Оңтүстікте масақты дәнді-дақылдардардан 470 мың тонна өнім алынды

Оңтүстікте масақты дәнді-дақылдардардан 470 мың тонна өнім алынды

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының барлық егіс көлемі өткен жылдан 12,8 мың гектарға артып, 788,6 мың гектарды құрап отыр.


ОҚО әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы жылы облыс диқандары астық өсіруде озық технологияларды, оның ішінде терең қопсыту әдісін қолдана отырып, үлкен көрсеткіштерге қол жеткізді. Мәселен, диқандар 214,4 мың га жерге масақты дәнді-дақылдар егіп, оның әр гектарынан 22 центнерден, барлығы 470 мың тонна өнім жинаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 123 мың тоннаға артық. Айта кетейік, биыл шаруалар жалпы дәнді-дақылдардан 660 мың тонна өнім жинауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, облыста бүгінгі күнге дейін 866 мың тонна көкөніс, 991 мың тонна бақша өнімі, 181 мың тонна картоп жиналды. Аграрлы аймақтың тұрғындары биыл 125 мың тонна жеміс-жидек және 73 мың тонна жүзім жинауды көздеп отыр. Осы уақытқа дейін олар 47,6 мың тонна жеміс, 23,2 мың тонна жүзім жинаған. Өңірде жиын-терім жұмыстарымен қатар, мал азығын дайындау жұмыстары да қарқынды жүргізілуде.
Оңтүстік өңір өсірген дәнді-дақылдар республика аймағы бойынша Алматы, Астана, Жамбыл, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Өскемен, Атырау және басқа да облыс орталықтары мен алыс-жақын шетелдерге экспортталуда.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста