Жері - құнарлы, шұбаты - шұрайлы

Жері - құнарлы, шұбаты - шұрайлы

Түйенің сүті барлығымызға қолжетімді деп айта алмаймыз. Әсіресе, қала тұрғындары шұбатты ауылдан іздеп, әуре-сарсаңға түсіп жатады. Шұбатты ауыл, қала тұрғындарына қолжетімді еткен кәсіпкер Нұрлан Серікбайұлы осыдан алты жыл бұрын түйе сүтін өңдеуді қолға алады. Отырар ауданы Маяқұм ауылында орналасқан "Үсенов Н" шаруа қожалығы бүгінде шұбатты бір литрлік ыдысқа құйып, сатылымға шығарады, - деп хабарлайды "Алаш айнасы" rgmedia.kz порталына сілтеме жасап.

Әрине, кәсіпті бастау оңайға соққан жоқ. Қожалық иесі алдымен Түркіменстаннан 376 бас асыл тұқымды "Дромодер" түйелерін әкеліп, ауыл жайылымына бейімдеген. Кейіннен "Үдемелі индустриялық-инновациялық даму" бағдарламасына жүгінген ол мамандардан кеңес алып, кәсібін өркендетуге қаражат алады. Аталған қаржыға тәулігіне 5 тоннаға дейін шұбат дайындайтын арнайы заманауи қондырғы сатып алған. Алғашқы жылдары 400 тоннаға дейін шұбат өндірсе, енді оны 500-ге жеткізуді көздеп отыр. Қазір мұнда 2500 литр шұбат өндіріледі. Түйе сүтінің адам денсаулығына пайдасының зор екені айтпасада түсінікті. Бiр литр шұбат ересек адамның В1, В12 және С дәрумендеріне деген қажеттілігін қанағаттандыра алады. Дәстүрлi сусын сонымен қа­тар iшек, бауырды тазалап, өт жолда­рының жұмысын жақсартады. Қыш­қыл бөлудi тездетiп, асты жылдам қорытуға септiгiн тигiзедi. Айран мен сүтке қарағанда, тиiмдiлiгi ана­ғұрлым жоғары болады екен. Қымыз және сиыр сүтiнен жасалатын өнiмдерге қарағанда, шұбаттың құнарлы заттары өте көп. Мәселен, бiр литр түйе сүтiнде 911 ккал болса, бие сүтiнде - 528, сиырдікі - 660 ккалория­ны құрайды.
Алдағы уақытта қожалық 460 бас асыл тұқымды ойсыл қараны да көбейтсек деп отыр. Отырар ауданындағы тағы бір кәсіпорын - «Гүлмайра» шаруа қожалығы шұбатты «Отырар Шұбаты» сауда белгісімен шығарып жатыр. Мұнда тәулігіне оған қоса 750 литр қымыран да өндіріледі. Бір айда сүт өнімінің жалпы көлемі 22 тоннаны құрайды.  

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста