1,3 мыңнан астам британдық полицей тергеліп жатыр

1,3 мыңнан астам британдық полицей тергеліп жатыр

Англия мен Уэльсте 1,3 мыңнан астам полиция қызметкері қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Соңғы 10 жылда тергеуге алынған британдық құқық қорғаушылар саны 590% өскен, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Observer газеті жүргізген тексеру көрсеткендей, 2022 жылы Англия мен Уэльстегі 140 мың қазіргі және бұрынғы тәртіп сақшылары мүше болған полиция қызметкерлері қауымдастығы қылмыс жасады деген айып тағылған қауіпсіздік қызметкерлерінен 1387 құқықтық қолдау туралы мәлімдеме алғанын анықтады.

 

Сондай-ақ, газет деректері 2012 жылдан бастап полицейлерге қатысты тергеу саны 590%-ға өскенін көрсетіп отыр.

 

10 жыл бұрын полиция қызметкерлері қауымдастығынан тек 235 құқық қорғау қызметкері заңды қолдау сұраған.

 

Жаңа деректер британ қауіпсіздік күштеріне қатысты жанжалдың көбеюі аясында ашылды.

 

Қаңтар айында тек елордалық полицияда 800-ге жуық офицерге қатысты сексуалдық және тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 1 мың өтініш тексерілетіні белгілі болды.

 

Бұл ретте Лондон полиция басқармасының 150 қызметкері сексуалды сипаттағы әрекеті немесе нәсілшілдігі үшін тергеуге алынған.

 

Осы айдың басында Лондонның бұрынғы полиция қызметкері Дэвид Кэррик кем дегенде 12 әйелді зорлағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған болатын.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста