Мал баққанға бітеді

Мал баққанға бітеді

Мал шаруашылығында кластерлік жүйе қалыптастыруға жағдай жасалуы тиіс. Сонда ет өндірісі алға басады. Қараталдық шаруа Айтжан Тінәлиев осындай пікірде. Өзі осыдан екі жыл бұрын шаруа қожалығын құрып, етті бағыттағы ірі-қара өсіруді қолға алған. Биыл "Жол картасы - 2020" бағдарламасы арқылы несие алды. Ол қаражатқа шағын сиыр фермасын салды. Шаруаның алдағы жоспарларын біздің тілшіміз де біліп қайтты.

Айтжан Тінәлиев шаруа қожалығын құрғанда бірден малдың асыл тұқымдысын өсіруге бекінді. Ірі - қараны біртіндеп сатып алып, мал басын көбейтуге мықтап ден қойды. Барлығы да қазақтың ақбас сиырлары. Бұл етті бағыттағы салмақты жылдам қосатын тұқым түрінен. Қарамағындағы мал басы биылғы төлімен 90 нан асты. Алдағы уақытта тағы да көбейте түспек.

АЙТЖАН ТІНӘЛИЕВ, "АЛТЫНБАЙ" ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

"Даму" қоры арқылы субсидияланып отырмыз. Келешекте бізді суармалы жермен жайылым жермен қамтамасыз етсе шаруашылық өседі. Аяғынан тік тұрып кетеді деп ойлаймын. Әрине, үкіметтен қаржылай көмек керек. Осы көмек жалғаса берсе бәрі дұрыс болады деп ойлаймын....

Биыл жаз бойы Айтжан Тыналиев сиыр фермасының құрылысымен айналысты. Қысқа жетер мал азығын да жинап алды. Жем үгіткіш қондырғы әкеліп орнатты. Қазір 50 басқа арналған мал бордақылайтын алаңды іске қосуға дайындалып жатыр. Келешекте етті қайта өңдеумен айналыссам деген де жоспары бар. Осының барлығы мемлкет тарапынан жасалған қолдаудың нәтижесі. Жалпы, Алматы облысында өз бизнесін одан әрі кеңейтем деген 350 ден аса тұрғынға қаржылай көмек көрсетілген. Оның басым бөлігі өнім өңдеу мен ауыл шаруашылығын құрылымдарын құруға бағытталды.

ЖАНДОС НҰРҒАЗИНОВ, "ДАМУ" КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ҚОРЫ" АҚ АЙМАҚТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАС МЕНЕДЖЕРІ:

по сравнению с прошлым годом, Былтырғы жылмен салыстырғанда "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасына қатысушылардың белсенділігі артты. Өйткені биыл жобаға біраз өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Яғни, қатысуға қолжетімді болды. Сонымен қатар, осы жылы облыстық әкімшілік пен "Даму" қоры даму мүмкіндіктері төмен болып тұрған аудандарға арнап 1 млрд теңге қаражат бөлді. Қазір бұл қаржы нақты мақсатқа жұмсалу үстінде.

Жетісу жерінде бизнесті дамытуға арналған біріңғай мемлкеттік бағдарламалар жүзеге асырлығалы бері 120 млрд теңгеден астам қаражат тек қана кәсіпкерлікті дамытуға жұмсалған. Жеке ісін ашам дейтін азаматтарға қолдау бұдан былай да жалғасады.

Қарлығаш Қайыпбекова. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста