Жамбылда ешкі сүтінен ерекше сабын өндіріп жатыр

Жамбылда ешкі сүтінен ерекше сабын өндіріп жатыр

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы  Көкдөнен ауылының тұрғыны Кенжебек Сейдахметов ешкі сүтінен ерекше  сабын жасауда. Шаруа «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы арқылы  4 миллион  теңге несие алып, голландиялық «Заннин» және  пәкістандық «Биттал» тұқымды ешкі сатып алған.

 

Асылтұқымды «Биттал» ешкісі тәулігіне 25 литр сүт берсе, бір ешкінің құны &ndash 1,5 мың доллар. Ал «Занниннен» тәулігіне 5 литр сүт сауылады. Кәсіпкер бұл кәсіпке инсульт алып ауырғаннан кейін келген екен.

 

Кенжебектің сөзіне сүйенсек, дертіне дәл осы ешкі сүті дауа болыпты. Сол себепті ол осы бизнеспен айналыса бастаған.

 

Қазір шаруаның ешкісіне деген сұраныс жоғары. Құрт, ірімшік, сүзбе сынды өнімдерін тіпті тұрғындар кезекке тұрып алуда.

 

Ал карантин кезінде кәсіпкер тың тірлікті игеру мақсатында онлайн курсқа жазылып, ешкі сүтінен сабын жасау тәсілін үйренген. Бүгінде балаларға арналған сабынды ойыншық пішінде әзірлеп, 500 теңгеден өткеруде. Ал ересектерге арналған сабын &ndash 700 теңгеден сатылып жатыр.

 

Сабын еш химиялық қоспасыз жасалатындықтан түрлі тері ауруларына да ем.

 

Бұдан бөлек кәсіпкер сабынның сапасын арттыру үшін оған түрлі пайдалы майлар қосады екен.

 

Енді Кенжебек мемлекет тарапынан қолдау болса, білген-түйгенін кейінгі ұрпаққа үйретсем деп армандайды. Біз жерлесіміздің мақсатына жетуіне тілектеспіз.

 

 

aikyn.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста