Көрінген атомның алыстығы жоқ

Көрінген атомның алыстығы жоқ

Атом саласы Қазақстан экономикасының «локомотивіне» айнала ала ма және оған қажеттілік қандай? Адамзаттың электр қуатын атомнан алу жолындағы ізденісі – білім мен ғылымның ең үлкен жетістігінің бірі екеніне дау жоқ. Бүгінті таңда дамыған елдер «жасыл» экономика қағидасын тіршіліктің басты құндылығы ретінде қарайды. Оған біз осыдан төрт жыл бұрын Австрия Республикасына Қазақстан журналистерінің арнайы сапары кезінде анық көз жеткіздік.

Қай зауытқа, қай қалаға барсаң да «жасыл» экономика ұстанымының басты идеяға айналғанын көрдік. «Жасыл» экономика философиясы тек қана экономика саласы ғана емес, барша халықтың нық ұстанымына айналыпты. Ал, зауыт, фабрикалар «жасыл» мағынасы жоқ жобалардан бас тартады. Рас, «жасыл» қағидасын енгізу біраз шығын талап ететіні сөзсіз. Мәселен, біз Австрияның бизнес өкілдерінің алдында қыс маусымында энергия өндіру мәселесін қозғадық. Басты сауалымыз: Қазақстаннан арзан газ бен мұнай алу - жылу мен энергия мәселесін оңтайлы шешуге жеткізбес пе еді?

«Ондай мүмкіндікті жоққа шығармаймыз. Бірақ, ол елдегі «жасыл» көзқарасқа қайшы. Біз, ең алдымен, адам мен оны қоршаған ортаға зиян тигізбейтін, жоғары технологиямен жұмыс істейтін жобаларға бейілміз. Оның шығыны аз емес. Тіпті сол жоғары технологиямен жұмыс істеу үшін жоғары білікті мамандарға қажеттілік туып отыр. Ондай шығыннан да қашпаймыз. Ол білім мен ғылым саласын тың серпіліске жеткізді» дейді кәсіпорын қожайындары. Осы сапар барысында, біздер, Қазақстан баспасөзінің өкілдері тұрмыстың қатты қалдықтарынан өнім өндіретін кәсіпорындардан бастап, су электр стансасындағы алып турбиналар шығаратын зауыттарға дейін араладық. Барлық жердегі меншік иелері мен мамандардың көкейін тескен басты мәселе - «жасыл» экономика тұжырымына сай болу. Өндіріс орындары ұстаған бағыт сондай. Яғни, білім мен ғылым да соған бейімделген. Әр өндіріс орнында осы мәселені ғылыми жүйелейтін, экономикалық жағынан негіздейтін адам бар. Өйткені, заманауи технологияны жоғары білікті маман ғана жүргізуі керек. Бүгінгі білікті маман сол саланың ғылымынан да хабардар. Басқаша бола алмайды.

Қазақстан журналистері көбінесе экономикалық тиімділік мәселесін көтерді. Жергілікті мамандардың жауабының түп-төркіні біреу: «жасыл» экономика қағидасына сай жобаларды ғана жүзеге асырамыз». Алғашында, «жасыл» экономика философиясына негізделген мұндай бүкілхалықтық ұстаным бізге таңсық көрінген. Біраздан соң оған үйреніп алып, өзімізше ой толғай бастадық. Сонда жасаған бірінші түйін мынадай: жаңа технологияға негізделген «жасыл » экономика тұжырымы бүкіл экономика саласында тың серпіліс туғызады екен. Сөйтіп, бұрынғыдай ауыр индустрия емес, ғылым мен білімге негізделген мүлде жаңа салалар экономиканың «локомотивіне» айналатын көрінеді. Бұл білім мен ғылым саласын жаңашылдыққа бастап, жаңа сападағы жоғары білікті мамандар даярлауға жеткізеді екен. Енді осынау заманауи тұжырым қалыбын, стандартты Қазақстан экономикасына салып көрсек. Бүгінгі заманға сай Қазақстан экономикасының «локомотиві» болуға сай келетін сала деп қайсын айтуға болады?

Иә, қазақ елінің атом саласы осы қағида бойынша дамуға барлық көрсеткіш, параметрлері бойынша сай келеді. Себебі, Қазақстан әлемде уран өндіру бойынша бірінші, ал оның қоры бойынша екінші орынды иеленеді. Ұлан-ғайыр қазақ даласында бүгін уран өндіретін 50-ден астам кен орны бар екен. Мысалы, 2019 жылы еліміз 22 808 тонна уран өндірген. Бұл әлем бойынша өндірілген уранның 41,66 пайызы. Бұл дегеніміз орасан дүние, ғажап потенциал! Зерттеушілердің айтуынша, алдағы 50 жылда энергия өндіретін көмірсутектер – мұнай мен газ қоры азайып, түгесіледі. Ал, ядролық реакция кезінде түзілетін энергия көлемі көмірсутектер беретін қуаттан бірнеше есе көп. Атом энергетикасы жаңа технологияны дұрыс қолданған кезде экологиялық жағынан қауіпсіз болады. Яғни, бұл жасыл экономиканың құрамдас бөлігі болып табылады.

Қою қара түтіні будақтаған жылу электр стансаларының айнала қоршаған ортаны қалай ластайтыны айтпаса да түсінікті. Атом электр стансаларынан шығатын қалдық пен улы заттар жылу электр стансаларымен салыстырғанда 5-10 есе аз. Тіпті, жылу электр стансаларының радиация бөлуі атом энергетикасынан 20 есе көп. Міне, сондықтан да қазір 40 мемлекетте атом саласы бойынша зерттеу жүргізіліп келеді. МАГАТЭ-нің деректеріне сүйенейік: соңғы 10 жылда әлемде 15 атом электр стансасы салынып жатыр. Соның басым көпшілігі мықты қарқынмен дамып келе жатқан елдердің еншісіне тиеді. Мысалы: Қытай – 9, Үндістан – 2, Бразилия – 1, Жапония – 1 стансаның құрылысын жүргізіп жатыр. Осы деректің өзі болашақта бұл саланы өрістетудің экономикалық тиімділігі қандай болатынын көрсетеді. Ал, атом саласындағы жаңа технологияларды зерттеу мен қолдану – ғылым мен білім саласына үлкен серпіліс, тың ізденістер туғызатыны айтпаса да түсінікті. Иә, Қазақстанның атом саласын дамытуға мүмкіндіктері көп. Бірақ кедергілер де аз емес. Оның ең бастысы, атом саласындағы кадр мәселесі, жоғары білікті мамандардың аздығы екенін сарапшылар айтудай-ақ айтып келеді.

Әрине, ауызды құр шөппен сүтуге болмас. «Казатомөндіріс» АҚ мұрындық болуымен бірқатар оқу орындары атом саласына маман дайындауға кірісті. Ұлттық ядролық орталық пен «Атом өнеркәсібінің халықаралық ғылыми-оқыту орталығы» бар. Оқу орталықтарын атап өтетін болсақ: Ақтау мемлекеттік университеті, Шәкерім атындағы Семей мемлекеттік университеті, Серікбаев атындағы Өскемен мемлекеттік техникалық университеті, Қазақтың Әл-Фараби атындағы Ұлттық университеті, Қазақтың Сәтбаев атындағы Ұлттық Техникалық Университеті және Гумилев атындағы Евразия Ұлттық Университеті. Оған қоса Ресейдің бірнеше жоғары оқу орындарында мамандар дайындалады. Бірақ, 1990 жылдары Кеңес одағы қираған кезде атом өндірісі де қиын кезеңге тап болғаны белгілі. Жоғары білікті мамандар басқа елдерге кетті, басқа саланы игеруге көшті. Сөйтіп, 10 жыл бойы кадр тапшылығы айқын сезілді. Бірте-бірте атом өндірісіне жастар келе бастады. Мамандар қазақ жастарының үлесі көбейгенін мақтанышпен айтып жүр. Дегенмен, атом өндірісінде болған қадр тапшылығын аз уақытта қалпына келтіру оңайға түспесі анық. Оның үстіне ядролық технология жыл санап жаңарып отыруға тиіс. Уақыт талабына сай маман кадрлардың білімі мен білігін жетілдіру керек. Оны ғылыми зерттеусіз жүргізу қиын. Әлемдік ғылыми орталықтардың жетістіктерін игеру де керек. Жалпы, ядролық технологияны жетілдіру үшін арнайы, терең ғылым саласының дамуы қажет екені анық. Бұл өте үлкен, үздіксіз әрі тізбекті шаралар кешені. Соңғы жылдары атом саласында бұл кешенді шаралар қолға алынды.

 Атомға да ақсақалдар керек. Бұл әзіл емес, шындық. Осыдан біраз жыл бұрынғы қиындықтан алып шыққан білікті мамандардан үйренетін дүние аз емес. Бұл дәстүр де атом саласында назардан тыс қалған жоқ. Дегенмен де  еліміздің стратегиялық даму жоспарында ядролық отын тізбекті тікелей толық жүйелі компания құру мақсаты көзделген. Ол тізбекті, циклды Атом Электр Стансасы тұйықтауы керек. Шынын айтсақ ел экономикасындағы жетекші орынға шығып, атом энергиясын өндіретін елге айналу үшін бізге кен орны мен зауыттағы мамандармен қатар, ядролық реактор мен энергетикалық қондырғылар, ядролық материалдарды сақтау мен қолдану, физикалық құралдардың электроникасы мен автоматикасы салаларының жоғары білікті мамандары қажет. Онсыз, стратегиялық жоспар үдесінен шығу қиын.

Міне, осындай шаралар кешенін жүзеге асырған кезде Қазақстанның атом саласы бәсекеге қабылетті, әлемдік нарықтағы белді ойыншыға айналады. Иә, қазір де қазақ елінің атом саласымен көбі есептеседі. Дегенмен де біз әлі шикізат нарығындағы белсенділердің біріміз. Болашақтағы мақсат, атом энергетикасы бойынша ат шаптырым ұзап кеткен елдердің қатарына қосылу. Оған уақыт пен ұмтылыс, ғылыми ізденіс пен жігер керек. Көрінген таудың алыстығы жоқ дейді қазақ. Дәл солай. Сол мәтелді бүгінгі уақытқа бейімдейтін болсақ, көрінген атомның алыстығы жоқ

 С. Ақынжанов

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста