Облыста 5 кластерлік аймақ дамытылмақ

Бүгін Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің Алматы облыстық филиалында Алматы облыстық туризм басқармасының басшысы Жанар Алчимбаеваның қатысуымен «Алматы облысында туризм саласының дамуы» тақырыбына арналған брифинг өтті, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Ж. Алчимбаева:
Алматы облысында 5 кластерлік аймақ анықталған. Алдағы уақытта облыс Талғар-Есік, Қапшағай, Қарадала, Райымбек, Алакөл-Жетісу және Шығыс-Балқаш аймақтарында туристік кластерді дамытатын болады, - деп атап өтті өз сөзінде.
Негізгі міндет отандық туризмді дамыту болғандықтан, саяхатшылар мен туристерге барлық ыңғайлы жағдайлар жасалып, сапалы қызмет көрсетілуі тиіс. 2020 жылға дейін облыста туризм саласын дамытудың негізгі көрсеткіштері бойынша, атап айтқанда ішкі және сыртқы туризм бойынша қызмет көрсетілген азаматтар санын 20 %, ал кірмелі туризм бойынша 18 % арттыру жоспары бар. 2020 жылы өткен жылмен салыстырғанда бір тәуліктегі жататын орындар саны 9% өседі деп болжануда.
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.





