24 жастағы жігіт 12 жастағы "сүйіктісін" жүкті еткен
АҚШ-тың Оклахома штатында 24 жастағы ер азамат 12 жасар қызды жүкті еткен. Оның бұл ісі екіқабат қызды ауруханаға әкелген кезде әшкере болған. Қазіргі таңда полиция ер адамның үстінен қызды зорлады деген айыппен қылмыстық іс қозғаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
Америкалық ер азамат босандыру үшін 12 жастағы жүкті “сүйіктісін” ауруханаға өзі ертіп әкелген көрінеді. Алайда дәрігерлер полицияға дереу хабар берген.
24 жастағы Хуан Миранда-Джараның сөзінше, олар қызбен 2020 жылдың қазан айынан бері кездеседі екен. Бұған қоса, ол баланың әкесі болуға дайын екенін жеткізген.
“Олар балалы болған соң, құдды бір жас жұбайлар секілді қуанышты болды”, – дейді полиция қызметкері Дэнни Бин.
Басылым мәліметінше, Оклахома штатында жыныстық қатынасқа 16 жастан бастап түсуге болады.
Қазіргі таңда ер азаматқа қызды зорлады деген айып тағылып, полиция бөліміне жеткізілген. Жеткіншек қызды жүкті еткені үшін оған тағы бірнеше айып тағылуы мүмкін.
“Хуан Миранда-Джараның кейбір туыстары оның кәмелетке толмаған қыздың жыныстық қатынасқа түсіп жүргенін білген. Бірақ олардың ешқайсысы қарсылық білдірмеген”, – жазады ағылшын басылымы.