Ерекше кәсіп ашқан Жетісай тұрғыны айына 500 мың теңге тауып отыр

Ерекше кәсіп ашқан Жетісай тұрғыны айына 500 мың теңге тауып отыр

Жетісай ауданына қарасты Асық ата ауылының тұрғыны Мадина Дәуренбек электр қуаты арқылы жарқырайтын гүлдермен көмкерілген шамдарды жасайды. Ерекше дизайнмен әзірленетін бұйымдардың сапасы жоғары, бағасы да арзан. Сондықтан қызығушылар да көп деп жазады ҚазАқпарат тілшісі.

 

Мадинаны қолөнерге әкесі Алтай баулыған. Оған перде, құрақ көрпе, сәукеле секілді ұлттық нақыштағы киімдерді тігу еш қиындық тудырмайды. Ал, моншақтардан түрлі бұйымдар жасау сүйікті ісі. Қолөнерге тек қызығушылықпен қарайтын Мадина уақыт өте келе бойындағы бар қабілетін кәсіпке қарай бұруды жөн деп табады.

 

«Көп ізденіп, кітаптар оқыдым. Ғаламтор арқылы жарықшамдардың жасалу жолдарын үйрендім. Сонымен алғашқы жасаған дүниелерімді инстаграм арқылы саудаға шығардым. Тез өтіп кетті. Сұраныстың жоғары екендігі, маған шабыт сыйлады» - дейді ол.

 

Қолөнершінің негізгі тұтынушылары Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Өскенмен қалаларының тұрғындары. Гүл, корзина, қуыршақ кейпінде жасалған бұйымдарын аптасына бір рет тапсырыс берушілерге пошта арқылы салып жібереді. Ал, жақын маңдағы қалаларға автобустардың қызметін пайдаланды. Мадина жасаған заттарды алушыларда сапасы бойынша әлі ешқандай сын айтпапты.

 

 

«Алғашқыда 30 000 теңгемен бастаған бизнесімнен қазір айына 400-500 мың теңге тауып отырмын. Қажетті заттарды Ресейден арнайы тапсырыспен алдырамыз» - дейді ол.

 

Қолөнерші келіншек «Бизнес бастау» курсына қатысып 505 000 теңге грантты жеңіп алған. Ол қаржығы қажетті құрылғыларды сатып алыпты. Ендігі мақсаты кәсібін кеңейтіп, жаңа цех салу.

 

«Күніне 50 данаға дейін жарықшамдар жасаймын. Ең арзаны 4000 теңгеден басталады. Қазір үйдегі бір бөлмемді цех ретінде пайдаланып келемін. Алдағы уақытта жаңа цех салуды жоспарлап отырмыз» - дейді ол.

 

 

Мадина одан бөлек ғаламтор арқылы білгенімен бөлісіп, сабақ өтеді. Қолдан жасаған заттарына жарнаманы «Instagram» әлеуметтік желісі арқылы жүзеге асырып келеді.

 

Өмірлік серігі Мұсағали да жұбайына көмек көрсетіп, дизайндарын жасап беріп отырады. Бұл бақытты отбасы құрақ көрпе жасап, жастықтар тігіп, қыз жасауын да дайындайды. Ата-енесі де ұлы мен келінінің қолға алған кәсіптеріне әрдайым қолдау білдіріп отырады.

 

– Жамбыл облысының тумасымын. 19 жасымда осында тұрмысқа шықтым. Менің алаңсыз жұмыс істеуіме мүмкіндік берген ата-енеме, жолдасыма рақметімді айтамын. Отағасымен бірлесіп, еңбегімізден түскен пайдаға жаңа үй салып алдық. Тынымсыз еңбек етсең, жақсы өмір сүруге ешқандай кедергілер болмайды дейді, – Мадина Алтайқызы.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста