Жергілікті өзін-өзі басқарудың тиімділігі

Жергілікті өзін-өзі басқарудың тиімділігі

Биыл Елба­сы Қазақстанды дамытудың ора­сан зор әлеуетін ашатын «5 ре­форма және 100 н а қ т ы қ а д а м » атты Ұлт жоспа­рын жариялады. Осыған орай, да­мыған әлем елдеріндегі мемлекеттік басқарудың заманауи құралдары мен стандарттары енгізілетін болады. Бұл – қоғамдық қатынастар жүйесін толығымен жаңартатын және «Нұр­лы жол» атты жаңа экономикалық саясат пен индустриялды-инновациялық бағдарламаның жүзеге асуын тездететін маңызды құжат. Аталған ауқымды жоспарды жүзеге асыру үшін өңірімізде облыстық комиссия құрылып, бес жұмыс тобы аудан- ауылдағы ел-жұртты ақпараттандыру бағытында іске кірісіп кетті. Бүгінгі күнде оның нәтижесі де көріне бастады.

Жоспарлы жұмыс аясында әр сала өзінің белсенділігін көрсетуде. Әрине, «Индустрияландыру және экономикалық өсім» бағыты экономиканың барлық салаларында жаңартуды көздейді. Бұл жерде көзделген міндеттер жаңа бесжылдық кезеңде, яғни 2016 – 2020 жылдарға әзірленіп жатқан облыс аумағын дамыту бағдарламасында ескерілді. Осындай бағдарлама әрбір ауданда әзірленуде. Сонымен қатар шағын қалаларды, аудан орта­лықтары мен тірек елді мекендерді дамытудың кешенді жоспарлары аталған бағдарламаны өзек ететінін айта кеткен жөн. «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары аясында жүргізілетін құрылымдық реформалар, дербес бюджет­ті беру ауылдық округ әкімдерінің жұмыс тиімділігін арттыруға үлкен мүмкіндік бермек. Айталық, Жоспардың 35, 36-қадамдар жер қатынастары саласына бағытталған. Онда ауылшаруашылығы бағытындағы жерлерді нарықтық айналымға тарту, шаруашылық нысанын өзгерту және ауылшаруашылығын жүргізуге байланысты объектілердің құрылы­сы кезінде жер телімінің нысаналы бағытын өзгертуді алып тастау көзделеді. Аталған шара­лар келер жылдың 1 шілдесінен бастап жүзеге асырылады. Осы тұрғыдан келгенде, ауылдық және кенттік округ әкімдері пайдаланылмай­тын жерлерді тексеру және қайтару бойынша жұмыстарды жеделдетіп, шаруашылық есебін ретке келтірулері қажет.

Ұлт жоспарының 41, 42, 43, 44, 45-қа­дамдары салық саясатын реформалауға бағыт­талған. Айталық, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және орта бизнеске, ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілерге жүк­телетін салық тәртібі өзгереді. Яғни, барлық ашық базар мен нарық сауданың заманауи нысаны қойма және сауда алаңына арналған аймақтары бөлінген міндетті кассалық аймағы бар сауда орталықтарына ауысатын болады. Ол үшін «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдар­ламасындағы мемлекеттік қолдауға ие қызмет­тің басым түрлері тізіміне сауда объектілерінің құрылысы қосылады.

Индустрияландыру және экономикалық өсімді арттыруға бағытталған 55, 56, 57, 59, 60, 61, 62, 63, 64-қадамдарда озық трансұлттық компанияларды өңдеу секторына тарту, мемле­кеттік «Индустриялды-инновациялық даму» бағдарламасының басым саласында «зәкірлі инвесторлармен» бірге бірлескен кәсіпорын­дарды құру көзделген. «Ұлттық чемпиондар» (62-қадам) бастамасын жүзеге асыру аясында тағам өнеркәсібі, машина құрылысы және құрылыс материалдарының өндірісі сияқты 32 компания таңдалды, оның ішіне біздің өңірден 6 компания кірген. Сондай-ақ, әрбір округте зәкірлі жобаларды жүзеге асыруға отандық және шетелдік инвесторларды тарту үшін эко­номикалық өсім нүктелерін анықтау жұмысы басталып кетті. Өңірлік даму орталығымен бірге өз ауылының әлеуеті туралы ақпаратты сыртқы ақпараттық ресурстарда жариялау, форум, «дөңгелек үстел», келіссөз өткізу және нақты компания мен жаңа өндірісті құру бой­ынша меморандумдар жасау қажет.

Туризм саласын дамыту мақсатына (57-қа­дам) облысымыздағы «Ақбұлақ» орталығы, Алакөл, Балқаш көлдерінің жағажай, сауықты­ру туризмі кірген. Бұл жұмыстарды ширату және ұлттық туристік жобаларды жүзеге асыру үшін ерекше құқықтық тәртіп құрылады. Бұл объектілерге стратегиялық инвесторларды іздестіру қажет. Сүт және сүт өнімдерінің өндірісі және өңдеу (60-қадам) ауылда коо­перация енгізу, сүт-тауарлық фермалардың құрылысы, импорт үлесін азайту және осы салаға стратегиялық инвесторларды тарту арқылы дамиды. Ет экспортын арттыру үшін (61-қадам) өңдеу қуаттарын жаңарту және кеңейту, шикізат базасын дамыту үшін коопе­рация енгізу жұмыстары жүргізілетін болады. Ауылдық округ әкімдерінің міндеттері ұсақ шаруа және жеке қосалқы шаруашылықтарды ірілендіруге ықпалдасып, «Ырыс», «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламаларын жү­зеге асыруға белсенді түрде қатысатын болады. Жемдеу алаңдарының жүктемесін қамтамасыз етіп, мал шаруашылығын дамытудың түрлі жолдары қарастырылады.

Индустрияландыру бойынша барлық ме­желенген шаралар экономикалық өсім нүкте­лерін құруға, ауылдардың әлеуетін арттыруға бағытталған, бұл жергілікті өзін-өзі басқа­рудың дербес бюджетін қалыптастыру үшін мүмкіндік береді. Дербес бюджетке ауысу үш кезеңмен жүргізілетін болады. Бірінші кезең – 2016 – 2017 жылдары ауылдық округтердің салықтық әлеуеттерін күшейту, кадрларды, әдістемелік базаны дайындау жұмысы қолға алынбақ. Екінші кезең – 2018 жылдан бастап әкімшілік-аумақтық құрылымды оңтайланды­ру және халық саны екі мың адамнан астам округтерде дербес бюджетті енгізу басталады. Яғни, мемлекеттік бюджеттің төртінші дең­гейі пайда болады. 2020 жылдан басталатын үшінші кезеңде жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілді органдарын құру және барлық жерлер­де дербес бюджетті енгізу көзделуде. Қазіргі уақытта, облыста 738 елді мекенге кіретін 246 ауылдық және 7 қалалық округ бар. Оның 184 округіндегі халық саны екі мың адамнан астам, 69 округте екі мыңға жетпейтін адам тіршілік етеді. Айта кетерлігі, дербес бюджетті қалыптастырмас бұрын оның тиімді жоспарын және қаражатты тиімді жұмсау мақсатындағы әкімшілік-аумақтық құрылысты оңтайландыру жұмысын шешіп алу керек. 2013 жылдан бері ауыл әкімдеріне дербес кірістерін қалыптастыру мүмкіндігі берілді. Ол үшін түсімдерді есепке алуға және жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын жүзеге асыруға бағытталған шығыстарды өткізуге арналған қолма-қол қаражаттың бақылау шоты (ҚБШ) ашылған. Қаражат ауылдарды абаттандыруға және елді мекендердің басқа да қажеттілігіне бағыт­талды. Енді ауылдық округ әкімдері түскен қаражаттарды жергілікті қоғамдастықпен бір­лесе отырып жаңа жұмыс орындарын құруға, округті дамытудың кешенді жоспарындағы іс-шараларды қаржыландыруға жұмсауы тиіс.

Қазақстан Республикасының 2014 жыл­дың 28 қарашасындағы Заңына сәйкес, облыс және аудан бюджетіне түсетін салықтың төрт түрі – жеке табыс салығы, жеке тұлғалардың мүлкіне, көлігіне және жеріне салынатын са­лықтар үстіміздегі жылдың 1 сәуірінен бастап жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қарамағына берілді. Берілетін салықтар бой­ынша есепке алу, мониторинг және есептілік тәртібі ЖӨБ органдарына трансферттер беру ережесімен бекітілді. Бұл салықтар бойынша түсімдер көлемі биыл шамамен 6,5 млрд. теңгені құрайды деген болжам бар. Осы қа­ражаттар есебінен ағымдағы жылдың қазан айынан бастап жергілікті өзін-өзі басқару органдары оқушылар тасымалдауды ұйымдастыру және елді мекендерді санитарлық тазар­туды қамтамасыз ету жөніндегі шығындарды қаржыландырмақ. Тасымалдау шығындары мектептерге дейінгі қашықтықты, рейстер санын, жанар-жағармай құнын ескере отырып анықталады. Сондай-ақ, санитарлық тазартуға қоғамдық орындарды тазалау, ағаштарды қию және әктеу, қоқыс төгу орындарын жою және қалпына келтіру, қоқыстарды шығару жатады. Бұл жұмыстарды орындау және шығындарды есептеу облыс әкімінің қаулысымен бекітілген, облыс аумағын абаттандыру ережесімен рет­теледі. Өз округінде салықтың толық түсуін бақылау үшін әкімдер салық салу объектісінің уақытылы есебін жүргізуі керек. Бүгінгі күнге әлеуметтік сала объектілері толығымен паспортталды. Әлі де жолдарды, суару жүйелерін паспорттау жалғасуда. Мүлікті беру жөніндегі барлық жұмысты ағымдағы жылдың аяғына дейін аяқтау қажет.

Ауылдық округтер әкімдері балабақша қызметін қамтамасыз ету, сумен қамтуды ұйымдастыру, жарықтандыру, тазалықты қамтамасыз ету, елді мекендердің автожолы­ның жұмыс жасауы, мәдени және спорттық шараларды ұйымдастыру сияқты бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру мәселесін зерделеу және пысықтаулары қажет. Бюджет­тік заңнамаға сәйкес, ауылдық округ әкімі бюджеттік өтінімді жетекшілігіндегі салалар бойынша аудандық бөлімдерге ұсынады. Ары қарай әрекет етуші бюджеттік жүйе бойынша жұмыс жүргізеді. Айталық, шығыс бөлігін есептеу кезінде бір ауылдық округтің кірісі шығысынан айтарлықтай артық, ал екіншісін­де кірістер шығыстарын жаба алмайтындығы анықталды делік. Бұл жерде, бюджеттік ко­дексте пысықталып жатқан, бюджетаралық қатынастарды реттеу тетігін қолдану қажет­тілігі туындайды. Ауылдық бюджеттерді қа­лыптастыру кезінде жергілікті өзін-өзі басқару органдары оған белсенді қатысуы тиіс. Өңірде 2013 жылдан бері Қаракемер ауылдық окру­гінде пилоттық тәртіпте ақсақалдар, әйелдер, жастар кеңесі, пәтерлердің меншік иелерінің кооперативі, көше комитеті құрылды. Бұл осындай жұмыстың нәтижесі.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Заңы­на сәйкес жергілікті қауымдастықтың жиынын өткізу ережесі әзірленіп, аудандық мәслихат шешімімен бекітілді. Көше комитетінің өкіл­дері болып жергілікті қауымдастық жиналысы­ның 9 мүшесі сайланды. Олардың қатысуымен «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында, «Жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылай қол­дау» бюджеттік бағдарламасы жүзеге асырылу­да, мұнда жобаларды таңдауды жиындарда халықтың өзі жүргізеді. Қаржыландыру ли­миттері халық санына тепе-тең ауылдық округ әкіміне дейін жеткізіледі. Ауылдық округ әкімі жергілікті қауымдастық жиналысына бөлінген қаражат көлемі және оларды бекітілген ереже­ге сәйкес бағыттау мүмкін болатын жұмыс түрі туралы хабарлайды. Атап айтсақ, 2012 – 2015 жылдары жергілікті қауымдастық шешімімен 582 ауыл қамтылған құны 4,0 млрд. теңге тұра­тын 616 жоба жүзеге асырылды. Сумен қамту жүйесін қалпына келтіру, мектеп жанындағы спорт алаңдарын жөндеу, мал қорымдарын, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын жайластыру, жолдарды, парктерді жөндеу және зираттарды қоршау жұмыстары жүргізілуде. Ауылдық әкімдік қызметкерлері аталған жұ­мыстарды орындауға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыратын конкурстық құжаттаманы дайындайды.

Осы ауқымды жоспарларды жүзеге асыру үшін стратегиялық даму жоспарымен және дербес бюджетті әзірлеумен айналысатын білікті мамандар қажет болады. Бір сөзбен айтқанда, ауылдық әкімдік қызметкерлері бір уақытта менеджер, экономист және қаржыгер болуы тиіс. Сондықтан, кадрлардың білік­тілігін арттыру, қайта даярлау мәселесі күн тәртібінен түспек емес. Ауылдық және қала­лық округ мамандарын мемлекеттік басқару академиясының курстарында және өңірлік мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау орталығында оқытуды келесі жылдан бастау жоспарлануда. Қазір жергілікті жерлерде түсін­діру және әдістемелік жұмыстар жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстың да лайықты деңгей­де атқарылатынына сенім мол.

 

Н. САТЫБАЛДИНА,

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста