Шымкентте еркектің төсектегі әлеуетін арттыратын автоорындықтар сатылып жатыр

Аттың еріне ұқсас, автоорындықтың орта тұсына орнатылатын бұл құрылғы еркектің қуықасты безінің белсенділігін арттырып, қан айналымын жақсартады екен. Түркістандық өнертапқыш Алтай Әуелбеков жерлестерінің төсектегі әлеуетін арттыруға осылайша көмектесіп жүр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Шебер өзі жасаған қондырғының пайдасы мол боларына сенімді. Ол тек көлікке салынатын ерді күніне 20 минуттан артық пайдаланбаған жөн дейді.
Мұны сатуға шығарғаныма үш жылдың жүзі болды. Қолымда патентім бар. Бұрын құрылыста істегенмін. Қол боста осындай бұйымдар құрастырумен айналысатыным бар, — дейді Алтай Әуелбеков.
Оңтүстіктегі азаматтар көлікке орнатылатын ердің пайдалы екеніне көз жеткізгеннен кейін уролог мамандарға оны пайдалануды емдік тәсіл деп көрсетуді сұрай бастаған. Дәрігерлер бұл ұсынысты қолдамаса да, ер салынған атпен жүрудің қан айналымын жақсартатынын мойындайды.
Менің қондырғымды пайдаланған ер-азаматтардың жұбайлары төсек қатынасында оң өзгерістердің болғанына қуанып жүр. Тіпті кейбірі күйеуінен "қоздырғыш дәрі ішіп жүрген жоқпысың?" деп сұрапты, — дейді өнертапқыш.





