Зейнетақы қорындағы ақшаны уақытынан ерте шешіп алуға бола ма?

Зейнетақы қорындағы ақшаны уақытынан ерте шешіп алуға бола ма?

Осыған дейін елімізде ер азаматтардың зейнет жасы – 63, ал әйелдер 58 жастан шығып жүрген еді. Соңғы жылдарда жасалған өзгерістерге сай бұл көрсеткіш біртіндіп өзгеріп жатыр. Нақтылап өтсек, әйелдердің зейнет жасы жыл сайын 6 айға өсіп, 2027 жылға қарай 63 жасқа дейін жетпек. Мысалы, 2018 жылдың басынан бастап 58,5 жасқа толған әйелдер ғана зейнеткерлікке шыға алады. Ал 2019 жылдың басынан 1960 жылдың соңғы 6 айында туғандар 59 жаста зейнетке шығады. Ал 2027 жылы ерлер мен әйелдердің зейнетке шығу жасы теңеседі деп күтілуде. Осы орайда көп адамды ойлантатын нәрсе зейнетақы қорындағы ақшаны уақытынан ерте шешіп алуға бола ма деген сауал.
Өкінішке қарай бүгінгі күнгі жағдайда бұл мүмкін емес. БЖЗҚ АҚ ресми ұсынған ақпаратқа орай, Қазақстан азаматы өз есепшотындағы қаржыны мезгілінен бұрын ала алмайды. Бұл заңмен шектелген. Десе де, 50 жастан кейін зейнетақы қорында жиналған капиталды басқа сақтандыру компанияларына аудару мүмкіндіктері қарастырылған. Бұл да өз салымыңызды толықтай шешіп ала аласыз деген сөз емес.
"Қазақстан азаматы 50 жасқа толған кезде зейнетақы қорындағы капиталын басқа сақтандыру компанияға ауыстыруды шешсе, зейнетақысын ай сайын сол компаниядан алып отырады. Олар да біз сияқты қызмет көрсетеді. Бірақ жекеменшік сақтандыру компаниясы банкрот болған жағдайда, жоғалтқан зейнетақы капиталыңызға біз жауапты болмаймыз", – дейді жауапты орган өкілдері.
Бірақ мұндай тәжірибе басқа елдерде бар. Мысалы, АҚШ-тың зейнетақы жүйесінің ережелеріне орай, ел азаматы зейнетке шыққан жасынан бастап өз есепшотындағы қаржыны мемлекет белгілеген мөлшермен алады. Ал 79,5 жасқа толған кезде оның зейнетақы қорындағы есепшоты жабылып, қалған қаржы жылжымайтын мүлік сатып алу немесе бизнес ашу келісіміне орай, толығымен иесіне беріледі. Одан бөлек, мемлекет белгілеген базалық зейнетақы төлемі ай сайын өмірінің соңына дейін беріліп отырады. Азаматтарымызды осындай басқа елдердің тиімді ұсынысы қызықтырмай қоймайды. Дегенмен бұл алдағы уақыттың еншісіндегі мәселе. БЖЗҚ АҚ ұсынған жүйеге сай, жыл басынан зейнетақы мөлшері 20 пайызға көтерілгеннен кейін ең минимум көрсеткіш 48 396 теңгені құрады. Үкімет шешімі бойынша зейнетақы жыл басында 9 пайызға, ал ағымдағы жылдың маусым айынан 11 пайызға көтерілді. Айта кетсек, елімізде әйелдер 2018 жылдың шілде айынан зейнетке шығу үшін 58,5 жасқа толуы тиіс. Ал 2019 жылдың шілде айынан шығу үшін 59 жаста болуы міндетті. Әйелдердің зейнет жасы осы үдеріспен жылына 6 айға өсіп отырып, 2027 жылға дейін зейнет жасын 63-ке көтеру жоспарланған.

Еркенұр Ерзия

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста