ЭКСПО» базасында ғылыми-технологиялық орталық қалыптастыра ала ма?

Халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» дегенде көпшіліктің көз алдына ондаған елдерден өздерінің ғаламат инсталляцияларын көрермен назарына ұсыну үшін келетіндер елестейді. Алайда ЭКСПО көрмесі өткізілген алаң кейін «жасыл» технология саласындағы соңғы ғылыми жетістіктердің IT-шешімдері мен трансфертіне айналатынын екінің бірі біле бермейді.

Бұған дейін «ЭКСПО» көрмесін өткізген елдер көрме павильондарын кейіннен ғылыми-зерттеу нысандары ретінде қолданды. Айталық, 1993 жылы Кореяның Тэджон қаласында «ЭКСПО» көрмесі өткізілгеннен кейін мұнда Дэдок Иннополис ғылыми қалашығы пайда болды.

Ал қазақстандық шенеуніктер ЭКСПО-2017 базасында Силикон жазығымен бәсекелесе алатын ғылыми-технологиялық орталық құра ала ма?

2015 жылдың қазан айында БҰҰ Бас Ассамблеясының отырысында президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ ЭКСПО павильондары босағаннан кейін осы базада IT-орталық пен «Жасыл» технологияны дамыту Халықаралық орталығын құруды тапсырған болатын. Өйткені бұл басқа елдердің тәжірибесінде бар. Кореядағы Дэдок Иннополис кешенінде бүгінде өндірістік кәсіпорындармен, университеттермен, зерттеу институттарымен жұмыс істейтін 60 мыңнан астам жоғары білікті мамандар, магистрлар, докторлар қызмет етуде.

Сарапшылардың пікіріне сүйенсек, Қазақстанның да өз Кремний алаңын және «жасыл» технологиясын қалыптастыруға мүмкіндігі мол.

160 жылдық тарихы бар «ЭКСПО» көрмесінде Қазақстан алғашқы болып «болашақ энергиясы» тақырыбын ұсынып отыр. Сондықтан біздің мемлекеттік органдарымыз осы алаңда ғылыми-технологиялық орталық құрып, инновациялық жобаларды жүзеге асыруға барынша тырысуы қажет.

Энергетика министрлігіне қарасты Қуат көздерін жаңғырту департаментінің директоры Айнұр СОСПАНОВАНЫҢ айтуынша, қазір біз «жасыл» технологияның дамуына күш салсақ, оның пайдасы бізге орасан, 2030-2050 жылдарға дейін қоршаған ортаның жағдайы әлдеқайда жақсармақ. Энергетика министрлігі 2030 жылға дейін Қазақстанда жаңғырған энергия көздерінің үлесі 10 пайыз болады деп жоспарлап отыр, қазіргі кезде бұл көрсеткіш тек бір пайызды құрайды. Алдағы уақытта «жасыл» технология мен жаңа қуат көздерінің бағасы төмендеп, дәстүрлі қуат көздерімен теңеседі деген сенім де жоқ емес. Соспанованың айтуынша, қазірдің өзінде ел экономикасына пайда әкелу мақсатында айқын қадамдар жасалуда.

Мұндай орталықтардың құрылуының көптеген пайдаларынан бөлек тұрақты жұмыс орындарының ашылуына, мемлекеттік бюджетке жаңа кірістер кіруіне оң әсерін тигізбек. ЭКСПО базасындағы «жасыл» технологияны дамыту халықаралық орталығы қазақстандық өнертапқыштардың әлемге танылуына мүмкіндік тудырмақ. Сондай-ақ Елбасының айтуынша, мұнда болашақ энергиясы саласы бойынша шетелдік ғалымдардың жұмыс істеуіне де жағдай жасалуы тиіс.

«Қазақстан Интернет Ассоциациясының» президенті Шавкат САБИРОВТЫҢ айтуынша, Елбасының жоғарыда айтқан ұсыныстарының елімізде жүзеге асуының толық мүмкіндігі бар. Сабиров атап өткендей, Сингапурдың тәжірибесі секілді Қазақстандағы ЭКСПО алаңы да Еуразия кеңістігіне ақпарат тарата алатын ақпараттық технология орталығын құра алады.

Сарапшылардың айтуынша, аталған жобаларды мемлекеттік басқарудан гөрі жеке кәсіпкерлер қолға алғаны жөн. Кәсіпкерлердің дарыны, мемлекеттің қаржылай қолдауы, дипломаттарымыз бен шенеуніктеріміздің кәсіби білігі сыналатын уақыт жетті. ЭКСПО-ның басталуына екі айдай ғана уақыт қалды, ал көрме аяқталған соң, 5 айдан кейін базаны ғылыми-технологиялық орталыққа айналдыруға қатысты Елбасының тапсырмасын орындау қажет болады. Ең бастысы, ЭКСПО базасында құрылатын IT-орталық өміршең болса болғаны.

Естеріңізде болса, Үндістанның Бангалор қаласында 2001 жылы ЭКСПО көрмесі өткен соң көрме базасында нағыз Кремний жазығы пайда болды. Мұнда Google және Microsoft секілді алыптардың өкілдері орналастырылды. Астанада да бүкіл әлемнен туристерді тартатын Қазақстанның және Орталық Азияның ірі орталығына айналады деп сенеміз.

on.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста