Қарағандылық ғалымдар өзгеше рентген ойлап тапты

Қарағандылық ғалымдар сәтті жобаны іске асырып, жаңа рентген аппаратын ойлап тапты. Бұл туралы ekaraganda.kz ақпаратына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жаңа құралдың ерекшелігі сол, оны қолданған кезде рентген сәулесін қажетті жерге қарай бағыттауға мүмкіндік туатын болды.
Ғалымдардың айтуынша, бұл рентген қондырғысын медицина, биология, өндіріспен қатар, зергерлік салада да қолдануға болады. Бағасы да баламалы аппараттан арзан. Бүнігі күнде ғалымдар авторлық құқықтарын патенттеп алды. Аппаратты қолданысқа енгізу үшін технологияларды коммерцияландыру орталығы арнайы грант та бөлген.
«Біз бұл қондырғыны адамның ауыз қуысын түсіру үшін қолданбақпыз. Бұл тәсілді қолдану барысында адамның миы мен қалқанша безіне зақым келтірілмейді», – дейді жоба авторларының бірі Олег Правдин.
Қазіргі таңда жаңа жобаны қазақстандық және халықаралық нарыққа шығару жолдары да жан-жақты қарастырылып жатыр.
Қайрат Әбілдинов.
Дерек, сурет: ekaraganda.kz.





